Көйлек копирайтингі

Осыны ескеріп, күзгі той-томалақтар басталмай тұрғанда қамданып, көйлек тіктіріп алдым. Молодец!
Енді көйлек туралы.
Фэйсбукте жарнама лентасына шыға беретін Мәскеудің «9А Концепт» бутигінің жарнамасынан көріп,
ұнатып қалған көйлектің үлгісін алып, тігіншіге бардым.
Иық, бел, жең дегендерді өлшетіп, матаны табыстап келіп, әлгі жарнаманы тағы қарасам, таңдай қаққан көпшіліктің комментерінің астына көйлектің бағасы ілініпті. 95 пайыз мақта, 94 400 теңге (800 доллар) тұрады депті

Ал мен екі аптадан соң 11 мыңға (мата + еңбекақы)Мәскеу бутигінен шыққандай, төгіліп тұрған мынандай сұлулыққа ие болдым!

Матасы – тусса-жібек. Барахолка

Сонымен, мораль сей басни такова:
Ханымдар, әлбетте, анау еуропалық өндірушілер шығарған премиум тобына жататын маталардың мықты, мыжылмайды, тез жуылады, терлетпейді, пятноустойчивый, стрессоусойчивый деген сияқты ерекшеліктері бар болар. Алуға мүмкіндігім болса, без зазрения совести сатып алар ма едім.
Бірақ, брэндпен әуестенемін деп жүріп, әдемі көйлекке практичный тәсілмен ие болу мүмкіндігін пайдаланбау — сауатсыздықтың бір түрі шығар. Деп қояйыншы

Көңілімдегіден айнытпай тігіп берген Блажко Ольга тәтейге үлкен алғыс!
тамаша. Рысбек Ольга тәте!
қызыл браслет… мойынға көрінер-көрінбес күмістен жасалған цепочка…
Менде жақында көйлек тіртіргем, женін осындай қылып. Бірақ бұндай ұзын емес, жұмысқа киетіндей қылып.
Ыңғайы келсе тіктірген көйлектін суретін салармын.
Осындан қарап жасатқыздым мен. Бірінші мен екінші көйлекті тіктіргем.
8 мыңға шықтығо.Денеге жынды тұрады.денең әдемі болмаса, тіпті жиырма мыңға тіктірсең де жараспайды.
Осындай EMAMI трансформер койлекти жазда тигем деп жуген кезимде кыс боп кетипти. Тигилуи оте онай екен