Мешіт сайтында онлайн-имам Ораза Chatbot-ы қосылды

Блог - Rafaello: Мешіт сайтында онлайн-имам Ораза Chatbot-ы қосылдыЕлімізде алғаш рет мешіт сайтында Ораза chatbot-ы қызметі қосылды. Chatbot қолданушылардың оразаға қатысты түрлі сұрақтарына лезде жауап береді. Жоба және идея авторы Жангелді мешітінің аты-шулы атеист имамы Серік Эдуардұлымен сұхбаттасқан едік.

— Ассалаумағалейкүм уа рахматуллахи уә баракатуху Сәке!
— Саламатсыз ба?

— Ораза chatbot-ы туралы толығырақ айта кетсеңіз?
— Шыны керек бұл біз үшін жақсы шешім болды. Жыл сайын адамдарға бір сұраққа мың рет жауап беруден шаршап кеттік. «Оразаны бұзатын нәрселер нелер?», «Су ішіп қойсам оразам бұзыла ма?», «Рамазан айында жыныстық қатынасқа рұқсат бар ма?», «Түкірігімді жұтып қойдым, оразам бұзыла ма?», «Етеккір кезінде ораза ұстауға болады ма?» сияқты сұрақтарды естісем психологиям бұзыла бастады. Ең дұрыс шешім онлайн имам арқылы шешу болды. Қолданушылар осы тәріздес сұрақтарды мың рет жазса да чатбот мың рет жауап береді түк қиналмай. Бұл бір жағынан тез жауап болады және бір жағынан біздің де уақытымызды алмайды.

— Қалай пайда болды бұл идея?
— Бір күні Билайнның сайтында тарифтерді қарап отыр едім. Сайттың бір бұрышында Дана деген қыз сұрақтарға жауап береді екен. Бірнеше сұрағыма тұшымды жауаптар алдым. Кейін мұның робот екенін түсіндім. Біздің сайтқа да осындай нәрсе керек екен дедім.

— Сайт қолданушыларының саны өсіп жатқан шығар?
— Иә, Ораза кезінде 3 есе көбейді. Бірақ жаман сөздер, боқтық-балағатты, анайы сұрақтар жазып кететіндер де бар. Дегенмен көпшілікке пайдалы болып жатырғаны анық.

— Істеріңізге береке берсін, Рамазан айындағы барлық игі тірліктеріңіз, дұғаларыңыз қабыл болсын!
— Рахмет.

Аксель Көшімхан
«Сыр ақшамы»
Бөлісу:

32 пікір

Abilakim
Дамыған молда екен. Астында тойота сороковка болар кем дегенде…
konvict
Негізі сұраққа жауап беріп отыратын арнайы адамдар да болатын болса керек. Бір-екі рет шетелдік университеттің консультантымен әжептеуір әңгімелескенмін сайттағы чаты арқылы. Қазақстан туралы сұрап миын ашыттым, ақыры жеке почтасын бермей қойды
Abilakim
Айғаным апайға атқан +ларыңызды мына имамға да ата отырыңыздар
Соңғы түзету:
UlykbekAliakbaruly
ссылкасы барма екен, сұрақ қойып миын ашытатын…
zholantai
пайда болу идеясы ат екен, Дана деген қыз, хахаххахахахаххахахахха
dark_nazgul
хехе.Өткенде бас мүфти осындай шұғыл желі қосылады, ораза уақытында тәулік бойы кеңес алуға болады деп өзі айтқан.
Rafaello
Чатбот емес онлайн-консультант болар?
dark_nazgul
иә. Онлайн консультант.
Rafaello
Сізді қайтадан ұнатпай бара жатқан сияқтымын
neoaskar
Бұл имам қай өңірде, қай ауылда екен, білетін адам бар ма?
asaubota
Сыр ақшамы дегеніне қарағанда Қызылорда облысы болуы керек
neoaskar
Оны түсіндім, бірақ Сыр ақшам деген газет не сайт жоқ, өзім Қызылордалықпын ғой, мүмкін осы мақаланың авторы өзі айтар қайда екенін
Rafaello


dark_nazgul жауап берсін осы сұраққа
Соңғы түзету:
bazuka
атеист имам дұрыс шешім жасапты
Ereimen
Сілтеме қайда қай сайтта ашылпты
asaubota
мен Рафаэллоға жазылатын пікірлерден кайф аламын
Rafaello
Мен де
neoaskar
Мешіттің қай қалада, қай ауылда екенін жаз, әйтпесе
Armanjan
сен де қоймайды екенсің қазбалап.
asaubota
Рафаэллоның ең алғашқы жазбаларынан бастап оқып шық, жауабын табасың
Tyulpan
asaubota, тыныш отырыңыз ))
dark_nazgul
Өз сайтыңа көшіріп салып қояйын деп пе едің?
kariim
«Жангелді мешіті»
beka95
бұрындары мүфтият.кз-ке сұрақ жолдайтын бар еді. қазір алып тасғаба?
araika
Сыр елінде ала алмай жүрген өші бар ма деймін осы Рафаның?
Aldeken
Бұл имам қай өңірде, қай ауылда екен, білетін адам бар ма?
бірақ Сыр ақшам деген газет не сайт жоқ, өзім Қызылордалықпын ғой, мүмкін осы мақаланың авторы өзі айтар қайда екенін
Мешіттің қай қалада, қай ауылда екенін жаз, әйтпесе

Уахахахахахахахахахахахахахахахахахахахаха, neoaskar , өртейсің…
kariim
Өртеніп кететін шығармын