Казахская - Latin
«Казахская — Latin» клавиатура нұсқасы «Microsoft keyboard layout creator» программасымен «Windows 7» жүйесінде жасалды. Орнату үшін архивті ашып, ішіндегі «Setup.exe»-ні іске қосу керек. «Панель инструментов»-тағы «Языковая панель — КК (казахский)»-дің қасына кішкентай клавиатураның белгісі шығып тұрады. Сол кнопканы басып ішінен «Казахская -Latin» таңдау керек. Кириллица мен латыншаны ауыстырудың горячий клавишасы: Ctrl+Shift. Өшіру үшін қайтадан «Setap.exe»-ні іске қосу керек. Сол жерде ағылшынша өшіру деген кнопка бар. Соны басса өзі өшіреді.
Казахская — Latin (502,2 кб): Жүктеу
*Ескерту: бұл бекітілген нұсқа емес
**казахская — орысшамнан қате кетсе де қазақшамнан қате кетпесін
Бұл клавиатура нұсқасын жасауда негізінен Август Дворак жасаған принциптерді негізге алдым. Себебі егер латынша нұсқа QWERTY раскладкасында жасалса көптеген сөздерді бір қолмен жазуға тура келеді. Мысалы qazaq, adam, sadaq деген сөзді жазып көр. Он саусақ әдісімен теруге ыңғайлы болу үшін сол қол жаққа тек қана дауысты әріптерді, өте сирек қолданылатын дауыссыз әріптерді және тыныс белгілерін орналастырдым. Ал оң қол жаққа тек дауыссыз әріптерді. Себебі көп адам оңқай (мен де оңқаймын. Және әр әріптің орналасу реті де жайша емес. Мен өзімше зерттеу жүргіздім . Көшпенділердің 1-томы, Көксерек және Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалар жинағының 2-томының электрондық нұсқасын алып, оның ішіндегі әріптердің саны, және пайызын есептедім. Сол нәтиже бойынша а, е, ы, і әріптері ең көп кездесетін дауысты әріптер болды. Ал аз кездесетін ә, о, ө, ұ, ү әріптерін солардың үстіне орналастырдым. Дәл сол сияқты ең көп кездесетін дауыссыздарды клавиатураның оң жақ ортаңғы бөлігіне, сосын үстіңгі жағына, аз кездесетіндерін төменгі жағына орналастырдым. Дауыстыларды сол жаққа, дауыссыздарды оң жаққа орналастырудың өзіндік себебі бар. Сөздерде дауысты әріптер мен дауыссыз әріптер кезектесіп келетіндіктен екі қолдың саусақтары кезектесіп басады. Сол себепті теру жылдамдығы артады, әрі тез шаршамайды.
Егер көрінбесе мына жерден қара.
Енді латын әліпбиінің өзіне келсек.
а — a, ә — ä, б — b, в — v, г — h, ғ — g, д — d, е — e, ё — yo, ж — j, з — z, и — iy, ïy, й — y, к — k, қ — q, л — l, м — m, н — n, ң — ñ, о — o, ө — ö, п — p, р — r, с — s, т — t, у — uw, üw, iw, ïw және w, ұ — u, ү — ü, ф — f, х — x, һ — x, ч — tc, ш — c, щ — cc, ц — ts, ы — i, і — ï, э — e, ю — yuw, yiw, я — ya.
Мен «и» деген әріп екі дыбыстан тұрады (ый, ій) және «у» әрпі бес түрлі болып оқылады (дауысты дыбыстан кейін дауыссыз «у», дауысты болып оқылатын жерлерде ұу, үу, ыу, іу) деп айтудан жалықпаймын. Себебі бұл тіліміздің ерекшелігі. Бұны кириллицада ескермеген. Сол себепті мен тек қана қысқа «й» мен дауыссыз «у»-ды қалдырдым.
"қ" мен "ғ", «к» мен «г» бір бірене жұп болып ұқсап тұрсын деп «q»-«g» және «k»-«h» деп белгіледім.
Қалған әріптер түсінікті ғой деп ойлаймын.
Мына жерде QWERTY нұсқасы бар.
Бұл нұсқада артық әріптер жоқ екен,
Жақсы талдау жасапты.