Бас тартуға қақың жоқ...
Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адам ғұмыры сан түрлі мүмкіндіктер мен таңдау жолдарына толы. Таңдау мүмкіндігін тиімді пайдалана білген жан жетістікке жетіп, еңбегінің жемісін көре алады. Бірақ өмірде өз еркімізден тыс, Алланың қалауымен болатын құбылыстар бар. Оған наразылық білдіріп, тағдырға тас атып, бас тартудың қажеті шамалы. Ең бастысы — тағдыр қалауына мойынсұнып, өмірдің қаралы тұстарын әдемі бояумен бояй білу керек. Алланың қалауымен болатын, адамның бас тартуына қақысы жоқ құбылыстарды жіктеп көрсек…
Туған жерден бас тартпа. Егер туған жерді таңдау мүмкіндігі болса, сәбилердің бәрі салыстырмалы түрде болсын әділеттілік орнаған елді таңдар еді. Алайда, туған жерді таңдау адамның еркіндегі дүние емес. Сондықтан кіндік қаның қай жерде тамды, сол жерді жақсы көруге міндеттіміз. Мейлі ол қарбаласы көп қала болсын, мейлі құлазыған дала болсын, мейлі адамдары қайсар да қайырымды болсын, мейлі арам да айлакер болсын, тіпті ол тарихи Отаның болмаса да туған жердің аты – туған жер. Сондықтан одан бас тартуға болмайды. Ес біліп, ер жеткенше ауасымен тыныстап, суын жұтып, топырағына аунап өскен, бір кездері басыңа пана болған жерді күндердің бір күнінде өзге елге барып жер-көкке сыйғызбай жамандап отыратын жанды көрсем жағасына жармасып, кеудесіндегі жүрегін жұлып алғым келеді…
Ата-анаңнан бас тартпа. Егер ата-ананы таңдау мүмкіндігі болса, бала атаулы зиянды әдеттерден аулақ, жан жылуын төге білетін ата-ананы таңдар ма еді, кім білсін?! Бізде ондай мүмкіндік жоқ: ата-анаң маскүнем, мүмкіндігі шектеулі немесе жалғыз басты жан болуы да мүмкін. Ата-ананы әлеуметтік статусына қарап бағаламайды. Себебі, әкенің аты – әке, ананың аты – ана! Кейде жолы болмаған жандардың «Елдің ата-анасы сондай, менің ата-анам маған жағдай жасамады» деп налып отырған кейпіне қарап «Ата-ана саған бәрін бермесе де, бәрін көруге болатын өмір сыйлады ғой!» дегің келеді...Қазіргі таңда қаншама ата-ана қарттар үйін паналап отыр?! Өмір сыйлаған жандарды қалайша тірілей өлтіруге болады?!..
Ана тіліңнен бас тартпа. Әр адамның ана сүтімен бойына дарыған тілі бар. Ол тіл әлем бойынша ең көп қолданылатын тілдің бірі болуы да, болмауы да мүмкін. Өмір ағыны мен заман талабына қарай үш тілді, төрт тілді меңгеруге тура келсе де, ана тіліңді ұмытып қалуға қақың жоқ!.. Өзге тілді білсе де, өз тілін ұмытпаған адам қандай құрметке болсын лайықты. Ал өзге жүз тілді меңгерсе де, өз тілінде сөйлей білмейтін, өз тілінде ойлай білмейтін адам – мәңгүрт. Жалғандағы ең үлкен жалғыз бақытсыздық – мәңгүрттік шығар. Оны Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекетін» оқысаңыз, түсінерсіз. Ондағы кейіпкер қолдан жасалған мәңгүрттіктің құрбаны болса, қазіргі қоғамдағы мәңгүрттік – өз қалауымызбен таңдап алған жол! Одан өкінішті не бар?!
Бауыр етің – балаңнан бас тартпа. Иә, бұл да Алланың қалауымен болатын жағдай. Алланың ғана емес, өз қалауымен бойға біткен баланы тоғыз ай бойы толғанып күткен ана құндақтаулы сәбиін перзентханаға қалдырып кете барады. Одан кейін бейкүнә сәбиді анасының ыстық құшағы емес, тастанды балаларға арналған үй күтіп алады… Баланы жалғыз қалдыру, қалдырмау мәселесі ананың ғана емес, әкенің де бас қатыратын мәселесі. Өкінішке орай, орын алатын мұндай жағдайлардың бәріне ананы ғана кінәлі санап жатады. Шын мәнінде ешкім ешкімді ақтап алуға тиісті емес. Себебі, бала болашағы үшін оның пайда болуына себепші болған екі адам да жауапты. Әдетте жетім бала айналасындағы адамдарға көз салып, дүниені танып-біле бастағанда «Басқада бар ана неге менде жоқ? Басқада бар әке неге менде жоқ? Олар қайда?» деген сұрақтардың жауабын іздей бастайды. Бір кездері керек қылмай тастап кеткен анасын жерді жеті айналса да тауып алатын балалар болады. Сондағы қалағандары – «Не үшін?» деген жалғыз сұраққа жауап алу. Өкінішке орай, ол кезде «Сен өмірге мүгедек болып келіп едің...», «Әкең тастап кетіп еді, жалғыз асырай алмадым» және тағы да басқа толып жатқан «себептер» оны ақтап ала алмайды…
Өміріңнен бас тартпа. Сан сынақ пен бұралаң жолдары көп өмірде адасып қалып, өзіңді жапандағы жалғыз жандай сезінетін кездер болады. Оң жағыңа, сол жағыңа, алдыңа қарасаң да – белгісіздік, ал артыңа көз салсаң — бұлдыр сағым ғана болатын сәттер бар. Ондай кезде төмен түскен басыңды жоғары ұста, жерге қараған жүзіңді аспанға қарат: көктегі күнді – үміт сәулесін көре біл. Жылап ал, не бар даусыңмен айғайла. Тығырықтан шығар жол ізде, тек өміріңнен бас тартпа! Өмірден аяулы, өмірден қадірлі ештеңе жоқ, себебі өмірге бір-ақ рет келіп, бір-ақ рет кетеміз…
Адамның екі туған жері, екі анасы, екі әкесі, ана сүтімен дарыған екі тілі, екі өмірі болмайды. Көзіңнің қарашығындай қорғап, жүрегіңде аялап ұстау керек қастерлі ұғымдардың бәрі – жалғыз…

сенің жазғандарың әрине бас тартылмайтын нәрселер. тек бейадекват немесе есі дұрыс еместер болмаса.
Қартайса жақсы адам дана болар.
Қосылған жеті өзеннің сағасындай.
Қартайса жаман адам заржақ болар.
Ағаштың жанбай қалған шаласындай -демеп па еді бір термеде. Егер көрсеңіздер ана «Алдараспан» театрның "Қарттар үйі" жайында қойған интермедиясында кемпірге қырындап отқан, тілінен қағынып отқан шал ғой))) ондай адам үйінде одан бетер болады. Ондай әкені бала әрине жақтырмайды.
"Ғасырданда ұзақ күн" кітабында болу керек. Ондағы оқиғадағы мәңгүрт — өз тілін біледі. Тек миында өткен өмірі форматировать етіліп кеткен, өткенді есіне түсіре алмайды. Өз тілін білмейтін мәңгүрттікке қатысы жоқ.