Сынық терезе теориясы

"Қылмыспен күресудегі табысыңызға қалай жеттіңіз?" сұрағына Нью Йорктың аты аңызға айналған мэрі Джулиани былай жауап беріпті:



— Бос тұрған бір ғимарат бар. Сол ғимараттың бір терезесі сынса, сол терезені тездетіп жөндемесеңіз аз уақыт ішінде сол жерден өткен адамдар тағы бір тас лақтырып, сындырып кете береді. Мен бір терезе сынса бірден жөндетіп отырдым. Бір бағана түбіне немесе ғимарат жанына біреу қоқыс пакетін тастап кетсе, сол қоқысты тез жинамасаңыз басқалар да солай тастап кете береді. Мен тасталған әр қоқысты жинатып отырдым.

Бір жердің қылмыс ауданына айналуы сынған терезеден басталады. Айналада ешкім әрекет қылмаса, терезе тездетіп жөнделмесе жұрт ол жерде тәртіпке қарайтын ешкім жоқ екен деп басқа терезелерді де сындыра бастайды. Мұның арты үлкен қылмыстарға айналады, біраз уақыттан кейін ол аудан полиция кіре алмайтын аудандардың біріне айналады.


Мұны түсінген Нью Йорк полициясы алдымен кішкентай қылмыстардың соңына түседі. Метроға билет алмай кіргендерді, подъезд алдында дәрет сындырғандарды, қоғам мүлкін бүлдіргендерді, көшеде бөтелке лақтырғандарды ұстап, жазалай бастайды.

Полиция "қылмыстың үлкен-кішісі бізге бәрібір, метроның, көшенің қылмыс аймағына айналуына жол бермейміз" деп ірілі-ұсақты барлық қылмыспен айналыса берген.

Негізі «сынық терезе теориясы» Филип Зимбардо атты қылмыс психологының 1969 жылы жасаған бір зерттеу ісіне сүйеніп жасалған.

Зимбардо қылмыс пайызы жоғары, кедей аудан Бронкс пен тұрмыс жағдайы жақсы Пато Альто аудандарының көшелеріне бір бірден ескі машина тастап кетеді.

Бронкстағы машинаның 3 күн ішінде күл талқаны шығады. Ал, Пато Альтодағы машина бір апта бойы сол күйінде тұрған. Зимбардо мен қасындағы 2 студенті машинаның айнасын сындырып кетеді. Шамалы уақыттан кейін айналадағы адамдар да машинаның қалған әйнектерін сындырады.

«Алғашқы терезенің сынуына, айналаны ластайтын алғашқы қоқысқа, алғашқы қабырға жазуына рұқсат бермеу керек. Бұлай істемесек бұдан кейін болатын нәрселерге кедергі бола алмай қаласыз.» дейді Зимбардо.

Мына жерден алынды: http://www.sabah.com.tr/Yazarlar/uluc/2012/04/26/kirik-cam-teorisi
Бөлісу:

45 пікір

Aldeken
мың шақырымдық жол алғашқы қадамнан басталады…
asaubota
обшым бір дұрыс емес әнрсе көрсең бірден түзетіп, кінәліні жазалап отыру керек.
Aldeken
гуантанамозынданыңдыссс…
Abilakim
теңге тиынна құралады…
Abilakim
негізі дұрыс, «бәрібір сынып тұр ғой» деп тас лақтырып кететіндер табылады. 10шы сыныпта бір бос тұрған үйдің терезесін сындырғанмын бәстесіп
patick
Оһ, қарапайым бірақ, өте берік теория! Қол шапалақтаймын.
satibaldi
Негізі осыған ұқсас теория Гюстав Ливонның «Тобыр псиқалоғиясы» атты еңбегінде жазылған. Бірақ ол кітап — 1890 жылғы.
Негізі «сынық терезе теориясы» Филип Зимбардо атты қылмыс психологының 1969 жылы жасаған бір зерттеу ісіне сүйеніп жасалған.
Қазіргі зерттеушілердің проблемасы да сол, алқашқы кездескен қолайлы кітапты тасшылыққа ала салады.
Gastarbaiter
1) Қосылам. «Тобырлық инстинктін» қолдану биліктің атам заманғы әдісі. Полицайың велосипед ойлап таппаған.

