Мешіт сайтында онлайн-имам Ораза Chatbot-ы қосылды

Блог - Rafaello: Мешіт сайтында онлайн-имам Ораза Chatbot-ы қосылдыЕлімізде алғаш рет мешіт сайтында Ораза chatbot-ы қызметі қосылды. Chatbot қолданушылардың оразаға қатысты түрлі сұрақтарына лезде жауап береді. Жоба және идея авторы Жангелді мешітінің аты-шулы атеист имамы Серік Эдуардұлымен сұхбаттасқан едік.

— Ассалаумағалейкүм уа рахматуллахи уә баракатуху Сәке!
— Саламатсыз ба?

— Ораза chatbot-ы туралы толығырақ айта кетсеңіз?
— Шыны керек бұл біз үшін жақсы шешім болды. Жыл сайын адамдарға бір сұраққа мың рет жауап беруден шаршап кеттік. «Оразаны бұзатын нәрселер нелер?», «Су ішіп қойсам оразам бұзыла ма?», «Рамазан айында жыныстық қатынасқа рұқсат бар ма?», «Түкірігімді жұтып қойдым, оразам бұзыла ма?», «Етеккір кезінде ораза ұстауға болады ма?»
Әрі қарай