Бас тартуға қақың жоқ...

Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адам ғұмыры сан түрлі мүмкіндіктер мен таңдау жолдарына толы. Таңдау мүмкіндігін тиімді пайдалана білген жан жетістікке жетіп, еңбегінің жемісін көре алады. Бірақ өмірде өз еркімізден тыс, Алланың қалауымен болатын құбылыстар бар. Оған наразылық білдіріп, тағдырға тас атып, бас тартудың қажеті шамалы. Ең бастысы — тағдыр қалауына мойынсұнып, өмірдің қаралы тұстарын әдемі бояумен бояй білу керек. Алланың қалауымен болатын, адамның бас тартуына қақысы жоқ құбылыстарды жіктеп көрсек…

Туған жерден бас тартпа. Егер туған жерді таңдау мүмкіндігі болса, сәбилердің бәрі салыстырмалы түрде болсын әділеттілік орнаған елді таңдар еді. Алайда, туған жерді таңдау адамның еркіндегі дүние емес. Сондықтан кіндік қаның қай жерде тамды, сол жерді жақсы көруге міндеттіміз. Мейлі ол қарбаласы көп қала болсын, мейлі құлазыған дала болсын, мейлі адамдары қайсар да қайырымды болсын, мейлі арам да айлакер болсын, тіпті ол тарихи Отаның болмаса да туған жердің аты – туған жер. Сондықтан одан бас тартуға болмайды. Ес біліп, ер жеткенше ауасымен тыныстап, суын жұтып, топырағына аунап өскен, бір кездері басыңа пана болған жерді күндердің бір күнінде өзге елге барып жер-көкке сыйғызбай жамандап отыратын жанды көрсем жағасына жармасып, кеудесіндегі жүрегін жұлып алғым келеді…
Әрі қарай