2)Оған дейін де өзен-көлге дамба соғушылар бір-де бір тесіктен жіберіп тұрмауын қадағалау керегін түсінген болатын. Бітеу дүниені су тесуі ұзақ уақыт алатын қиын процесс. Кішкентай тесікті қажап кеңейтуі керісінше өте жылдам екені дәлелденген.
3) Инерция. Тұрған дүниені қозғалту қиын, бір қозғалтқан соң итеріп жүру оңай.

Соғыста алдыңғы шептегілер ең ауыр соққыларды алатын, және тірі қалуға мүмкіндігі аз болатын. Жалпы миллион жыл бойы кез келген жаңа қонысқа аяқ басу, жаңа жерлерді зерттеуде алғаш барған адамдар құрбан болып келді. Сәйкесінше, адамдардың көпшілігінде алғашқы қадам жасау алдында үрей бар.
Алғашқы қадам жасалған соң одан кейінгі қадамдардың қиындығы біртіндеп жеңілдей береді.
Abilakim
кластағы бір қызға барлық ұл баланың хат жазып шығуы да осы теорияға жата ма?
Gastarbaiter
Жоқ. Ол «Айгүл беред» теориясына жатады.
Abilakim
))))7 класта ма?
Gastarbaiter
Мен үшінші класта қыздарға хат жазатынмын.
Nurgisa
Сіңірің ерте сыздай бастаған екен, бала.
Gastarbaiter
Шамалы әзілдің желісін қақпай қалдың, аға
Gamk
Аха-ха-ха )))))))) нақ айттың.
meirzhan
Қызық екен.
Контент жарысушыларға үлгі көрсетіп кеттіңіз.
Zhan
Осы психология негізімен рас. Мысалы, мен бірде дүкенге кіріп 0,5 пепси алдым да, ішіп болып тастайтын қоқыс жәшігін іздедім. қас қылғанда көшенің бәрі тап таза, жақын маңнан мусор тастайтын ыдыс көріне қоймады. Лақтырып кете салайын десем тротуар тап таза, сыпырылған, жерде ешқандай қоқыс жоқ. Тастауға ұялдым да сөмкеме салып алдым босаған баклашканы. Сөйтіп үйге жақындаған кезде есік алдындағы мусорға барып тастадым. Ал бір рет керісінше онсыз да шашылып, ыбырсып жатқан жерге ішіп болған кола мен «Баунтидің» қағазын лақтырдым да жүре бердім. Маған бұл ой сол кезде келген. Е, адам таза тұрса тазалыққа одан сайын үлес қосады екен де, бығып жатса одан сайын бардак қыла береді екен ғой" деп. Бүгінгі «Керектен» алған маңызды инфо болды мен үшін.
satibaldi
Таулетте шелек болғанын айт, абырой қылғанда…
damilya
Осы керек инфодан настроениям кушті көтеріледі!!! Ырзамын баріне!!!
meirzhan
Стадный инстинктке байланысты секілді.
Gastarbaiter
Автор, мынадай сыбыстарды естіген шығарсың.
Мынадай жағдайлар да орын алып жатыр.
asaubota
бұл жерде шын ақпарат көзін іздеп керек емес. жәй ғана осы мысалды есте ұстау үшін жазылған нәрсе.
Mamyr
Тобырлық түйсік демекші, мәселен, осы блогтағы авторлар да еркін жаздым екен дей бермей, бір уақыт өздері де стилистикалық қателіктерсіз жазса, пікір жазушыларға үлгі болар еді.
Gastarbaiter
Бұнда пікір жазушылар, авторлар деген алдын-ала шектеу жоқ. Тіркелгендер бар, белсенділер бар, әкімшілік бар. Қалғаны субьективті.
