Құдаға ат мінгізген тамада

Фольклор арқылы танылған тамада көрдіңіз бе? Қарағандылық Рамазан Сәттібай солардың бірегейі. “Рамазан айтыпты” деген уытты сөздер арқа жұртына желдей тараған. Әрине, ағайын-туыстың шашу-тойы Рамазансыз өтпейді. Бір жамағайыны Рамазанға бар баласының тойын басқартыпты. Той біткен соң, мақтап, мақтап, құр қол қайтарады екен. Кенже ұлдың тойын басқарайын деп тұрып, Рамазан: “Жәкесі, бар қызығыңның ортасында жүрмін. Ел-жұртқа көз ғып, осы жолы Рамазанға ат мінгіземін де, сенен мал алмаймын ғой, тек жұрт алдында марқайын қалайын”,-дейді. Той дүрілдеп өтеді. Қыз берген де, қыз алған жақ та риза. Ел тарайтын уақытта той иесі: “Мына Рамазан үнемі шашуымның басы-қасынан табылады. Ризамын. Сүт кенжемнің қызығында бұған сый жасамағанда кімге жасайын. Астына ат мінгіземін”,-дейді. Сонда Рамазан: ” Жәкесі сенен сый дәметіп не көрініпті. Маған мінгізген атыңды бас құдаға тарту еттім”,-деген екен.
Бөлісу:

25 пікір

meirzhan
) Ендігәрі ол кісіні той басқаруға шақырмайтын шығар ))
Jansarai
Жоқ конкретно ақшасын төлейді
omarbirat
кенже баланың тойы ғой
alisha
Біздің Атырауда Қуандық деген алаған қолы береген асаба бар. Өнер көрсеткендерге өзі де демеушілік жасайды тойда.
Jansarai
Тойға жиі баратындықтан ба білмеймін, әйтеуір тамадалар туралы әзілдерді біраз білем. Соларды қағазға түсірейін дегенім ғой. Ол кісілер менің бұл ісімнен хабарсыз. Әйтеуір жаза берейін, кейін далада қалмас деген ой ғой.
Gulistan
Ұзын бойлы, арық Қуандық па?
alisha
Дәл өзі, биін көріп риза боп қалдым
Rafaello
Сол Қуандық неге брэйк билейтіндерді жолатпайды осы?
alisha
Білмеймін онысын, қасынан «Жастар бақытты болс-е-е-е-ен!» деп жүретін Талшын мен Жайна тәтейлер қалмайды әйтеуір
kokbori
Әбу Әли деген жігітті танисыздар ма, мықты дарын екен. Үстіне шеге кағылған тақтай қойғызып, адам мінгізеді. Тек арнаулы жерде дайындалатын шығар десем ондайларды.
bake
Тойларда әртүрлі тамаларды көріп жүрміз. Бірақ өткен жолы Семей жерінде өткен тойға бардым, тамада мықты Тарбағатай жерінен келген көрінеді, бірақ қонақ арасында қырық шамасындағы апайымыз тамаға дес бермеді, түбінде тойды қызығы қыза түсті. Бір тойда тамада өз алдында қалды, қонақтар екі жағыда өнерлі болып шықты. Бала кезімде ауылда тойда тамада дегенді көрмептім туысқандар өзара өлең айтысып кете беретін. Кітти тақырыптан ауытқиын. Әңгіме той төңірегінде болған соң басымнан өткен керемет жағдайды айта кетейін. шығыстың Күршімнің бір шалңай ауылына бас құда боп барғаным, құда күтуге бүкіл ауыл жиналыпты, төр үйде отырмын, құдамен өлең айтысайық деп 40 астам ұлттық киімдегі апалар қатар-қатар болып отырып өлең айта бергені. Кеткенше құлағымнан ән кеткен жоқ
Jansarai
Менд бір қызық айтайын. Жолдасым тамада. Студент күнінде Монғолиядан келген ағайындардың балаларымен бірге тұрған, жан жолдас. Тойға бірге шығады. Сол тоқсаныншы жылдары Төлеген деген досы елге, Монғолияға демалысқа қайтады. Ауылдағы той-томалақта Қазақстаннан көргенін жасап, өлең оқып, «кәне тойды қыздырып отырайық» деп бөсіп жүреді. Сонда ағайындары «Мына Молқының баласы ауып кеткен бе, өзінен өзі сөйлеп, әрі-бері теңселіп жүрді де қойды» дейтін көрінеді.
asaubota
 елестетіп көрдім
kokbori
Сөйлемдеріңнің соңын тияқтап кетсеңші. Бірді айтып бірге кете бергенің не?
satibaldi
Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылында тұрмыстық деңгейдегі диалогты әңгіме ретінде оқим деген төрт оянсам өңіме кірмепті нақ.
Құсқойдым.
Jansarai
Провинцияда жатырмыз, сіздің жиырма жылдығыңызға жете қойған жоқпыз.
satibaldi
Нанға барып тұрм шешесс мана.
— 55 теңге! — дейд сатушы қатын.
— 60 еді ғой? — дейм мен де.
— 60 теңгеден алғың келіп бара жатса — бере қояйын онда — деп, сатушы қатын күлді.
Қасындағы қатын да күлді.
мен жымидым.
Jansarai
Оооо, нарыққа сай анекдот екен!
satibaldi
Біздің палатада Рамзан Қадыров деген азамат бар, айтқандары дүйім кардиохирургияға мәлім. Сол Наполеонмен аурухана асханасында тамақ ішіп отырады ғой. Медбике келіп, аға мана мына дәріні беруді ұмытып кетіппін деп, қобдиын шарлап жатса, анау шешініп, тоңқайып тұр дейді тура асхананың ішінде.
Барлығы жамырап күлді. Мен де күлдім.
Jansarai
Сіз бен біз сөз жарастыратын түріміз бар.
berkut
F0x_kz те қосыла күлді ме екен?
Rafaello
Тамада әдемі істеп кетіпті
omarbirat
Қатырған екен  п.с. Мынаны түсіндім енді. Енді осылай жазып тұрыңызшы