USB-флешкіге үлкен файлдар көшіру
Жұмыс аптасы бітті. Алда екі күн демалыс бар. Ешқандай жоспарыңыз болмағасын, үйде отырып кино көруді ұйғардыңыз делік. Мониторға телміріп отырмау үшін телебизірден көргіңіз келді. Құдай қарасқанда, арт жағында USB жалғайтын ұясы да бар екен. Бірақ…
Аяқ асты эстеттігіңіз ұстап қалып, фильмді жоғары сапамен көргіңіз келеді. Не болмаса, телебизіріңізбен бірге келген 3D-көзілдірікпен көздің жауын алар кескіндерден рақаттанғыңыз келіп қалды. Енді, «көксәуле»* дискілерін сатып алуға ақша болмағасын (әрқайсысы кемінде 5000 теңге), BDRip қылып сығылған көшірмелерін Интернеттен алдыңыз (3D форматында видео файлының салмағы орта есеппен 7-8 ГБ тартады). Керек фильмді компьютерге жүктеп алған соң, флешкіге көшіріп ала қояйын десеңіз — ом мане… көшірілмейді! Өз көзіңізге сенбей (Енді ше, өйткені флешкіңіздің сыйымдылығы 8 ГБ немесе тіпті бақандай 16 ГБ қой!), тағы қайталадыңыз — нәтиже жоқ. Жоғарыдағыдай хабарлама шыға береді.**
Мұндай кезде:
1. «Мой компьютер» немесе «Компьютер» қалтасын ашамыз.
2. Флешкінің белгішесінің үстінен тышқанның оң құлағымен басамыз да, пайда болған контекст мәзірінен Форматировать тармағын таңдаймыз.
3. Шыққан терезеде төменде көрсетілген NTFS тармағын таңдаймыз да, Начать түймесін басамыз:
Болды. Енді файлдарды флешкіге үлкендігі қандай екеніне қарамастан көшіре беруге болады
Флешкіні телебизірдің USB ұясына жалғаймыз да, көрген фильмнің әрбір пикселінен және динамиктен шыққан дыбысының дыбысшықтарынан ләззат аламыз
Тәсіл тексерілген. Сенімділігі — 100%!
*Blu-ray
**Мұның себебі — флешканы жаңадан сатып алған кезде, оның файлдық жүйесі FAT32 форматында келеді. Ол файлдық жүйе әрқайсысы 4 ГБ болатын кластерлерге бөлінген және көлемі одан үлкен болатын файлдарды мүлде қабылдамайды.
Суреттерді Google Кескін арқылы тексеріп әуре болмаңдар: бірінші суретті мына жерден, екінші суретті мына жерден алдым
Фейсбукқа да жазған едім, осында да Керек© болып қалар.

Торрент-трекерлерде әйтеуір рип жасағандар файлдардың барлық плеерде ойнатылатын-ойнатылмайтынын алдын ала ескертіп қояды. «Совместим со всеми бытовыми плеерами» деген жазуы бар тақырыптағы файлдарды қорықпай ала берсе болады
Бір рет салмағы 2,9 ГБ фильм алып, телебизірден қараған кезде файл қанды ішкен: көріп тастаған жерлерді өткізіп жіберейін десең, өткізілмейді. Бастан аяқ көріп шығуың керек. Компьютерде ойнатсаң, еш ондай мәселе жоқ. Дәл сондай көлемді фильмдер компта да, телебизірде де ондай мәселе тудырған емес.