Tarazkyzy
Көрінген жерге сағыз жапсырып кететіндерді 3 тәулікке қамауды ұсынған Атамыз осы теорияны негізге алған сияқты
Mamyr
Мен көшеде былш-былш түкіретіндерге аяушылық көрсетпес едім қолымда бір қүзыр болғанда. Әсіресе қыздарға қырындап, сықиып тұрған жігіттердің былш етіп түкірген сәті ең жиіркенішті көрініс екенін өздері қалай түсінбейтініне таңқалам.
Gastarbaiter
+1 Тістің арасынан шаптыртып жіберетін мачолар ше?
meirzhan
Сіз рухани таза жансыз ба? Қоғамдағы көптеген болып жатқан жайттарға құсқыңыз келе ме?
Mamyr
құсқыңыз келе ме деген сұрағыңыз қандай еді…
meirzhan
кешіріңіз, басқаша айтайын дегем (((
жалпы кірпияз адамсыз ба дегенім ғой. жан тазалығы сүйетін, әділетсіздікті көтере алмайтын, жаны ашығыш, т.б.
Mamyr
әділетсіздікті көтере алмайтын дегеннен гөрі, әділетсіздікке шыдай алмайтын деп айтқан дұрыс (түзеткеніме ренжімессіз). Иә,… т.б. сондай екенім рас. Оны неге сұрадыңыз?
meirzhan
Ондай адамдар әлі бар екеніне көз жеткізу үшін.
Mamyr
«Мир не без хороших людей» дей ме: Неге сонша түңіліп кеткенсіз?
meirzhan
Көңіл-күйге байланысты уақытша ғой. Кейде бір жиіркенішті жағдайды естігенде не көргенде адамның адамзатты әсіре төмен бағалап жіберетіні бар. кішігірім «аффект жағдайы». көңіл күй өзгерісімен ұмытылады
Mamyr
иә, әлгі «адамдарды таныған сайын иттің артықтығын түсінесің» секілді сөздер сондай көңіл-күйлерден туатын шығар.
meirzhan
Ондай көңіл күйге сирек түсейік, тіпті де түспегеніміз абзал
Gastarbaiter
Мейржан, сен сол ойланған күйі,«былай дұрыс па екен, жоқ әлде былай ма екен? Бірақ былай қарасам бүйтіп қалады ғой, Қой одан да бүйтейін… Жоқ, бірақ өйтсем тағы бүйтіп қалайын деп тұр» деп жүріп өмір сүруді ұмытып кететін сияқтысың.
Кейде дұрыс қадам деген болмайды. Бәрі дұрыс емес. ТӘуекел де жасап тұру керек.
meirzhan
дөп тидің  тәуекелден қашпау да өнер шығар. <
Nurshat
мэрдің ісі депутатқа үлгі болса…
Barsa
Елбасы жақында менттермен кездескенде келтірген мысалы осы болды ғой…

КЗда да осыған ұқсас науқан уже басталып кетті.
Simona
«сынық терезе теориясы» Филип Зимбардо атты қылмыс психологының 1969 жылы жасаған бір зерттеу ісі
Университетте осы Зимбaрдоның семiiiiз кiтaбымен психология пәнiнен емтихaнғa дaйындaлғaнбыз. Күрделi емтихaндaрдың бiрi болaтын. Жaңылыспaсaм сол кiтaптa, өзiнiң бaстaпқы семестрлерде психология пәнiн 3 деген бaғaмен тәмaмдaғaнын жaзғaн. Немiстердiң Das Experiment aтты фильмi Зимбaрдоның бiр экспериментiн түсiрген. Кейiн AҚШтық ремейк бaсты рөльде Эдриен Броудимен түсiрiлдi. Фильмдi көрудi ұсынaм.
Simona
Эксперименттiң aты Стэнфордский тюремный эксперимент екен.