«31 арна» романтикалық шытырман оқиғалардың тұңғиығына сүңгуге және өткен заманға саяхат жасауға шақырады!

12 сәуір күнгі шытырман оқиғаға толы кинокөрсетілім – сенбілік кешті көңілді әрі қызықты өткізуге таптырмас мүмкіндік. Эфирде нон-стоп режиміндегі қатарынан үш фильм.

Блог - 31arna: «31 арна» романтикалық шытырман оқиғалардың тұңғиығына сүңгуге және өткен заманға саяхат жасауға шақырады!

Кинокөрсетілімді 16.30-да «10 000 лет до нашей эры» фильмі бастайды. Ежелде тауда өмір сүретін тайпалар заманында жас аңшы Д’Лех Эволет есімді сұлу қызды – өзінің махаббатын жолықтырады. Бірде белгісіз соғысқұмар тайпа ауылға шапқыншылық жасап, Эволетті ұрлап кетеді. Сол кезде соғысқа жаны құмар тайпаны жердің түбінен болса да тауып, сүйіктісін құтқару мақсатында, Д’Лех жанына бірнеше аңшыларды жинап, жорыққа шығады. Тағдырдың жазуымен жауынгерге айналған тәжірибесіз жігіттер жолдарында азуы алты қарыс жолбарыстармен және тарихтан бұрынғы жыртқыштармен айқасып, жорық соңында Жоғалған Өркениетті іздеп табады. Олар әйгілі қараниет империяға тап болады. Бұл қиялы жүйрік тайпа көкке ұмсынған ұлы пирамидалар құрылысын салып жатыр екен. Сол жерде жас сарбаздар халқын жермен-жексен еткен құдыретті құдаймен айқасқа түседі.

Блог - 31arna: «31 арна» романтикалық шытырман оқиғалардың тұңғиығына сүңгуге және өткен заманға саяхат жасауға шақырады!

Шытырман оқиғалы фэнтези жанрын жаны қалайтындар үшін Жюль Верннің романы бойынша түсірілген «Путешествие к центру земли» фильмін ұсынамыз. Фильмнің басты рөлін «Мумия» деген жалпы атауы бар картиналар сериясы бойынша танымал актер Брендан Фрейзер шебер сомдап шыққан. Інісі Макстың ұшты-күйлі жоғалып кеткеніне алаңдаушылық танытып жүрген жас профессор Тревер – аталмыш фильмнің басты кейіпкері. Осы себеппен інісін іздеп жолға шыққан Тревер сапар барысында Жердің кіндігіне тап болып, мұнда мүлде басқа өмір бар екенін анықтайды. Ол өзінің түйсігін және басқа әлемге жол көрсетеді деген сеніммен жазушы Жюль Верннің кітабын басшылыққа алады. Оқиғаны арнамыздан 19.30-да тамашалай аласыздар.

Блог - 31arna: «31 арна» романтикалық шытырман оқиғалардың тұңғиығына сүңгуге және өткен заманға саяхат жасауға шақырады!

Ал 21:30-да 31 арна көрермендерінің алдына шытырман оқиғалы «300 спартанцев» триллерімен әйгілі актер Джерард Батлер шығады. Біздің заманымызға дейінгі 480 жылы Фермопилалар жерінде болған қанды қырғын кезінде ержүрек 300 спартандық патшалары Леонидтің қолбасшылығымен парсы патшасы Ксеркстің мыңдаған әскеріне қарсы шығып, туған жерін ерлікпен қорғайтыны туралы жалынды картина. Парсы әскері санының көптігіне қарамастан, спартандықтар қаһармандық пен ерлік танытып, кеудесінен жаны шыққанша жерін қорғайды. Олардың жанқиярлық ерліктерін көрген бүтін Грекия халқы бас біріктіріп, ортақ жауларына қарсы шығып, Грек-Парсы соғысында жеңіске жетеді.

Отбасымен бірге 12 сәуірде тамашалайық!
Бөлісу:

8 пікір

zholantai
үшеуін де көргенмін, «300 спартандықты» қайта көремін, ақыры кешкілік уақыт екен, үйде болсам
neoaskar
біріншісі көруге тұралық па
zholantai
жоқ, мал кино, диалогы быт-шыт,
Abilakim
Тақырып тым қысқа секілді…
zholantai
кімнің қойған тақырыбы екенін барлайқЧ
Dzhonsaken
Соңғы 1 жылда бірінші рет кино көрдімо Онда асығыс-үсігіс шәй үстінде. Бірақ туындыға риза болдым. Атақты 70-80 жылдардағы хокейші В.Харламов туралы «Легенда №17» деген тарихи кино. Көруге кеңес беремін. Испанның жиені Валерий 1948 жылы туылып, 1981 жылы 33-жасында жұлдыздай жарқырап Мәскецу қаласының маңында өзінің мем.нөмірі 00-17 Газ-24 көлігімен жол апатына ұшырып, сол жерде қайтыс болады. Ел аузындағы аңыз бойынша 2000 жылдарға дейін сол маңнан өткен көліктер Харламов зиратына көлік сигналын бір басып өтеді екен. Неге екені белгісіз бұл үрдіс 2000-нан бері қарай азайыпты…
zholantai
ресей киноларын көре алмаймын, неге екенін,
Emilia
Нонстоп — жарнамасыз ба?