Саша Барон Коэн "Оскарда" Ким Чен Ирдің "күлін" төгіп алды
Вадия республикасының басшысы генерал Алладиннің кейпінде келген Саша Барон Коэн «Оскар 2012» салтанатының біраз танымал қонақтарын шаң қаптырып кетті.
Ақ шаңқан «Роллс-Ройстан» екі әдемі оққағарымен түскен генерал Алладиннің қолында КХДР-дың қайтыс болған басшысы Ким Чен Ирдің суреті бар жерлеу күл сауыты болған.
Е! басылымының журналистіне сұхбат беріп тұрып ол шараға «осы жерді көруді арман қылған досын әрі бауырын Холли Берридің көкірегіне төгу үшін» алып келгенін айтты. Алайда, сұхбат кезінде генерал күлді «байқамай» журналистің үстіне төгіп алады.
Шараның күзетшілері генерал Алладинді сыпайылап алып кетіп, қызыл кілеммен жолын жалғастыруды сұраған.
Бұған дейін Киноакадемия әкімшілігі генералды салтанатты шараға жібермейміз деп мәлімдеген болатын. Алайда, Алладиннің рөлін сомдаушы комик ультиматум қойған соң, ұйымдастырушылар бастапқы ойынан бас тартты.
Генерал Алладиннің рөлін актер, комик Саша Барон Коэн ойнады. Ойдан шығарылған Вадия республикасының басшысы туралы «Диктатор» комедиясы 2012 жылдың 11 мамырында прокатқа шығады деп жоспарлануда.
Киностан
Бірақ бұл алдын ала дайындалған нәрсе екен. Репетиция кезінде шалбармен болған да, салтанат кезінде жалаңбұтпен құлайтынын Эминемге ескертпеген сияқты
И меня вылечат, и тебя вылечат©«Али Джи Инда Клаб», «Али Джи Инда Хаус» деген фильмдерінде қаранәсілді рэпперлердің мәдениетін әсірелеп көрсететін пародия фильмде жынды ойнаған.
Сонымен көпшіліктің есінде қалған болатын.
Ал «Борат» туралы фильмі нағыз бомба болды.
Жоқ, қазақтарды масқаралағаны үшін емес, қазақтар туралы ол кезде көп аса ешкім білмейтін.
Тіпті көптеген әміркендіктер "Қазақстан" деген ойдан шығарылған «пост кеңестік мемлекет» деп ойлаған.
Бомба болған себебі, тап сол кездегі АҚШ қауымының реалияларын гротескпен дәмдеп, надандығын бүкпесіз көрсеткені үшін.
Бір актерге фанатеть ететін поциентттерден емеспін.
Жай, кездейсоқ таңдай салған.
Әлгі Уругвайың не, Парагвайың не бәрі бір ғой -дейтін қазақтар сияқты.
Станның бәрі бір ғой деген оймен таңдаған.
Қазззақстанға әдейі тиісіп??? Күлдірмеңдер.
Юмор әлеміндегі гротеск пен каррикатураның қас шебері. Адам Сэндлер(Зохан), Лэсли Нильсен (Голый пистолет) сияқты актерлермен қатар тұрады Саша мен үшін.
Құлағымды кесіп берем, анабір жерде Қазақстаннан басқа стан болса, мысалы Өзбекстан, Қазақтар көтін һәм басқа жерлерін ашып тұрып күлер еді.