Түркістан мемлекеті

Қазіргі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның территорияларын қамтитын ортақ бiр мемлекет болғанын қалар ма едің?

Түркістан мемлекеті

Бөлісу:

16 пікір

Adiletshu
Күндерін әзер көріп отырған мемлекет халықтарын асырап қайтмеміз
Ereimen
Саны жиырма миллион өзбекпен қосылсаң, сонда түркістанді қазақ билейді деп ойлайсың ба? армандапсың онда бұл жердің көкесі ала шапанды ағайын болады. ал бұндай ойды ойлаудың өзі қорқыншты
MickThatsMyNick
Қазіргі жағдайымыз жақсы ғой, Қазақстан ішінде Түркістан бар дегендей.) Оның үстіне дамуымыз шығыс, оңтүстік емес, батыс елдеріне қарай болғаны жөн ғо.
ken
Мысалы, оңтүстіктің қытайы мен солтүстіктің қытайы бір-бірін түсінбейді. Бірақ екеуі де қытай. Жеке-жеке мемлекет болып бөлініп алмаған. Бір кездері бөлек-бөлек патшалықтар болған, иә. Бірақ кейінірек барлығы бір ту астына біріктірілген. Үндістанда да сондай. Үндістанның бір шетіндегі үнді ол елдің екінші шетіндегі үндінің тілін ұқпайды.
Біз, түріктер, неге бөлініп алғанбыз? Егер бір мемлекет болсақ, Қытай мен Үндістан секілді алып бір ел болар едік.
Біз бөлініп жатқан кезде оған дейін жеке-жеке мемлекет болып жасап келген орыс князьдіктері бірігіп жатты. Солай күшейіп кетті. Сол арқылы бір орталықтан бөлініп кеткен біздерді қарамағына кіргізіп алды. Қазір енді дегенін жүргізіп отыр. Яғни «бөлінгенді бөрі жейдінің» өзі болды.
satibaldi
Сопылықты уағыздайтын жазба екен.
qonyrbai
Дұрыс айтасыз. ШиИТТІКке ден қойдыңыз ғой. Дұрыс айтасыз. Қосыламын-осырамын.
bizbike
Иә деп өзің ғана ма жауап берген? Өзіміз әрең отырмыз руға бөлініп. Қырғыздарды қосып алуға болады, бір халықпыз ғой, бірақ өзбектермен қосылсаң, біттің дей бер. Айтпақшы, осындай бір сұрақ көтеріліпті ғой, сонда өзбектің бір оқымыстысы, бізден бөлінгендер бізге қосылу керек депті ғой.
ken
Өзбек, қырғыз, қарақалпақтарға Қазақстан азаматтығын алуды жеңілдетіп, оларға да оралмандарға берілетін ақша мен жеңілдіктер берілуі керек. Бірақ азаматтық алу үшін оларға нақты шарттар қойлады. Олар: жаңа құжатта ұлты қазақ етіп жазылатын болады, балаларын қазақ мектептеріне береді, мемлекет қоныстандырған өңірге қоныстап қалуы тиіс. Ал егер азаматтықты/мемлекет көмегін алып алып, артынша қайтадан еліне қайтқысы келсе, онда барлық дүние-мүлкі Қазақстанда қалады. Еліне жалаң аяқ қайтады.
Ресей азаматтығын алғысы келетін қырғыз-өзбектер көп екен. Егер Қазақстан оларға осындай шарттармен азаматтық беретін болса, бұл ұсынысты қабыл алатындардың саны көп болатын болса керек.
bizbike
Бәрі ойлағандай болмайды ғойі. Қандастарымыздың өзін көшіре алмай жатқан жоқпыз ба, қор қылып байғұстарды. Айтпақшы төлқұжат демекші, бір орыс төлқұжатыма қазақ деп жазғысы келгенде, ол мүмкін емес деп, жаздырмай қойыпты, ал енді не істейсің?
ken
Енді ол орыс қой. Қазақ, өзбек, қырғыздар секілді түрк емес.
Егер ол орысты біздікілер қазақ қылып жазғанында, соны алға тарта отырып, өздерін орыс қылып жазғысы келетін мәңгүрт қазақтардың табылатынына сенімдімін. Сондықтан қазақ болып жазылу мүмкіндігі тек ортақ түбірі бар түркілерге ғана беріледі деп жазылу қажет заңға.
bizbike
Жарайды, ұлтты төлқұжатта көрсету мәселесін қоя тұрып, жай ғана көшіруді қарастырайықшы. Олар түгілі шетелден келген қазақтарды көре алмайды ғой жергіліктілер, оралмандарға неге жер беріледі, олар қиын кезде қашып кетті, енді жағдай түзелгенде келіп жатыр деп. Онымен қоймай шенеуніктердің өздері квоталарына жету үшін түрлі кедергілер жасап, азаматтық бермей, талай қазақ сенделіп жүрген жоқ па солай. Тым жақсы мамандығы бар, бірақ базар жағалап жүрген қандастарымыз қаншама отаныма оралдым деп. Сонда ғой мәселе.
ken
Жергілікті жақтырмаушылардың болуы заңды. Олардың жақтырмауы оралмандардың оралуына кедергі бола алмайды. Ал кедергі келтіріп отырған шенеуніктерді сонысы үшін жауапқа тартып отырса, кедергілер жойылады.

