Қожа Ахмед Ясауи кесенесіне шолу

Интернетке Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне шұғыл жөндеу жұмыстары қажет деген ақпарат шыққан кезде біраз адамның елең ете қалған еді.
Өткен апта сәті түсіп кесенені көріп қайттым. Кесенеде әдеттегідей құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Кей жерлерінен дуалдың тұзданғандығы /кесененің орналасқан жері кебір болғандықтан тұздану заңдылық/, жауын суының кей бұрыштарды мүжігені көрініп тұр. Тіпті маңдайшаның артқы беті жарылып оны құрсап тастағанын да байқадым.Блог - Janasil: Қожа Ахмед Ясауи кесенесіне шолу
Ол жарықтар орыстардың шабуылы кезінде пайда болған екен. Біреу емес бірнеше жерде бар екен ондай жарықтар. Олар сырттан көрінбейді.
Түріктер құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде бірнеше есіктердің бекітілген. Есіктер кейін қайта қалпына келтірілген.
Кесененің күмбезі бұрын қоңыр түсті болған екен.
Блог - Janasil: Қожа Ахмед Ясауи кесенесіне шолу
Қызметкерлердің айтуынша кесененің құлағалы тұрған ештеңесі жоқ. Бәрі дұрыс. Жарықтар кеше бүгін пайда болған жоқ. Бұрыннан бар дейді. Интернеттегі жазба басшылардың арасындағы келіспеушіліктен туындаған.

Осы,

Суреттерді толықтай ФБ дан көре аласыздар.
Бөлісу:

4 пікір

satibaldi
біраз адамның елең ете қалған еді.
Ом манэ, қай жерлері???
satibaldi
Есімде, есімде Абат-Байтақты қалпына келтіру жұмыстарына хабарландырумен дайын ЖШС сатывалған жігіттер, есімде...