Есі дұрыс еркек бір әйелмен елу жыл тұра ма?

Арқада қара сөздің майын ішкен Рамазан Сәттібаев деген азамат бар. Жиын-тойда айтқан әр сөзі мәтелге айналып, жүрген жерінде елді қыран-топан қылып жүреді. Тоғыз қыздан кейін аңсатып дүниеге келген Рамазан әкесімен құрдастарша қалжыңдасады дейді. Әкесін: “Сенің әйеліңнен менің әйелім жас, көрікті”,-деп шамдандырады екен. Сол Рамазанның әкесі мен шешесінің қосылғанына 50 жыл толыпты. Рамазан бір тойдың көркін қыздырып жатса, оның әйеліне қайынапалары қоңырау шалып, “Қайда жүрсіңдер, әке-шешеміздің қосылғанына 50 жыл толды, атап өтпейміз бе, ақылдаспаймыз ба”,-деп бас салып ұрса жөнеліпті. Әйелінің қабағы түсіп, Рамазанға: “Тойға өзің бара бермедің бе, мен сөз естіп жатырмын. Атам мен енемнің қосылғанына 50 жыл бопты. Маған айтсаң болатын еді ғой”,-деп реніш білдіреді. Сонда Рамазан телефонды ала сап, әкесіне қоңырау шалады. “Әке мынауың ұят болды ғой, елге не бетімді айтам, мені жерге қараттың ғой”,-деп зарлап қоя береді Рамазан. “Ойбай ау, не болды, сонша?”,-демей ме әкесі. “Есі дұрыс еркек бір әйелмен 50 жыл тұра ма?”-деген екен Рамазан. “Құрығыр!”-деп әкесі телефонды тастай салыпты.
Бөлісу:

63 пікір

asaubota
қалжың сезімі басқашалау екен, қабылдай алмадым.
Jansarai
Стилім ауыр ау шамасы
satibaldi
Әлі айтып жүрсіңдер ме соны? Бірінші айтқан — мен еді, халықтың әлі құлақ-шекесі қақырағанша күліп жүргенін білмеппін.
Jansarai
Сіз айтқан әңгімелерді естімеппін.
satibaldi
Арқада қара сөздің майын ішкен Рамазан Сәттібаев деген азамат бар.
Кездейсоқ Сыр бойындағы поэзияның жілігін шаққан Маржанкүл Бапиеваның күйеуі емес пе?
Jansarai
Әйелінен сол кісінің дабыры басым түсіп жатады. Жұбайы соған қарағанда танымал адам емес ау деймін.
omarbirat
Арабша анекдот екен. Тәпсірлеп бермесе, түсіне алмайтын сияқтымын
asaubota
баласының әкесімен әзілдеуі болса керек. былай прикол ештеңе көріп тұрған жоқпын. мүмкін сол жергілікті халық үшін күлкілі шығар?
omarbirat
Сондай болса керек. Ауылда братандармен бірге жүрген бір жігіт бар. Соның аузынан бірдеңе шықса, қасындағылардың бәрі бұттан кетеді. Оны танымайтындар күлмейді бірақ
Jansarai
Мен Рамазанды танымасам да күлдім, осындай әңгімелердің бәріне күле берем… Сіздің неге күлмейтініңізді білмеймін енді.
Jansarai
Менің анекдоттарымның бәрі осындай, көнесіз.
bake
Отбасы ішіндегілер немесе осы жазбада кейіпкерлерін жақсы білетін адамдар үшін күлкілі. Ағамның осы жазбағыдай қылығы маңайымызды күлдіргені бар, қалжынын түсіндік, өзгесіне айтсақ түсінбеуі мүмкін
kokbori
Әкесін: “Сенің әйеліңнен менің әйелім жас, көрікті”,-деп шамдандырады екен.
“Әке мынауың ұят болды ғой, елге не бетімді айтам, мені жерге қараттың ғой”,-деп зарлап қоя береді Рамазан. “Ойбай ау, не болды, сонша?”,-демей ме әкесі. “Есі дұрыс еркек бір әйелмен 50 жыл тұра ма?”-деген екен Рамазан. “Құрығыр!”-деп әкесі телефонды тастай салыпты.
Нағыз әзіл
VKM
Ата-анасының 50 жылдық мерейтойына бармай, басқа тойда жүрген жігіт,өзі тағы жалғыз ұл болса… мен де мына әзілді қабылдай алмай қалдым)))
Jansarai
Ата анасының елу жылдық тойына бармаған емес, соны өткізу туралы ақылдасуға бармай қалған ғой. Осы жерін точнолап жазу керек ед, қап.
Abilakim
Жігітті қойш, туған күн, анау-мынауды ұмытып кетеді. Келіншегі ондайларды қадағалап отыруы керек еді. Әзілдің де орны бар ғой. Негізі мынау сол сәтте өткен болар, бірақ, қазекем айтатын «Шешешсінің артын шұқып ойнайтын» баланың әр жақ бер жағындағы шаруа екен
Zhan
«Зар болып жүріп жеткен жалғыз ұлыңмын, не айтсам да әзілімді көтеретініңді білем» дейтін ұлдың еркелігін көріп тұрмын. Болды басқа ештеңе де жоқ.
sammita
«деген екен» сынты мыжыма әзілдер көп қой. Газеттің жарты бетін алып жариялайды оны тағы. жнм келеді. аты-жөні, ауылы, руы туралы, елге сыйлы, қалжыңбас т.б. деп миды жеп басталады әдетте.
«деппін», «деген екенмін» деп өз әзілін айтатындар одан бетер аянышты.
alisha
«Деппін» дегендері… сөз жоқ енді.

