Көңілдестерім. Таксист Мереке

Дос қыздың туған күнінен шығып, такси тоқтаттым. Таңғы сағат бестегі бағыма артқы есігі мыжылып қалған күрең «Опель» тоқтады. Машина таңдап кергіп тұратын жағдайым жоқ болғандықтан, отырып алдым. Қол-аяғы ұзын, сырықтай арық жігіттің біресе
Әрі қарай

Туған күн..... Такси - 2

Театрды жаным сүйеді. Әр барған сайын рухани азық аламын. Мұңды жерлері болса, көзімнен еріксіз жас кетеді, көңілді болса, менен асқан бақытты жан жоқтай ерекше бір күй кешемін. «Сәкен сұңқар» тарихи драмасын көрудің сәті түсіп, бір топ қыз болып барып қайттық. Алған әсерді айтып жеткізу мүмкін емес, табиғатым шынында нәзік екен-ау, (беріле тамашалап, көзімнен еріксіз жас ағып жатқанына), қынжылып отырсам, ер адамдардың да пысылдап отырғандығын байқадым.
Подробности

Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Көктем — халық қажеттілігінің ауысар тұсы: қыста қажет болған дүниелер көктемде мүлде іске аспай қалады немесе керісінше. Әсіресе, күнделікті біз елей бермейтін кей қызметтер мен тауарлар күн жылыған сайын қолданыстан сытыла береді. Көктем — табиғат жаратылысына ғана емес, кәсіпкерлердің қалтасына да өзгеріс алып келетін мерзім.
Астана қаласының бірнеше бизнес қызметкерлерінен сұхбат алып, көктем олардың тұтынушыларын қалай өзгертетінін білген едім.

Адамдар көктемде арақ-шарапты азайтады

Нұрбек, азық-түлік дүкенінің сатушысы
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Адамдардың тамақ жеуіне жыл мезгілі қатты әсер етпейді ғой, барлық кезде бірдей. Бірақ, күн жылығанда адамдар ішімдік сатып алуды азайтады, айран, сүзбе сияқты сүт өнімдері көбірек өтеді.

Қыздар күн жылыған соң көшеден-ақ такси ұстай салады

Сағи, такси жүргізушісі
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Қыста күніне 18-22 шақырту түсетін, қазір 14-ке әрең жетеді. Қызметіміз ауа райымен тығыз байланысты. Біздің басты клиенттеріміз қыздар ғой, олар қыста қысқа не жеңіл киініп шығады да, көшеде такси ұстап тұра алмайтындықтан бізге хабарласады, әсіресе, кешкісін көп хабарласатын қыста. Күн жылынған соң ол қыздар көшеден-ақ такси ұстай салады. Көктемде клиенттеріміз азайып кетті. Алдында қыздарды қыдыруға апарып-алып келіп жүрсек, қазір тек жұмысқа баратын-келетін адамдарды, қала қонақтарын тасимыз.

Адамдар қолөнермен күн жылығанда айналысатын сияқты

Сұңғат, қолөнерге арналған бұйымдар сатушы
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Қыста базарда суық болған соң ба, клиенттер аз болады. Меніңше, олар қолөнермен күн жылығанда көбірек айналысатын сияқты. Қыста күніне 20-30 адам келсе, қазір күніне 80-100 адам келеді. Өзіміз де айына бір рет әкелетін тауарды күн жылығанда көбейтіп, айына үш-төрт рет әкелеміз.

Көктем — тұсаукесер тойының мезгілі

Азиза, тойбастарға арналған бұйымдарды сатушы
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Тойбастарға салатын заттар қысқа қарағанда көктемде көп өтеді. Әсіресе, қыз ұзату, үйлену және тұсаукесер тойларына арналған бұйымдарды алады, тұсаукесер тойы басым. Сүндет той көктемде мүлде болмайды. Қыста күніне 10 адам ғана келсе, қазір 50 адамға дейін тойбастар бұйымдарын алып кетеді.

Көктемде дәріден гөрі витамин көп өтеді

Сәуле, дәріханашы
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Клиенттеріміз көктемде азайып кетті. Қазір ауру азайып, адамдар ағзасын әлдендіру үшін витаминдерді көп алады. Бірен-саран тұмауға, қан қысымының ауруларына арналған дәрілерді сұрап қалады. Көктемде гормондардың әсерінен жыныстық қатынасқа қажетті заттар да көбірек сұраныста.

Адамдар іш киімін көктемде көбірек ауыстырады

Сұлушаш, іш киімдер сатушы
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Қыста сауда үйлерінде өтетін шығар, базарда тауар мүлде өтпейді. Қазір көбейіп жатыр, енді басталады ғой. Әйелдер, әсіресе, қыздар іш киімдерін ауыстырып жатқан сияқты. Негізі бәріне керек зат қой бұл.

Көктемде халық арықтау үшін де жаяу жүруі мүмкін

Гүлзира, кондуктор
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Күн жылыса, адамдар жаяу жүреді ғой. Мысалы, арықтау үшін, ақша үнемдеу үшін. Қазір автобусымызға мінетін клиенттер азайды. Қыста суықтан қашып та мінетін еді, қазір тек жұмысқа баратын және қайтатын уақыт, түнде біз жұмыстан қайтар уақытта адам көбейеді. Күн ұзарған сайын біздің режим де ұзарады да, кинодан, серуеннен, басқа да жерден қайтқан адамдар автобусқа мінеді.

Көктемде қозғалыс көп болған соң «тысқа шығу» да көбейеді

Оля, базардағы әжетхана қызметкері
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Жабық ғимаратта отырсақ та, қыста адам аз болды. Қазір екі есеге көбейді. Күн жылынды ғой, адамдар көп су ішеді де, әжетханаға көп барады. Алдында тек жалға алғанымыз үшін төлейтін ақшаны ғана өтейтін едік, енді пайда түсіре бастаймыз. Көктемде күніне 200-ден аса адам келіп жатыр.

Күн жылынды — Астанаға келетін қонақтар көбейеді

Айгүл, пәтерлерді жалға беруші
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Пәтерлерді қыста да көп алатын, қазір одан сайын көбейіп жатыр. Астанаға келетін қонақтар көбейеді енді. Әсіресе, мейрамдарда бір жасап қаламыз, ол кезде бағаны да едәуір көтеріп тастаймыз ғой. Конкуреттеріміз де күннен-күнге артуда. Ақша табатын мезгіл келгенімен бәсекелестер кедергі келтіреді.

Қазір күніне 15 адамға дейін қызмет көрсетемін

Гуля, жезөкше
Блог - aikarakoz: Көктем - кей бизнестің басы, кей бизнестің аяғы

Қыста күннің суығында тоңатын едік, қазір тоңбаймыз. Көшеде тұруға да көп уақыт кетпейді. Кейде тіпті «мама Роза» үйден шығармай, бірінен кейін бірін тізіп, клиенттер тауып қояды. Қазіргі клиент санын нақты айта алмаймын, санамадым. Шамамен, күні-түні 15 адамға дейін қызмет көрсетемін, кейде түн бойына алып кетеді мені. Ал, кейде сағатпен емес, 20 шақты палка ғана болады.
Әрі қарай