Жалпы тақырыпқа қайта оралсақ, өз ойым мынадай.
Түрік деген байырғы атауларына оралған османлылар секілді біздің де сол бұрынғы атауымызға оралғанымызды қалаймын. Қазақ, өзбек дегендердің бәрі сол түріктер. Түрлі себептермен, солардың ең бастысы — хан ұрпақтарының менмендігі кесірінен бірнеше мемлекеттерге бөлініп, ондағы халық өздерін сол хандықтың атымен атап, солай бүгінгі қазақ-өзбектер тб-ларға бөлініп кеткен.
Шыңғысханның Шайбан деген немересінің ұрпағы — Өзбек деген бір керемет мықты хан болған. Алтын Орда құлағаннан кейін ол ханның бір ұрпағы — Әбілқайыр хан — Өзбек ханның атымен аталатын хандық құрды — Өзбек хандығы. Әбілқайырдың билігін мойындағысы келмеген, өздері ел билегісі келген Керей мен Жәнібек — екеуі Шыңғысханның тағы бір немересі Тоқатемірден тарайды — Өзбек хандығынан бөлініп кетіп Қазақ деп аталатын хандық құрып, өз амбицияларын қанағаттандырады. Үлкен ордадан бөлініп кетті. "Өзбек — өз ағам" деген сөз сол кезден қалса керек. Сол заманда Өзбек хандығы мен Қазақ хандығының этникалық құрамы бірдей болған. Екі хандық — бір халық. Екі мемлекет құрамында қалған рулар өздерін сол мемлекеттің атымен атайтын болған. Жоғарыда сен айтқан өзбек оқымыстысының «бізден шыққандар бізге қайтуы керек» деп отырғаны осы. Алайда ол оқымысты бір нәрсені ескермепті. Алғашқы өзбектердің тіліне қазіргі өздерін өзбекпіз деп жүргендердің тілінен көрі қазіргі өздерін қазақ/ноғай/қарақалпақпыз деп жүргендердің тілі әлдеқайда жақын. Өйткені қазіргі өзбектердің тіліне тәжік тілі қатты әсер еткен. Олардың тілін түсінуімізді қиындататыны сол тәжік сөздерінің көптігі. Сондықтан ондай оқымыстыларға айтарым: басқаларды өзбек болуға шақырудан бұрын, алдымен өздері нағыз өзбек болуға тырысқандары жөн. Өйткені қазір олар «тәжіктенген өзбектер» болып тұр. Османлылар қайта түрік атауына оралғанда тілдерін тазалаған екен. Көптеген араб-парсы сөздері түркі сөздеріне алмастырылыпты. Өзбектерге де осылай жасауға болады.
bizbike
Келісемін әрбір сөзіңмен, бірақ бәрі де олай ойлай бермейді. Гәп сонда ғой. Бәрінен бұрын мен тіпті түрік ағайындарымызбен қосылуға келісемін, олардан үйренеріміз көп. Жай қиял ғой.
boztorgai
бiр мемлекет болғанын қалар ма едің
мақұл делік.
ал оны басқару тетігін ойластырдыңдар ма
артық бейнет қажет емесау сол