Жыла! Әйтпесе, сотталасың!

Барлығыңыз көрген боларсыздар? Корей халықтық демократиялық республикасы, яғни бізше Солтүстік Кореяның күн көсемі Ким Чен Ирдің өлгенін. 2011 жылдың 17-желтоқсанында “әумин” боп кеткен ол байғұстың ажалы жүрек талмасынан болыпты. Бұрын адамдар “Сталин өлгенде бүткіл Кеңестер Одағы күңіренді” деп отырушы еді. Күліп қоятынбыз. Дәл сондай жағдайды өзіміз де көреміз деп ойламаппын. Айтайын дегенім, осы Ким Чен Ир өлгендегі халқының бірі қалмастан борша-боршасы шығып жылағаны. Тірі кезінде аннан-мыннан естіген ақпараттарыма қарағанда, оншалықты сүйкімді тұлға болмаған секілді ед… “Ойпырмай, ә…” деп аузымды аштым.
Әрі қарай

Көсемді жоқтау

Кәрістер құдайдай табынған Ким Чен Ирді жоқтауда. Массовая истерия болған екен, ужс. Мұндайды бұрын көрмегенмін. Марқұмның денесі 28 желтоқсанға дейін мавзолей витринасына тұрады екен.Фэйсбуктен көріп, стырила.

Әрі қарай