Сені үздік адам ететін 6 шындық (2)

басы
№5 Хиппилер сияқты қателесесің

Алдымен кино тарихындағы ең ұлы көріністі ұсынамын

Бұл «Glengarry Glenn Ross» фильміндегі Алек Болдуиннің атақты монологы. Оның кейіпкері сен үшін жексұрын адам болып көрінеді. Түсінікті әрине. Ол бөлмедегі өзінен шені төмен жігіттерді малға теңеп, сату көрсеткіштері жақсармаса жұмыстан қуылатынын айтып жатыр.
«Жақсы жігіт?! Қызықтырмайды! Тамаша әке?! Жоғал әрі! Үйіңе бар да балаларыңмен ойна! Бұл жерде қалғың келе ме, онда жұмысыңды істе!»
Бұл аса қатал, дөрекі және социопатияға толы көрініс сияқты. Алайда, бұл сенің әлемдегі рөлің туралы ең шыншыл сөздер. Айырмашылық тек біреу, шын өмірде жұрт бұлай сөйлесу қате деп ойлап, сенің осындай бейшара кейіпте қала беруіңе мүмкіндік береді.
Бәрі осында ма? Перваштар менің сабағыма қош келдіңдер!
Алек Болдуиннің фильмдегі уақыты осы үзіндімен шектеледі. Бірақ, осы үшін актер Оскарға ұсынылды. Мұны көрген адамдардың жартысы, «Мынадай бастықтан құдай сақтасын», — деп ойласа, қалғаны, «Рас қо! Тұр да жұмысыңды істе», — дейді. Ақылды адамдардың айтуынша, үзіндінің ұлылығы да осында.
Көріністің психологиялық әсерін «Соңғы психиатр» блогы дәл суреттейді:
«Бөлмедегілердің кейібірі өзін жерге таптап жатқан адамнан әлдебір эмоциялық қуат алып, мотивация беріп жатқанына рахмет айтып, «базар жоқ жігіт»,- деп ойлап, болған жайтқа тек жұмыс ретінде қарайды. Келесілері, мұның бәрін жеке басқа қол сұғу деп қабылдап, «бұл сілімтіктің менімен бұлай сөйлесуге құқы жоқ»,- деп ойлайды немесе өзіңнен күшті шықса, екі көзің сонда шығады деп, үндемей құтылып, жаңа бастықты масқаралайтын ақпарат тауып алғысы келіп, құр арманмен шектелетін стандартты маневр іске қосылады».
Егер ол менің шашым туралы бірдеңе айтса жағын айырам!
Үзіндіден соң бойыңды қандай сезім биледі? Өмірде үлкен жетістікке жету-жетпеуің осы сезіммен тікелей байланысты. Кейбіреулер «Fight Club» фильміндегі Тайлер Дарденнің позициясын ұстанады. «Жұмысың сенің бар бейнең емес».
Бірақ, қалай болғанда да жұмысың сенің айнаң. Әрине, сен үшін «жұмыс» пен «жұмыс істеу» екі түрлі ұғым болуы мүмкін. Алайда, екі жағдайда да сен тек пайдалы әрекеттеріңнің, біліктіліктеріңнің жиынтығы ғанасың. Мысалға, ана болу бірқатар ерекше машықты талап етеді. Бұл да адамның қоғамға пайда әкелу үшін істейтін жұмыстарының бірі. Сенің жұмысың да басқа адамдарға пайда келтіруге бағытталған істерің. Бар болғаны осы. Сенің барлық құндылығың осымен шектеледі.
Комедиялық жазушыларға қарағанда хирургтерге, жұмыссыз хипстерге қарағанда механиктерге деген құрметтің жоғары болуының себебі де осы. Газет беттеріндегі еске алуларда, «Көп жыл ауыл басқарған… талай шәкірт тәрбиелеген… жүз сиыр баққан...», — деп жазады. Демек жұмысы әлгі адамдардың нағыз бейнесі болған. Тайлер, «Жұмысың сенің бар бейнең емес», — дейді. Бірақ, өзі сабын шығаратын компания ашады, халықаралық әлеуметтік-саяси қозғалыс құрады және оларға басшылық етіп, табысқа жетелейді. Демек, жұмысы оның бейнесі.
Фильмдегі көп адам байқамай қалған ирония осы
Тағы бір мысал: Күн сайын миллиондаған сендвич сататып Chick-fil-A компаниясы гейлердің үйленуіне ашық қарсы шықты. Бұл олардың бизнесіне еш нұқсан келтірмеді, миллион сендвич бәрібір сатылып жатыр. Тұтынушылар үшін компанияның пікірі емес, өнімнің дәмі маңызды.
Әр адамның өз қажеттіліктері бар. Олар бір-бірін осы қажеттіліктердің өтелуі тұрғысынан бағалайды. Бұл әлемнің ең қарапайым механизмі және ол біздің арман-тілектерімізбен санаспайды.
Оттапсың! Мен өмірі қылмыс жасап көргем жоқ, сондағы алған алғысым осы ма?
Бұл айтылғандармен келіспей, өзіңнің ұсақшыл, материалист-капиталист еместігіңді, өмірде бәрін ақшамен шешуге болмайтынын дәлелдеп отырсың ба? Олай болса, кім ақша туралы айтты? Сен ең бастысы ұқпай қалдың.

жалғасы
Бөлісу:

5 пікір

xsanatos
ана киноның толық нұсқасын тауып беріңдерші
Aidakonya
спортта да жеңуге осындай мотивация бере алатын психолог тренерлер керек-ақ))
torgai
Маралбек жүйкемізді сынап отыр))). Тезірек аудар))). Өзімнен ұялып жатырмын мынаны оқып
MickThatsMyNick
«Сәттілік тілер едім, бірақ сендер сол сәтті қолдана алмайсыздар» деген сөзі ұнады.)