Көйлек копирайтингі

Шифонердің ішінде «киетін түк жоқ» екенін тойға шақыру келгенде ғана байқайтын әдет бар ғой. Сонда да гардеробты со слабой надеждой бір шолып шығасың. Сосын әмиянның ішіндегісін бір санап жіберіп, «уффф...» деп дүкен-базар аралауға кетесің. Қырсық қылғанда, әншейінде қайта-қайта көзге түсіп, қызықтырып жүрген көйлектерің де кездеспей, кездескендері ұнамай, ұнағандары әкесінің құнын сұрап… В общем, бұйырғанын алып қайтасың.
Осыны ескеріп, күзгі той-томалақтар басталмай тұрғанда қамданып, көйлек тіктіріп алдым. Молодец!
Енді көйлек туралы.
Әрі қарай

Кәсібім дамып жатыр.)))

Откенде сіңліме мынадай сыйлық жасаймын деп едім ғой. Сол көйлегім сыймай қалды оған. Содан күні кешегіге дейін үйде жатты. Құры жатқанша сатып көрейінші, ала ма екен деп ойладым да, бір дүкенге апарып қойып қойдым. Тек қана сатылып қоймай, тапсырыс та түсіпті. Бір жасар қызға шапкасымен тоқып берсінші деген екен. Одан бөлек тағы екі көйлек түсіпті, бірақ олар асығыс емес екен.
Міне, көйлек:
Әрі қарай