Жиырмадағы "дегдар қыздан" Шал ақынның әруағына өтініш...

Көкшетаулық ақын Тілеуке Құлекеұлы(1748-1819ж.ж)артынан қалған "өлмес мұраларының" бір парасы қыздарға,әйелдерге, жігіттерге арналған. Қыздарды, әйелдерді жіктеп, бөлшектеп бірнеше типтерге бөліп тастайды да, әрқайсысына мінездеме береді. Сөйтеді де, «жігіттер осындай долы, пері қатындардан аулақ болыңдар, өздерің сормаңдай болып қаласыңдар»-деп кеңес айтады.

Шал ақын қыздар туралы былай деп, суырып салып айтып кеткен екен, жарықтық:

Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар,
Өңі кетіп шырайы сары болар.
Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,
Әр уақытта біреудің жары болар.

Қыз он беске жеткенде мау тартады,
Ат менен енеге жау тартады.
Екі көзі ел көшсе төңіректе,
Шарасыздың күнінен жүк артады.

Қыз онбеске жеткенде кесте алады,
Жаман менен жақсыны еске алады.
Жиырмаға жеткенде тәйке деген,
Аюша жиған майын төске алады.

Пы. сы. Біз де жиырмаға кеп қалыппыз-ау… Шал ақын ата өзің қолдап, (Қазтуған, Ақтамберді аталар да қарап қалмай) осы келіп қалған көктемде «шырайлары сарғайып кеткен» қыздарға сегізінші наурызға өздеріңдей бір-бір братишкілеріңнен подаркі жасаңдаршы, өтінемін…
Бөлісу:

27 пікір

Aya
Бір жігіт бар — құр жан,
Бір жігіт бар — тірі жан.
Бір жігіт бар — жігіт жан.
Құр жан дейтін жігіт — кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді,
Тірі жан дейтін — бар тапқанын киім мен асқа сатар, жақын көрген досын жатқа сатар,
Қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып, әркімді бір сықақ қылар.
ЖІГІТ ЖАН ДЕЙТІН — ЖІГІТ СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ БОЛАР. Шал ақын
satibaldi
Біз де жиырмаға кеп қалыппыз-ау…
Иә, әжім түсіп, кемпіриектеніп, отырсаң тұруың мұң, тұрсаң жүруің екіталай жасқа келіп қалыпсың. Ойлан балам, өмір деген өтпелі дегенді бекер айтқан ба? Бір аяғың жерде, біреуі көрде шағыңда барып ес жиғаның дұрыс болмады. Сол 2-3 жасыңда қыдырып-жасап қалуың керек еді. Енді бәрі кеш…
Aya
Ештен кеш бек жақсы...Өлмелі шағымда да бірдеңеге ілігіп кетіп жатсам сол да жетеді.
Adiletshu
Сонда деймін да, сол уақыттарда қыздар қанша жасында күйеуге шығу керек?
Aya
Шал ата айтады сізге ші:
Қыз онбеске жеткенде талма мойын,
Он алтыда қыздардың қылса тойын.

Он алтыдан асқан соң болмайды ойын.
dark_nazgul
Он алтыдан асқан соң пенициллин.
Adiletshu
Шал ата айтады сізге ші:
неге маған айтады? Мүмкін сізге шығар
Aya
сұрап отқан сіз ғо, мене емес. Мен басқа нәрсе сұрап отырмын.
Adiletshu
Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады
dark_nazgul
Жиырма бірге келген жасымда, балаларымның әкесі жолығып, арам өлімнен аман алып қалыпты ғой.
Yerkezhanym
Енді сендей сулу кызға мерекеңмен куттыктап бір жігіт бермесе Шал ақынға бұл сын болатын шығар)))))).Ақын аруағына жүгінгеніңе қарағанда «ақын жігіт» сұрап түрсын — ау деймин.Біраз ойланған шығарсын? «Ақын деген бірде қарт, бірде сәби. Қартты силап, сәбиге қарайсың ба?????»
Aya
Пай, пай, не деп кетті мына қыз ай Ақыны болса да, ақынға ма, әкімге ме, халқына ма түйетабан жақыны болса да бір братишкісін атса болды да е, Еркежаным.
Ahi
Шал ақын ата өзің қолдап, (Қазтуған, Ақтамберді аталар да қарап қалмай)
Аллаһ Тағала Мұхаммед пайғамбарға: «Шынында, өліктерге естірте алмайсың» — деген (Нәміл сүресі, 80-аят). Шал ақын сізді қолдамақ түгілі, тіпті естімейді де не сұрап жатқаныңызды.
satibaldi
"Қорқыңдар! Қорқыңдар! Өзім де бұтыма жіберіп бара жатырмын, сендер де қорқыңдар!"-деп кейіді Ол сонда".© Евангелие от Амандық, стих 56:11
Aya
Ахи брат, Шалдың еститініне бәстесесің бе, а?
Ahi
Шал о дүниеге кетті, ал о дүние ғайып әлеміне жатады. Енді Шал ақынның еститініне ғайыпты Білетіннен дәлел әкел! Ал ғайыпты білуші тек Жалғыз Аллаһ
Aya
да ты что...ғажайып әлем деңіз...ғаламат, ғаламат… Бұрын мұндайды жазған басым естіппін ғой ше, Ахи брат сізге рахмет!!!«Жәннаттың төріне жайғасуыңызды тілеймін, мен пақыр»
AL-ASTER
Баяғыда сәл текстінің өзгерген қалпында Шаншардан естіп ем, Нұржан айтқан.
Aya
Ахи браттар және ахи брат пиғылдылар тасада бұғып тұрып тас атқандай болмай, постымды минустамаңыздаршы! Өзімнің сенімім мен өзімнің өтінішім ғой кімге жасасам да. Сондықтан ұнамай жатса, ширк лепесті болып арларыңызды мазалап жатса ерінбестен келіп менің постымды минустамаңыздаршы… Одан да сауап болатындай ізгі ғамалдарыңызбен айналысқандарыңыз жөн болады. Мәселенки, жұмаққа кіруге әркет жасау, болмай жатса Тараз жаққа барып жарылыс жасау деген сияқты!!!
araika
Жүрегім жібіп кетті ғой Минусыңды азайтуға ат салысамын

Жақсы жігіт жолықсын!