Кәсібім дамып жатыр.)))

Откенде сіңліме мынадай сыйлық жасаймын деп едім ғой. Сол көйлегім сыймай қалды оған. Содан күні кешегіге дейін үйде жатты. Құры жатқанша сатып көрейінші, ала ма екен деп ойладым да, бір дүкенге апарып қойып қойдым. Тек қана сатылып қоймай, тапсырыс та түсіпті. Бір жасар қызға шапкасымен тоқып берсінші деген екен. Одан бөлек тағы екі көйлек түсіпті, бірақ олар асығыс емес екен.
Міне, көйлек:
Бөлісу:

57 пікір

edige
Менде тек ұлдар. Қызым болса алар едім. Күшті екен
sammita
жеңгейге шарф, шәлі, қолғап, кофтаға тапсырыс берсеңіз болады ғой.
edige
Өзінің жасауға қабілеті жоқтығына жыным келіп кетеді бір кезде.
«Базарда арзан толып тұр ғой» деген кезде ощым
sammita
Тоқи білсе де сонымен айналысуды ұнатпайтындар болады негізі. Ал тоқи білмейтіндер қазір көп қой. Бұрын еңбек пәнінде кесте тігу, тоқу, макрамэ, құрақ құрау сияқты істерді көп жасататын. Игеріп кететіндер одан әрі жалғастырып күшті дамытып әкетеді Еркеқыз сияқты. Біз сияқты жалқаулары дайын асқа тік қасық:)))
edige
айтып айтпай не керек шешессс…
KILYZAMAN
Еркелетсеңде шолжаңдатпауға тырысп көрмедіңбе? :-)
edige
айтып айтпай не керек шешессс…
sammita
төркіні алыс па еді?
edige
Менің ашуланғаныма байланысты ұзақ болса да барып тұрады…
sammita
жоқ, етті айтам, ет қайда кетті екен онда:)))
edige
"Қоя жесең қой қалады" қоймай жесең не қалады.
Nurgisa
Иәә, сіз де:

Мен білмеймін тоқи,
Маған бәрі поқи

ұстанымындағылардан емес пе екенсіз деген күдік ұялайтыны өтірік емес…
sammita
жаздым ғой. Жер лай, Жағдай былай. Аяқта боты ұстанымындамын.
edige
Күлкім келді. ұялдым күлуге
sammita
күле бер еркін. Өмірің ұзарсын:)
edige
Бұлай ұзақ жасауым қиын ау. Жасасам да қиналып я… өмір бойы сабақ беріп
Zere
Екі балаңыздың анасын елдің көзінше қаралауыңыз бар болсын! Әрбірінің қолынан іс тігу келмейді ғой. Немесе өзіңіз ұста-шебер ме едіңіз? Сізді оқып, тіпті аяп кетеді екенсің…
Gastarbaiter
Феминисттердің комиссары келді.)))))
edige
"Қаралау" деп айтпа. Көңілге тиеді деп ойламайсын ба? Қаралау болса да жаксы коремін. Әйелдердің істей алмаймын дегеніне жыным келеді
Zere
Сіздерге салса әйел деген 30 аспап болу керек Дачы.
Nurgisa
Енді, Ақзере, дұрыс қой, ер адам қайраса, жаман болсын деп қайрамайды. Бойындағы қарым-қабілетті ұштай түссін, ізднесіс ішінде болсын, бәсекеге мейлінше қабілетті елуліктің ішінде болсын деп қайрайды. Ер дегенің күшті қайрақ қой. Жаман болсын деп қайрамайды… :)
Gastarbaiter
копия
edige
Мұндағы кімнің де "Өзің ше?" дейтіндегі ойын айтып отырмын.
Gastarbaiter
Мужской солидарность деп Зерені феминист дей салғам. Ал былай серьезно қарасам, Зеренің айтқаны өте дұрыс.
Әйеліңнің бір жеріне риза болмасаң, несіне үйлендің. Ал үйленіп қалдың ба, алғаныңды міндет қылмауың керек.

