Жиырмадағы "дегдар қыздан" Шал ақынның әруағына өтініш...

Көкшетаулық ақын Тілеуке Құлекеұлы(1748-1819ж.ж)артынан қалған "өлмес мұраларының" бір парасы қыздарға,әйелдерге, жігіттерге арналған. Қыздарды, әйелдерді жіктеп, бөлшектеп бірнеше типтерге бөліп тастайды да, әрқайсысына мінездеме береді. Сөйтеді де, «жігіттер осындай долы, пері қатындардан аулақ болыңдар, өздерің сормаңдай болып қаласыңдар»-деп кеңес айтады.

Шал ақын қыздар туралы былай деп, суырып салып айтып кеткен екен, жарықтық:

Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар,
Өңі кетіп шырайы сары болар.
Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,
Әр уақытта біреудің жары болар.

Қыз он беске жеткенде мау тартады,
Ат менен енеге жау тартады.
Екі көзі ел көшсе төңіректе,
Шарасыздың күнінен жүк артады.

Қыз онбеске жеткенде кесте алады,
Жаман менен жақсыны еске алады.
Жиырмаға жеткенде тәйке деген,
Аюша жиған майын төске алады.

Пы. сы. Біз де жиырмаға кеп қалыппыз-ау… Шал ақын ата өзің қолдап, (Қазтуған, Ақтамберді аталар да қарап қалмай) осы келіп қалған көктемде «шырайлары сарғайып кеткен» қыздарға сегізінші наурызға өздеріңдей бір-бір братишкілеріңнен подаркі жасаңдаршы, өтінемін…
Әрі қарай

Әйелдер жөнінде...

Қорқыт ата:
«Сұлу әйелге үйленсең – оның күзетшісіне айналасың, атақты әйелге үйленсең – оның атағына телінесің, бай әйелге үйленсең – оның көп мүлкінің біріне айналасың, ал ақылды, иманды әйелге үйленсең – оның сенімді серігі боласың.»
Шал ақын:
«… Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелің долы болса күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.
Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйелге беттей қоймас.
Жауыз қатын қабаған ит сияқты,
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.»
Әзілхан Нұршайықов:
«-Махаббат деген не?-десе
-Әйелдің өзі!-дер едім.
-Ләззат деген не?- десе,
-Әйелдің сөзі!- дер едім.
— Ең күшті нәрсе не?- десе,
-Әйелдің әмірі!- дер едім.
Әйелдердің барлығын:
-Жердегі Тәңір!- дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені адамзатты жарататын- әйел, ұлтын көбейтетін- әйел, ұрпақты ұластыратын- әйел, еркекті Ер ететін- әйел. Махаббаттың асыл нұры- әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті- әйел махаббаты.»
Ғабит Мүсірепов:
«Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.»
P.S. Қилызаман ағайдың жазбасынан соң, өзімнің кітапшама түртіп алғандарымды бөліспек болдым.
Әрі қарай