Үкіметті жамандау науқаны

Блог - Daniar-Alan: Үкіметті жамандау науқаны

Қызық осы біздің жұрт

Науқан болмаса тірлік бітпейді. Былтыр ғана "қаланы таза ұстау мақсатында" көшеде шылым тартқандар мен түкіргендерді, шешімше (пісте, семечки) шаққандарды топырлатып 2 тәулікке жауып тастады. 1-ақ тәулікте 800 (!) адамды . Бұл «науқан» бірақ 3-ақ күнге созылды.

Осы аптада тағы басталды.
Бұл жолы тірлік ауқымдылау. Президент барлығын сынағаны сол, БАСТАЛДЫЫЫЫ
Үкіметті сынаңдар деп үкіметтің өзі тапсырма берді  Ия, ия солай! Бұл Қазақстан, сәбби
Алдымен «Хабарлықтар» бастады, сонымен кеттііі  
Жақын досым айтады: «Кеше Шымкентті көрсетіп жатыр, журналист „Нан неге қымбаттай береді?!“,-деп жыламсырап тұр, 1-2 кемпірді сөйлетіпті, „Үкімет қайда қарап отыр“ сарындас әңгіме сол баяғы»  Өмір — театр
Айдос Сарым фейсбуктегі бетшесінде: «Дожил до тех дней, когда звонят из правительственных и нуротановских СМИ и просят покритиковать правительство. Жизнь прожита не зря. Я то ладно, переживу. А если эти газеты привыкнут?»,-депті  

Қызық… бір айға созылар бұл науқан, сосын сол баяғы сарындағы «дамыпжатырмыз» әңгімесі қайта басталар ма екен?!
Әрі қарай