Үкіметті жамандау науқаны

Блог - Daniar-Alan: Үкіметті жамандау науқаны

Қызық осы біздің жұрт

Науқан болмаса тірлік бітпейді. Былтыр ғана "қаланы таза ұстау мақсатында" көшеде шылым тартқандар мен түкіргендерді, шешімше (пісте, семечки) шаққандарды топырлатып 2 тәулікке жауып тастады. 1-ақ тәулікте 800 (!) адамды . Бұл «науқан» бірақ 3-ақ күнге созылды.

Осы аптада тағы басталды.
Бұл жолы тірлік ауқымдылау. Президент барлығын сынағаны сол, БАСТАЛДЫЫЫЫ
Үкіметті сынаңдар деп үкіметтің өзі тапсырма берді  Ия, ия солай! Бұл Қазақстан, сәбби
Алдымен «Хабарлықтар» бастады, сонымен кеттііі  
Жақын досым айтады: «Кеше Шымкентті көрсетіп жатыр, журналист „Нан неге қымбаттай береді?!“,-деп жыламсырап тұр, 1-2 кемпірді сөйлетіпті, „Үкімет қайда қарап отыр“ сарындас әңгіме сол баяғы»  Өмір — театр
Айдос Сарым фейсбуктегі бетшесінде: «Дожил до тех дней, когда звонят из правительственных и нуротановских СМИ и просят покритиковать правительство. Жизнь прожита не зря. Я то ладно, переживу. А если эти газеты привыкнут?»,-депті  

Қызық… бір айға созылар бұл науқан, сосын сол баяғы сарындағы «дамыпжатырмыз» әңгімесі қайта басталар ма екен?!
Бөлісу:

17 пікір

Aya
Бір мүйізі сынық, былтыр бұқа асыла бергенде жалт етіп қашам деп бір көзін ағызып, соқыр болып қалған, қара-ала сиырымның жоғалғанына үш ай болды. #Үкіметқайдақарапотыр? дейді бір кемпір)))
© Ержан Байтілес
bizbike
ай бәсе, неге ХАБАР мен ҚАЗАҚСТАН сондай әңгіме айтып жатыр десем, науқан екен ғой
Daniar-Alan
әлгі шы мұртты ағайдың орнына келген, соны түсіріп, жалпы кландық қақтығыстарды жойып орнына басқа біреу келеді деген өсек естіп келдім жаңа
bazuka
тәк-тәк кім келеді екен деген өсек күтеміз енді
Aldeken
Данияр, не ғо, адресің бұрынғы ғой, ия? Бара жатыр жігіттер саған қарай… )))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Daniar-Alan
көшкеткем
Aldeken
жұмыс істейтін жеріңді білеміз ғо
Daniar-Alan
атам десең атыңдар,-десең
asaubota
жігіттер бұл оқиғаны дұрыс түсінбеген сияқты
AknietTanirbergenkyzy
Бұл бірінші рет болып отырған жоқ қой, болған, және бола береді да. Табиғи заңдылық!!!
astana2
шешімше (пісте, семечки)
қазақша шекілдеуік сияқты еді ғой!!!
Abilakim
Өкімет пен Үкімет біреу ме?
ereke_enu1
Жоқ бір емес. Үкімет — атқарушылар(Мәжілістің сыңары), Өкімет деп, жалпы, билікті айтса керек.
ArailymKalen
иә, "#Үкімет_қайда_қарап_отыр" деген Хэштег хит болдығой!)))
patick
Бұндай державаны жау алмайды, өздері абсурдтан-ақ қырыла салады