Жыла! Әйтпесе, сотталасың!

Енді ше? Қай патша өлгенде жұрт осылай жоқтап еді? Қараңыздаршы?

Ол ол ма, кейбір шет елдік басылымдар Солтүстік Кореяның орталық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып, “күн көсемнің” қазасына тек адамдар ғана емес, сол елдің жан-жануарларына дейін аза тұтып, жылағанын айтып жатыр. Былай уақытта қыс мезгілінде өалың ұйқыда жататын аю екеш аюларға дейін “Сүйікті Ким”-ді жоқтапты.

“Корреспонденттің” сөзіне сенсек, патшаларымен бақұлдасып қалуға тәулігіне 5 миллион адам келіпті.
Тағы бір қызық жәйт, Солтүстік Корея мемлекеті елге сатылып кеткен 2012 жылға арналған күнтізбелердің барлығын кері жинап жатыр екен. Себеп, ол күнтізбелерде “күн көсемнің” “әупіштин” болған уақыты жазылмаған.
Сондай-ақ, Ким Чен Ирдің мүрдесі, өзінің әкесі әрі өзіне дейін ел басқарған Ким Ир Сеннің денесі жатқан, ел астанасы Пхеньяндағы Кымсусан деп аталатын молаханаға қойылмақшы. Кейбір ақпарат көздері тіпті оның денесі дәл Владимир Ильичтің денесі секілді бальзамдалып, мумияланатыны туралы да айтуда. Ол үшін Мәскеуден арнайы мамандарды, яғни дәл сол Лениннің денесін сақтаумен айналысқан “спецтерді” шақыртыпты. Оның арасында ел-жұрт дәл мынадай азан-қазан жылап жатыр:
..”Бақсам, бақа екен” демекші, “Мыналардың барлығы осынша не өкіріп жатыр?” десем, бейшара халық амалсыздан жылап жатыр екен. Өйткені, халық соты Ким Чен Ирдің өліміне қатысты тиісті деңгейде аза тұтпаған, жыламаған, сондай-ақ оның режиміне сын айтқан адамдарды 6 айға дейінгі бас бостандықтарынан айыруға көшіпті. Ал ел тізгінін осы Ким Чен Ирдің үшінші баласы Ким Чен Ун қолына алғалы жатыр. Өз кезегінде бүткіл халық оның алдында бастарын иіп, өле-өлгенше оған адал қызмет ететіндіктері туралы ант беріп жатыр.
-Бвуууәәәәәәәәәәәәәәәәәәә, бәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәә!!!