Сары ҚАЗАҚ. Ол кім?


Менің атым – Сары ҚАЗАҚ. «Сары» сөзін қай жағынан түсінсеңіздер де, өз еріктеріңіз. Нақтырақ айтсам, піспеген шикі сары. Бұлай атауым қайдан шықты? Мұхтар Мағауиннің «Сары қазақ» романын бір шолып өткен соң, көп нәрсе түсінікті болып қалар.
Романда «… Мен, Стамбек Сыпатайұлы Дәулеткелдиев, Россиядагы ең көне, ең атақты әулеттердің бірінің тұяғымын. Арғы атамыз XIV ғасырда, Даланың қуаты қайтпаған кезде өз еркімен Ордадан келіп, орыс туының астына тұрған екен. Шоқынып, үйленіп, біржола орнығыпты… Мен Елец қаласындағы гимназияны алтын медальға бітіріп, 1911 жылы, он алты жасымда Петербург университетінің заң факультетіне келіп түстім», — дейді бас кейіпкер. Патшалық жүйеге қарсы топқа қосылғаны үшін бес жыл каторгаға кесіледі. Қазақ даласының үстімен өтіп бара жатқан вагоннан қашып, жақын маңдағы ауыл адамдарымен кезігіп, сол «аңғал да дарқан, ер көңілді, бейбіт жұрттың» арасында өмір бойы қалып қояды. Еуропалық «светский» тәрбиемен өскен сары қазақ нағыз ҚАЗАҚтардың тұрмыс-салтын, дүниетанымын меңгере бастайды. Жай меңгермейді, «Мен европаша білім алмаған, дипломатиялық мектеп бітірмеген аңғал да қарапайым қазақтың ақыл-парасатына тағы да қайран қалдым», — деп өмірі қазақ тұрмысына таң қалумен, тамсанумен өтеді. Романның баянын осы жерден доғарайын.
Мен қылышынан қан тамған Кеңес үкіметінің 70 жылдық торлы, тотальды құрсауынан енді ғана босаған жылы, яғни 1991 дүниеге келіппін. Әке-шешем, ата-әжем тағдыр тәлкегімен «орыс туының астында» өмір сүрген. Ұлттың тарихы мен дәстүрінде, мәдениеті мен өнерінде, діні мен тілінде адамды адам ететін адамгершілік қасиеттерінің ең озық үлгілері жинақталған. Барша ізгілік қасиеттер жинақталған осы құты-ыдысымызды шағуға тырысқан шовинистік идеологияның ықпалы екі-үш ата буынға мол болды.
Тәуелсіздік алдық. Бірақ та құлдық психологиядан әлі арыла алмадық. Осылай кете берсек, арыла да алмаймыз. Сондықтан да әр жас қазақ сары қазақтай өз ұлтының қадірін түсініп, жете меңгеріп, өз өзін тануға талпынуы тиіс. Ұлт перзенті ретіндегі біздің міндет – сан ғасырлық тарихы бар осы асыл қазынаны бойымызға сіңіру. «Өз өзіңді танысаң – істің басы» (Ақжан Машани) дегендей, ұлттық адамгершілік, ізгілік сабақтарын игермей, біздің шын мәніндегі адам болуымыз қиын.
Елбасымыз бір сөзінде:«Ата-бабаларымыз жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны атажұртта және барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа. Тәуелсіздікке ие болған кезден бері қарай бұған тиянақты назар аударыла бастады» — деп, алдымызға ұлы мақсат қойып берді. Бұл бірнеше онжылдықтарда іске асатын жүгі зілбатпан ауыр шаруа. Алдағы онжылдықтардың иесі сіз бен біз.
Сондықтанда Біздің мақсатымыз ата-бабамыздың ғасырлар бойы өмірінің тірегі болып келген рухани құндылықтарды игеріп, паш етіп, жас буынға насихаттау. Аманатқа қалған баға жетпес рухани мұраларымыз – салтымыз, дәстүріміз, мәдениетіміз, ана тілімізді игеріп, қастерлеп қаз қалпында келешек ұрпаққа қалдыру.
Бабаларымыз жүріп өткен сара жолды жоғарыдағы сары қазақтай игерейік!
Бөлісу:

