USB-флешкіге үлкен файлдар көшіру

Блог - omarbirat: USB-флешкіге үлкен файлдар көшіруЖұмыс аптасы бітті. Алда екі күн демалыс бар. Ешқандай жоспарыңыз болмағасын, үйде отырып кино көруді ұйғардыңыз делік. Мониторға телміріп отырмау үшін телебизірден көргіңіз келді. Құдай қарасқанда, арт жағында USB жалғайтын ұясы да бар екен. Бірақ…
Аяқ асты эстеттігіңіз ұстап қалып, фильмді жоғары сапамен көргіңіз келеді. Не болмаса, телебизіріңізбен бірге келген 3D-көзілдірікпен көздің жауын алар кескіндерден рақаттанғыңыз келіп қалды. Енді, «көксәуле»* дискілерін сатып алуға ақша болмағасын (әрқайсысы кемінде 5000 теңге), BDRip қылып сығылған көшірмелерін Интернеттен алдыңыз (3D форматында видео файлының салмағы орта есеппен 7-8 ГБ тартады). Керек фильмді компьютерге жүктеп алған соң, флешкіге көшіріп ала қояйын десеңіз — ом мане… көшірілмейді!
Әрі қарай