Қиялымдағы Ұлттық Құрама

Ұлттық Құраманың әр жеңілісінен кейін айтылып жатады ғой «тек қазақтар ойнау керек» деп. Шынымен солай болса қалай болар еді? Қиялдап көреміз бе?

Мен мынадай нұсқа жасап көрдім:

Футбол, тек қана футбол!: Қиялымдағы Ұлттық Құрама

Қақпада: Самат Отарбаев
Қорғаушылар: Данияр Мұқанов, Самат Смақов, Азат Нұрғалиев
Ортада: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Қайрат Әшірбеков, Нұрбол Жұмасқалиев, Ұлан Қонысбаев
Шабуылда: Дәуренбек Тәжімбетов, Таңат Нөсербаев

Қосалқы құрамда: Алмат Бекбаев, Мұрат Мұқашев, Алдан Балтаев, Исламбек Қуат, Мақсат Байжанов, Асхат Борантаев, Жамбыл Көкеев, Абат Айымбетов, Аслан Дарабаев, Қуаныш Бегалин, Тоқтар Жаңғылышбай

Бас бапкер: Талғат Байсуфинов
Көмекшілер: Ойрат Садуов, Асқар Қожабергенов
Бөлісу:

30 пікір

patick
Нөсербаевтың бұрынғыдай жылдамдығы жоқ. Шығарып берген пастарды әрі алып кете алмас еді деп ойлаймын
torgai
Негізі жинаса бар екен ғой. Бұлардың бәрі де доп тебе алатын жігіттер. Кезінде Бахтияр Байсейітовтың кезінде мұндай болмағанда. Қазір қайдан болсын…
asaubota
қарап отырсам қорғаушы мен қақпашы жоқ екен бізде. ортада ойнайтындар толып жүр.
konvict
Ұлан бұрынғыдай ойнай алмай қалды. Көп алданып қала береді
Ispek92
Осы құрама жақсы негізі, ұтылса қазағымыз ұтылған деп жүре беретін
Adiletshu
Қайрат Нұрдәулетов қайда?
asaubota
жұмыста ол
MERmukhanov
Өналды қоса салмадың ба?)
asaubota
азаматтығы жоқ оның
Abilakim
Тоқтар Жаңғылышбайды «аснавнойға» шығару керек
konvict
Иә, Тоқтар жақсы ойнайды екен
Adiletshu
-------------Бекбаев-----------
Даутов Кургулин Смақов Шмидгаль
-------Қуат----Байжанов--------
Қоныспаев--Исламхан------Көкеев
---------Тәжімбетов------------
MERmukhanov
шіметкәл де))

Серікжан Мұжықов пен Мұрат Сүймағамбетов неге жоқ????

Максим Жалмағамбетов қорғаныста ойнаушы еді, қазір қайда екен?? Тілешев ше? Тимур Досмағамбетов деген бала да бар еді.\

Әлішер Тәжібайұлы футболды тастап кеткені өкінішті.
Соңғы түзету:
asaubota
Әділеттен басқа ешкім құрама шығармай ма?
konvict
Қақпашы мен қорғаушы таппай отырмын  Жоғарыдағы қақпашылардың ойынын көрмеген екенмін
konvict
Дрим-тим былай болды.
konvict
Қақпашыны өтірік қоя салдым. Шынымды айтсам, қазақ қақпашыларды танымайды екенмін(((
MERmukhanov
отарбаев бойшаң, салмақты қақпашы. норм
asaubota
Бекбаев екеуінен басқа ешкім жоқ былай нормально
Arys_arlany
Таңат Нөсербаев ОҚО Созақ ауданының тумасы деп естігенмін. Студент кезімізде Ордабасының құрамында қосалқы құрамда отырып, екінші таймда ойыншылармен орын алмасып шығатын. Бірақ өте еңбекқор еді. Гол салмаса да шабуылда Сүйімағанбетовты алмастырып, жүгіріп жүріп, 10 минутта Сүйімағанбетовтың бүкіл матчтағы жүгірген жоспарын орындап қоятын. Алғаш гол салғаны да есімізде. Өзінің еңбекқорлығының арқасында осында нәтижеге қол жеткізген, көз алдымызда өскен деп жатады ғой, сондай ойыншының бірі Нөсербаев! Оның еліміздің басты құрамасында бар күшін салатынына сенімім мол.
Daniar-Alan
Таңат Нөсербаев ОҚО Созақ ауданының тумасы деп естігенмін.
дануна. Менім Созағым
asaubota
бүгін ФБдағы пікірлерден де түсінгенім бізге «кілең қазақтар ойнау керек» деп айту үшін әлі ерте. қарап отырсаңыз қақпашы түгіл дұрыс қорғаушыларымыз да жоқ, жақсы шабуылшы да. сондықтан бұл әзірше тек қиял ғана.
konvict
Бізде әлі жақсы опорник жетіспейді.
Adiletshu
------------Сидельников-----------
Кислицын, Логвиненко, Смақов, Шмидгаль
-------Қуат----Шахметов------------
----------Исламхан------------------
Финонченко----------------Қоныспаев
-------------Хижниченко-----------
MickThatsMyNick
Аймбетовты екінші таймда шығару керек, қай дрим-тим болса да.)
asaubota
дұрысы Әймбетов екен. соңғы қайрат матчында фамилиясын солай жаздырып шығыпты

User
Тек оңтүстіктің балдары ойнау керек па?
mercedes
Роман Мұртазаев қазақ па екен?
mercedes
Қақпада: Алмат Бекбаев
Қорғаушылар: Алдан Балтаев, Самат Смақов, Азат Нұрғалиев, Абзал Бейсебеков
Ортада: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Нұрбол Жұмасқалиев, Жамбыл Көкеев
Шабуылда: Дәуренбек Тәжімбетов, Роман Мұртазаев(қазақ болмаса онда Нөсербаев)

Тренер: Талғат Байфусинов
Резерв: Самат Отарбаев, Мақсат Байжанов, Қуаныш Бегалин, Қонысбаев, Исламбек Қуат, Әшірбеков, Дарабаев
ODMI4
Көкеев пен Байжановты негізге қою керек