«31 арна» романтикалық шытырман оқиғалардың тұңғиығына сүңгуге және өткен заманға саяхат жасауға шақырады!

12 сәуір күнгі шытырман оқиғаға толы кинокөрсетілім – сенбілік кешті көңілді әрі қызықты өткізуге таптырмас мүмкіндік. Эфирде нон-стоп режиміндегі қатарынан үш фильм.

Блог - 31arna: «31 арна» романтикалық шытырман оқиғалардың тұңғиығына сүңгуге және өткен заманға саяхат жасауға шақырады!
Әрі қарай

Жазда оқылған кітаптарға шолу - 2

1.Атауы: Вокруг света в 80 дней
Жанры: Қызықты оқиғалы /приключение/
Авторы: Жюль Верн
Құны: 450 тг /«Меломан», Мега/
Сюжеті: Филеас Фогг атты нағыз ағылшын азаматы достарымен бір күні жер бетін 80 күнде айналып шыға алатындығына бәстеседі. Сөзге берік, аса сабырлы Филеас сапарға өзінің жаңа қызметшісі француз Паспартуды да ала кетеді. Дәл сол кездерде Англия банкінен үлкен сомада ақша ұрланғаны туралы хабарлар тарап жатқан еді. Қожайын мен қызметшісі жолда түрлі оқиғаларға тап болады. Олардың ізінен Филеас Фоггты банкті тонаған ұрлықшы деп қате санаған Фикс атты барлаушы жүріп отырады. Кітапта олар Үнді елін, Америка қалаларын, екі мұхитты басып өтеді.
Ұнағаны: Кітап ағылшындарға тән керемет юморға, иронияға толы. Елдердің, халықтардың психологиялары мен салт-дәстүрлері де әдемі баяндалған.
Қосымша: Джеки Чан ойнаған аттас фильм бар екенін білесіздер. Алайда ол кітаптан тыс дүниелер көп қосылғандығы туралы википедиянан оқып білдім, қызық туынды болар деп сенемін.

2.Атауы: Айвенго
Жанры: Жартылай тарихи роман /яғни тарихи кезеңдерді арқау ете отырып, ойдан шығарылған кейіпкерлер мен тарихи тұлғаларды өзара біріктіре баяндау/
Авторы: Вальтер Скотт
Құны: 590 тг /«Меломан», Мега/
Сюжеті: Ортағасырлық Англиядағы сакстар мен норманндар арасындағы қақтығыстардың тарихи фонында крест жорығынан құпия түрде үйіне оралған және әкесінің еркімен мұрасынан айырылып қуылған жас рыцарь Айвенгоның абыройы мен леди Ровенаның махаббатын қайтару жолындағы ерлігі баяндалады. Оған көмекке Арыстан Жүректі Ричард пен аңызға айналған Робин Гуд көмекке келеді.
Ұнағаны: Кітаптан соң ортағасырлық тұрмыс пен тарихқа, патшалар өмірі мен Вальтер Скоттқа деген қызығушылық пайда болды. Біраз тарихи мағлұматтармен, сол дәуірдің психологиясына, әдеттерімен танысуға жақсы кітап.
Қосымша: «Айвенго» атты кеңес дәуірінің фильмі бар.
Кітаптар жұқа мұқабалы, сондықтан бағасы да едәуір арзан. 2080 теңгеге 4 кітап: осы екі кітап және Леонардо да Винчидің сурет өнері туралы қолжазбалары мен О.Генридің әңгімелерін алғанымда өте қуандым. Да Винчидің ой толғаулары тап-таза суретке арналған, техникалық және психологиялық қырлары туралы, перспектива, пейзаж салу т.б. тақырыптар қозғалған. Ал О. Генри — ол бөлек тақырып. Сүйікті екі американ жазушымның біреуі болып табылатын Генри мырзаны мектеп кезінен бастап жақсы көремін.
Әрі қарай