Ақыры тәуекелге бел буып газетке жариялаған соң расында «жыртқан» болар екен деп оқисың… «Жепсің!» дейсің сосын
sammita
«Деппін» дегендері… сөз жоқ енді
амнезия
Jansarai
Әлишаның «жепсіңі!» ғажап екен. Керекинфоға келген соң тіл байлығым біраз тасиын деп тұр.
alisha
Сатекеңнен үйренгенім еді, апасы!
Jansarai
Сатекең менің де тілімді шығарайын деп тұр.
Jansarai
Әзілдің бәрі «деген екенмен» таралады ғой. «Ел іші өнер кеніші» деп жатады. Атағы дардай сатириктерді шаң қаптыратын әзілкештер бар елде.
sammita
нащщар. себебін жазды әне.
Jansarai
Сіздің көңіліңізден шықпағаным үшін не істесем екен. Бәрібір келесі пост тура осындай болады, амал жоқ. Енді өзгергеннен пайда жоқ депті ғой біреу.
alisha
Бәрібір келесі пост тура осындай болады, амал жоқ.

Қолыңызды әкеліңізші! Әйтпесе мұндайды екінің бірі көтере алмайды, келесісін ойлау былай тұрсын, бүгінгі жазғанын өшіріп тастайтындарымыз да табылады.
Jansarai
Бәсе, Әлиша тура өзім секілді болар деп ойлап ем
monti
Әкесін: “Сенің әйеліңнен менің әйелім жас, көрікті”,-деп шамдандырады екен.
крышасы кеткен біреу сияқты ғо на
satibaldi
Рза ауылдағы атақты коммерсант, құрдасы марқұм Сақидың қабірін қазып жатты да:
— Еее Сақи, мені қарызға көміп едің, енді мен сені көмейін деп жатырм — деді.
«Лібә Рза, айтпайтының жоқ шешесс» деп сол жерде құлақ-шекеден біржола кетіп, бүкіл бейітті басымызға көтеріп жамырап күлдік.
Бірақ тек сөзіне емес. Біз Рзаны да, марқұмды да, екеуінің қарым қатынасын, сөзінің контексін жақсы білеміз. Оның үстіне айтқан кездегі баз кеше сөйлеуі, қуақылануы және бар.
Осы сөз ел арасында жүр мысалы. Бірақ Рзаны танитын адамдарға ғана айтамыз.
Ал енді осындай жекелеген шытпақтарды Республика деңгейіне сол қалпында жеткізем деу ақымақтық. Мұндай картоптар әр үйде күнде жарылып жатады. «Жегенекен» дейтіндерді құрастырушылар қашан түсінер екен осыны. Мергенбайларыңды он орап алатын алқаштар есік алдында күнде жүр нақ. Оқымайм епті.
alisha
Соны айтам… Әйтпесе көрші әжейге «Ата қалай?» десек: «Бір басы, екі тасы, өздерің көргендей дін аман» деп бастайды әңгімесін…
Adiletshu
 Мынаны газетке беру керек
Jansarai
Әлі талай «жегенекен» жазам, не стейсіз?
satibaldi
Жоғарғы Сот төрағасына, Конституциялық Кеңестің Төрағасына, Бас прокурорға, Шиелісай елді-мекенінің учаскелік инспекторы лейтенант Сәмбіқара Полунинге арзыданам.
Ал енді жолай тисе-терекке деп, ҰҚК, ТЖМ-ге жаза салатынымды былай да сезіп отырсыз.
Jansarai
Қорқып тұрғаным ай,
satibaldi
Иә, бұ күндері 5 жарым жыл абақты мен 200 АЕК айыппұлмен ешкімді қорқыта алмайсың, келісем. Бірақ сонда да…
Jansarai
Туу, сонша шүйліккеніңіз ай, қорықтым, қорықтым, абақтыңыз не
satibaldi
Негізі, Интернетте Сіздей аудиторияға арналған сайттар жоқ емес.
VKM
Сатвалды аға ұнаған адамға ғана тиіседі
alisha
Шынымды айтсам, мына пікірдің Сізге еш қатысы жоқ-тын.
Республика деңгейіне сол қалпында жеткізем деу
мәселесіне қатысты айтқан ем. Жазарыңыз көбейсін, интернет кең ғой!
bazuka
дөрекі әзіл, тәрбиесі нашарлау кісі болып тұр
alisha
Ол әзілдейін, жұртты күлдірейін демейді, бары сол өзінің… Жасы 80-нен асқан адам, тәрбиесі нашар деп айта алмаймын, білмеймін өйткені…