Базар жоқ, Едіге өз әйеліңді жаөсы көретініңе сенемін. Бірақ, әйеліңді ешқашщан жұрт алдында сөкпе, қайрағың кеп өліп бара жатсаң жеке өзіне айт. Мына жерде жыланғаннан әйелің өзгеріп кетпейді. Тек өзіңе «соболезную» деген еркектердің аяныш сезімін тудырасың.

Жеке әйеліңмен болғанда мейлің 2-ші дүниежүзілік соғысты қайта жасасаңдар да, боқтықты босағаңның сыртына шығармау керек деп ойлаймын.
sammita
жұрттың жеке өміріне мұрын сұғуға құқығым жоқ. Тек Гаста сенің пікіріңе күлдім:)))
Zilola
сіздің де қолдан келмейтін дүниелер көп!!!
KILYZAMAN
...Өнерлі адамның — жаны сұлу болатынын өмірде талай көрдім
satibaldi
Николай Жұмағалиев балалайканы құйқылжыта тартатын…
qisyq
Scheschesse))))))))))))))))))))))
satibaldi
Erkekyz, мен сендікпін!!!
qisyq
Опасыз!
Ottegin
Батиқа талақ болып па еді?:-)
Gastarbaiter
Бәтиқаң не, Күләнданың өзі под вопросом)))
Ottegin
Тапсырыс беруге бола ма?
Erkekyz
беріңіз, осындай көйлек пе?
monti
қаншадан сатып жатсыз?
қанша уақыт кетеді тоқуға?
Erkekyz
Дениз көріп отқанда ғана тоқимын, екі-үш күн уақытты алады, ал былай қадалып тоқысам тез бітетін шығар.))
Abilakim
срошны Дениздің уақытын тағы бір сағатқа ұзартқызуымыз керек және арасына көбірек жарнама…
monti
уау керемет екен!
жұмсың жемісті болсын!
saken
осы «Дениз» әлі болып жатыр ма? кәсібіңізге береке берсін.
AKA
«Дениз» бітті.
madlen
kolga kietin uzyn kolgap (sausaktary jartylai) tokyp bere alasyz ba? kanwa bolady? kaida jazsam bolady sizge?
Erkekyz
өзіме тоқығанмын сондай митенки, бірақ ұзын емес, кейін суретін сізге көрсетейін, болад десеңіз тоқып беремін ұзындау қылып))
madlen
kelistik :) kanwa bolatynyn aitasyz goi kein
rahmet
Altygradus
күздік нәрсе ме? әлде жазға ма?
мен сондай ұзын қолғап алсам деп әлі ойланып жүрмін, UV cut, күн сәулесінен қорғау үшін:)
Zilola
Біздің куклаларға да осындай керек еД, бағасын жаза салсаң нұр үстіне сәуле болар еД :)
VKM
Жарайсың, кәсібің мол табыс әкелсін!
boztorgai
келіншегім түйе жүнінен жемпір тоқып берген
қандайбір аязда жүрем сол буым бұрқырап…
AKY
Мяя, күштіііііі!!! Тож хачу!
Erkekyz
Айтпақшы, қыстыра кетейін.))) Осы тоқыған дүниелерімді блогқа салып тұрамын. Жақында аштым.)))
KILYZAMAN
Жарнамашылыққа жарана жағын қалай келісесің? Керекке де бірер пайыз керек екенін мұтып кетпе :-)
Erbol
Бизнес осындайдан басталады.
qisyq
Керектін қаржылық бөлімін мен басқарамын. Коммерциялық ұсынысыңызды біздің поштаға жіберіңіз.
konvict
Керемет өнер! Ырзамын саған
Aizhantabyn
Ұялай бағаларын да жазып отырсаңшы) ӘР өнердің (еңбектің) өз бағасы бар. Хэндмэйд дүние, эксклюзивті болса, онда тіпті де ұялу керек емес!!!
Супер! Қатты ұнап отыр)))
ken
«Кездейсоқ тақырып» дегенді шерітіп қалып едім, осы шықты.
Тоқыма тамаша.