Көңілдестерім. Таксист Мереке

Дос қыздың туған күнінен шығып, такси тоқтаттым. Таңғы сағат бестегі бағыма артқы есігі мыжылып қалған күрең «Опель» тоқтады. Машина таңдап кергіп тұратын жағдайым жоқ болғандықтан, отырып алдым. Қол-аяғы ұзын, сырықтай арық жігіттің біресе құлағымдағы гауһартас сырғаға, біресе мойынымдағы алтын алқаға, біресе қолымдағы «Айфонға» қарашықтарын жүгіртіп келе жатқанын сезе қойдым. Тонап кете ме деген қорқынышымды сездіргім келмей:
— Інім, алдыңа қарасайшы, жолдан шығып кетерсің,-деп немқұрайлы сөйлеп, өзіне сенімді адамның кейпін көрсетіп қоямын. Тіпті қорықпақ түгілі, көкемнің төрінде жатқандай отырғышты шалқайтып қойып керіліп жатып алдым. Бір кезде қарашықтары жылтырақтан ажырап, сандарыма түсті.
— Ұнай ма?-дедім. Үндемеді.
— Ал, енді ше?-дедім сосын, көйлегімнің етегін одан сайын жоғары көтеріп.
Жаңағы қорқыныштың орынын менің кезекті әуесқойлық сезімім басып үлгерді. Үйге де келіп қалған екенмін, таң да атып қалыпты. Үстіңгі қабаттағы орыс кемпірдің таңмен ерте тұрып алып, балконда отыратыны есіме түсті де, миыма жетіп келген әуесқой азғын қиялымды тежей қойдым. Ақшасын төлеп машинасынан түсіп бара жатыр едім, әй-шәй жоқ:
— Менікі 21 сантиметр,-деді. Бұл жігіттің әңгіменің тек нүктесін ғана қойып айтатын қасиетін бағаладым.
— Телефон нөміріңді берсейші,-дедім.
Темекімнің қорабына жазып алмақшы болғам, ішіндегі бір тал қалғаны және оны үйге кіргенше шегіп тастап, қорабын лақтырып кететінімді ойлап, сумкамнан көз бояйтын қарындашты алып, саныма жазып алдым.
Бір күні звондадым. Атымды айтқаннан-ақ есі шығып:
— Жақсы болды хабарласқаның,-деп қайта-қайта айта бергенін-ақ осы уақытқа дейін тағатсыздана күтіп жүргенін түсіндім.
Үйге шақырып алдым. Келді. Үстіне арзан әтірді аямай сеуіп алыпты. Ас үй жаққа қайта-қайта қарап қояды. Мен оны қазан көтеріп, әспеттеп күтіп отыр деп ойлаған шығар. Қарыс жарым мүшесі болғаны үшін мен оны құрметпен күтіп алуым керек пе екен әлде? Мен басымнан небір тағдыр өткен бәтшағармын, сондықтан мүшенің ұзындығын құбылыстай қабылдамайтыным белгілі. Денесі сырықтай арық, әлжуаз, ақсары келген жігіттің бойында осыншалықты күш тасып жатыр кім ойлаған? Біресе арба итерген адамның кейпінде, біресе ағаш жоныған сүргі бейнесінде, кейде жорға аяңға басып, тағы бірде қолтығы сөгілгенше шабатын тұлпар бейнесіне еніп әбден шаршатты. Тоқтатқым келіп, иығынан тістемек болғам, ауызымды иегімен басып:
— Үйде әйелім біліп қалады,-деп маған ырық бермеді. Бір кезде барып, қолындағы арзан металл сағатына қарап:
— Иопты, 31 минут! – деп таңдайын тақ еткізіп бір қағып, басын шайқап жіберді. Өзіне риза кейіппен әлі жатып үлгермеген қарыс жарым мүшесін билетіп, секіре басып жуынатын бөлмеге кетіп бара жатты. Мұндай өзімшіл болармысың? Төсектегі өзімшілдік жазалануы тиіс. Жерде жатқан ақшыл жейдесінің арқа тұсынан бір сүйіп, ерінімнің қып-қызыл далап ізін қалдырдым. Оны көрмей қалып жатса деп сақтандыру мақсатында шаш түйрегішімді джинсы шалбарының артқы қалтасына салып жібердім. Алаңсыз киініп жатып: — Қалай ұнады ма?-деп қояды. Сосын ойына бір нәрсе түсіп кеткендей ауыр күрсініп:
— Таксилеткен қиын. Қазір машинасы бардың бәрі таксист. Тұрақты жұмыс жоқ. Машинамның да моторы сыр беріп жүр,- деді.
Ішкі ниетін сезе қойдым. Жасым отыздан асып бара жатқан, жағдайы тәуір мен сияқты бір бейбақ қыздың басын төсекпен дуалап алып, кем-кетігін бүтіндеп аламын деген ғой. Оның үстіне бір көрген адам есі ауып аяғыма құлап түсетіндей көрікті емес екенімді қосыңыз. Дәмесі ауылдағы Дәмелі кемпірдің дамбалындай дәу екен.
— Енді қашан хабарласасың?-деді.
— Білмеймін,-деп есіктен шығарып салдым. Ол зая кеткен 31 минутына өкініп, табындыра алмаған 21 сантиметр мүшесіне лағнет айтып, ұнжырғасы түсіп кетіп бара жатты. Ал, мен үстіме сіңіп қалған оның жағымсыз иіс суынан жүрегім айнып, жуынатын бөлмеге кіріп кеттім.
bk
ой, білә )))))))))))))))))))))))
-деген шешімге келдім.
жазбайм енді ештеңе.
қыздарды түсінбейсің, алдында "қаттырақ" — дейді, сосын «аййй, жайрақ» — дейді)))))
давай, кімге беру керегін сауалнама бастап шешейік