70 пікір

SaryQazaQ
Күнде естіліп жүрген жалаң ұран есебінде қабылдап қалмаңыздар
VKM
ух ты! Сонда арғы атаң орыс па?
Aya
Мағауиннің «Сары Қазақ» романын оқыңыз, жерлесіңіз, өз атаңыз бір жағынан. Мұны білмегенің ұяттау болатын шығар.
VKM
Маған ұят емес.
Мен ондай кітапты 1 ай оқуым керек. Қысқаша аннотация оқи саламын))))
Aya
Аннотация ас болмас!
VKM
Маған бола береді.
satibaldi
 Дұрыс!!!
Aya
Дұрыс демеш
satibaldi
Дұрыс, кітапты осылай оқитын есі дұрыс адамды бірінші рет кездестіріп тұрмын.
Aya
О қасқа Кей кейде Сатеке өз биігіңізден бір сәтте ақ төмен құлдырап кететініңіз неге екен ай… Еркек қалпыңызда болыңызшиш әрқашан!
satibaldi
Еркек қалпыңызда болыңызшиш әрқашан!
Қарғыс атқыр секс-шоптар, алдап сатжіверген тағы(((
Marco
Бір кітапты оқымай қалған ұят емес шығар негізі. Әркімнің осындай бір "ұятты" тұсы бар шығар.
meirzhan
Иә, негізі оку керек деген кітаптар көп қой.
Marationok
Мен де Абайдың қара сөздерін әлі оқымадым, пайдасы шамалы деп түсінемін.
meirzhan
Бұның ұят уже
Marco
Неге? То есть, оқымағаны ма, әлде пайдасы шамалы дегені ме? )))
Marationok
Неге ұят? Шәкәрім мен Ғабит Мүсрепов әлде қайда жақынырақ.
meirzhan
Шәкәрім Абайдың шәкірті
Marationok
және бауыры, сосын?
meirzhan
Шәкірті деген жетерлік
Marationok
не меңзегеніңізді түсімбедім, не болса да сіздің ақиқатыңыз.
Aya
хе! айттым ғо Бұ Марат пікір жаза бастаса жыным қоза бастайды деп.
meirzhan
Көш жүре түзеледі. Пікірші жаза түзеледі
Aya
Жаңа мақалдың дүние есігін ашуымен құттықтаймын
Aya
Ойламаған жерден тудырдыңыз ба?
meirzhan
Мақал деп айтпа, ұят болар
Gastarbaiter
Қонаққа барған «ассалаумағалейкум уа рахматулаху уа барякятуху деп екі қолдап амандасып, Абайдың қара сөздерін жатқа айтып отырып шұлығың шуаш сасыса, вот ұяттың көкесі сол
Aya
Ұят пен ар шуаш сасыған шұлықпен өлшенбейтін шығар.
meirzhan
Иіс сезу қасиеті адамның ар-ұятын бағамдау қасиетіне қарағанда дамыған ғой. Табиғат-мақан берген қасиет
Aya
аяғыңнан жұпар аңқып, Абайдың қара сөзін қақпай әңгүдік болып отырсаң,
вот ұяттың көкесі сол
meirzhan
Аяғың «шуаш шашып», Абайдың қара сөзін қақпай отырсаң — міне, нағыз ұяттың көкесі!
Aya
Онда адамдықтан кетіп қалғаның шығар, бұндай болса
meirzhan
Хайуан ғо, Хайуан!
Marationok
сонда, адамның ұяты Абайдың қара сөзімен және аяқтың шуашымен өлшене ма?
meirzhan
көп нәрсемен өлшенеді, соның ішінде осылармен де
Marationok
бұлардың ұятқа қатысы жоқ деп жүрген едім…
Marationok
түсімбедім роман туралы ма, әлде өзіңіз туралы ма…
SaryQazaQ
психологиялық параллелизм дей ме мұны әдебиетшілер?
satibaldi
Физиологиялық перпендикуляция.
satibaldi
Айыр-күрекпен болса да, отан үшін қасқайып тұратын нағыз еркек екеніңе күмәнім жоқ.
Дегенмен өміріңді далбасаға арнамақ екенсің. Ұлт деп рас-өтірік улап-шулап жүргендердің арасында кетесің. Әттең, бәлкім сенен керемет аспазшы шығар еді! Бірақ амал нешік. Қош бол, боғірееем!
Simona
Қош бол, боғірееем!
Aya
Сары қазақ, біз сияқты бұрымдылар сіздерге сенеміз ғой. Қазақтың туын жықпай, бөрілі байрақты желбіретіп келелі істер тындыра берулеріңізге шын жүректен тілектеспін. Блогың құтты болсын.Рухани пайдалы, танымдық жазбаларды сенің блогыңнан әрдайым асыға күтемін
meirzhan
Ол блог ашқан ба не?
Aya
 демалыңызшы
meirzhan
бұрыннан сондамын ©
VKM
Aya, мен оқымаймын деп қырысып отырған жоқпын. Маған әдеби тілмен жазылған кітап оқыған қиындау. Үйде болсам, түсінбеген жерді сұрап алар едім.
Әйтпесе, кітап оқығанды керім жақсы көрем))))
Aya
Онда көрім болдың ғой, кітап оқығанды керім жақсы көрсең))
VKM
 Әрине, керіммін!
Marationok
Әйтпесе, кітап оқығанды керім жақсы көрем))))
Мысалға, қандай авторларды?
VKM
айтпаймын. Қыздар, мерекелеріңмен! 00-00 болды!!!!
araika
Патриоттар әлі тірі екен ғой жльадЪм ©
meirzhan
Жылама, жылама.
Жылауға бола ма.
araika
Қазір Сат ағай ренжіп қалар, кезінде мені ешкім жұбатпаған деп
satibaldi
Менде не ақың бар, біреуіңді өлтіріп пе едім, әлде мешіттің жанында мысық зорлап жатқанда көріп қалып па едің?
araika
Жоға, қазір ақысыз да байланыса береді ғой адамдар
satibaldi
Байланысқасын аяғына дейін байланысайық: бір кездесіп, әмпей-жәмпей болсақ қайтеді?
meirzhan
«жылаймын, жұбататын жаным бар» деп Сат мені айтпаған болар
SaryQazaQ
Арайка, жыладыңыз ба күлдіңіз ба? Ажырата алмай қалдық
araika
Ой, мән берме! Қазір бәрі жақсы
dark_nazgul
«Сары қазақты» бірінші рет былтыр оқыдым. Жақсы жазылған.
adayqyz
Мен оқымаппын. Сондықтан да жоғарыда автормен қандай байланысы бар? Түсінбедім
kokbori
Өзінің неге Сарықазақ атанғанын айтқысы келген болар, әркімге өз ауы таза деген
SaryQazaQ
Адайқыз, «Смры Қазақ» романын бір оқып шығыңыз. Көп емес