Жалпы тумысынан тентектеу адамдар болады ғой, мейлі он жерден дөрекі сөйлесе де өзіне жарасып тұратын… Біздің көрші әжей сонда кісі…
dark_nazgul
Мен қазір балаларымның күнделікті айтатын «перлдарын» жаза бастасам, осы сияқты көрінетін шығар.
satibaldi
Айтпа нақ. Айтпа деген мағынада, бұйрық рай.
dark_nazgul
Осы уақытқа дейін айтатын ойым болған емес. Енді, сізге ерегескенде айтып жіберейін бе?
Біреудің өзіме бұйыра сөйлегенін жақтырмайтын жаман әдетім бар. қырсығып қаламын.
mercedes
айтпа нақ (бұйрық рай)!
dark_nazgul
кетШ нақ (бұйрық рай)
GulL
кетШ нақ (бұйрық рай)

satibaldi
Міне мынадай көрініс те тек көрген адам мен кейіпкерлерді танитын адамдарға ғана күлкілі.

Очм, 1991 жыл, ақша ауысқалы жатыр. Сберкассаның алды қырғын, төбелес. Епті, бәрінен бұрын Тілек ерте келіп, кассаның аузында нөмір бірінші болып тұрып алыпты! «Алқаш, алқаш дейміз, ақша дегенде ананы қара: бұның да жиған-тергені бар екен» деп, жұрт гу-гу өсек айтып тұрады. «Бұған енді арақ берсем бе!» деп тісін қайрап тұрады кейбіреулері қызғаныштан.
Тілек болса, менттерге жармасып, кассирмен жағаласып, айқайласып, белсенділігінен енді адам шошиды. Ақыры коммерсант Әбу шыдамай:
— Тәке, дым жоқтан басқа түк айтпайсың, асар істетіп сарайыңды салып беріп едік мүсіркеп. Лібә, жаның ышқынғанына қарағанда, банкке жинай бергенсің ғой жетім қызың мен өзіңнің аузыңнан жырып? — дейді.
— Не шаруаң бар епті, — дейді Тілек, — жинасақ — жинадық та, біз не, адам емеспіз бе? — дейді.
Сүйтіп тұрғанда қолынан сберкнижкасы түсіп кетеді. Біреу жедел көтеріп алып, ішін қараса — Тілектің шотында тура 250 сом бар екен!
«Тап шешеңң Тілек, өзім де әй қайдам деп едім-ау!» деп, Әбу өз қалтасынан топан ақшадан Тілекке 20 мың сом ұстатып, көттен бір теуіп қуып жіберіпті.
sammita

250 сомға 50 тиын алар еді))
(1 теңге-500 рубль болғаны есімде)
aza
Сэм, сенің түсіндергенің қандай жақсы, әйтпесе мына САРТтың, ой СААТтың приколының қай жеріне күлерімізді білмей қалдық қо
sammita
саған жазғам жоқ, ары ойна.
satibaldi
Жоға теңге ауысқанда емес, бұл 1991 жылғы Павлов реформасы.
meirzhan
Автордың пікірлерге төзімділігі таңқалдырды.
Jansarai
Ой бетпе-бет ұрыстырмасын, түрін көрмеген соң, «не десең, о де» деп отыра берем ғой.
VKM
 маладессіз. фанатеть етемін сізге)