Астанада анти-дәмхана ашылды.


Астанада Қазақстан үшін жаңа форматта көңіл- көтеру орны ашылды.«Біздің орын» деп аталатын алкогольсіз анти-дәмхана Сарыарқа көшесінде 33/1 үйінде орналасқан.Мұнда қонақтар жеген тамақтары үшін емес, осы жерде өткізген уақыты үшін ақша төлейді.Тамақты өзіңмен бірге алып келуге болады, ал шай, кофе, үстел ойындары мен басқа да көңіл көтеру шаралары тегін ұсынылады. Мұнда әртүрлі клубтардың жиылысын өткізуге қолайлы. Сондықтан, біле жүріңіздер.

Ақпарат мына жерден алынды:http://thenews.kz/2012/06/14/1125296.html
bk
Бөлісу:

19 пікір

asaubota
барып көру керек екен. біз үшін өте ыңғайлы жер екен, бірігіп футбол қарағысы келетіндерге.
VKM
Иә, сыраларыңыз бен балықтарыңызды көтере барасыздар))))
omarbirat
.«Біздің орын» деп аталатын алкогольсіз анти-дәмхана
??
saken
алкогольсіз сыраны айтқан шығар??
omarbirat
Идеясы қызық екен
asaubota
өз көзіммен барып көруім керек болып тұр. бір шикілік бар сияқты
19852407
сағатына алатын акчасы қымбат шығар
saken
сағатына қымбат баға шығар, әрі округление поминутно дегендей округление сағатпен шығар…
Rafaello
ВИП-кабиналары бар болса басқа мақсатта қолданушылар көбейіп кетуі мүмкін
Janasil
Нақты адресін жаза аласың ба? Маған жақын жер секілді. Барып қарап көрейін.
VKM
Сарыарқа көшесінде 33/1 үйінде орналасқан
Janasil
былай картадан, қасында не бар? Ненің жобасы дегендей. Мен Сарыарқа 33 те отырмын. Жан-жағымнан чото ештеңе байқамадым.
VKM
Шығып, сұрап, байқап көрсеңізші енді)
Abilakim
жаныңда ешкім шай, кофе ішіп отырған жоқ па слушайні?
saginaeva
Алматыда «Мати-пати» бар ғой, системасы осындай.
VKM
Алматыда бар екен ғой)
aza
Министрліктер үйіне қарама қарсы тағы біреуі бар екен… Тамаша жер, өткен аптада барып көргенбіз, сағатына 600 ақ теңге. бір топ барып демалуға қолайлы жер. Осы аптаның сенбісі барамыз ба деп отырмыз, бұйырса, жұмыстастармен. Ең бастысы домбыра тартып ән шырқауға болады екен)