Кешір мені........

Мен сені сүйіп едім.

Сол шақтарда түсінбеппін мен сені.
Шектен шығып,
Тым асырып, көтеріппін еңсені,
Немқұрайлы, салғырт қарап тұрушы едім
Толқып тұрып айтқаныңда «сүйемін деп тек сені!»

Саған сабақ әлдеқашан бітсе де
Мен шыққанша күтуші едің қанша уақыт,
Ал кей-кейде қуланып мұғалімнен
Шақыртушы едің физиканы сылтауратып.

Кездескенде үнсіз ғана тұрушы едің,
Қызараңдаған жүзіме қарап менің,
Сол сәт менен жауап күтіп тұрғаныңды
Мөлдір қара көзіңнен ұғушы едім.

Айтып едің Костанайға аттанарда:
«Сәулем сенсіз өмір сүргім келмейді»
Ал мен болсам жауап бердім жаймен ғана
«Кешір мені жүрекке әмір жүрмейді»

Сонда да сенен хабар үзілмеді,
Хаттарыңнан бір жылулық сезіледі
Бірақ, бірақ соңғы уақыт хабарың жоқ
Қалай болды мұның кілт үзілгені?!

Шыдамадым, хабарластым досыңа
О, тәңірім, не естідім мен сонда?!
Желік қуған желөкпелер кесірінен
Шығарыпты сені соңғы сапарға.

Аласұрып, ағыл-тегіл жыладым,
Кінәлідей өз-өзіме болдым өш
Армандадым « сол сәт қайта келсе екен» деп
Амал қанша, бірақ енді бәрі кеш.

Хаттарыңды жанталасып оқушы едім,
Телефоннан хабарыңды күтуші едім,
Кешір жаным, кешірші, кешір мені
Мен сені шынымен де сүюші едім!

«Сүйем» деген сөз ауыздан шықпауы
Қарғыс атқыр тәкаппарлық мінез екен,
Махаббатты шын түсініп бағалап ең
Сендей жігіт бұл әлемде бар ма екен?!

Кешірші, кешір мені өтінемін.
Өкінемін,құрғыр-ай, өкінемін.
Кеш те болса айтайын, білсін бәрі,
Кешір жаным…
Мен сені сүюші едім.

Кейде біз «итсің» дейміз жамандарға
Қанекей сол сөзіміз берсе пайда,
Ит дегенің көп нәрсені сезеді
Кей адамға сол иттей сезу қайда?!
Бөлісу:

7 пікір

satibaldi
Прозаға кет құрысын, неткен масқара мынау.
satibaldi
Айгүлімнің моласы
e_zhalgas
қайдан шыққан батпан құйрық?!
kokbori
Жазба құсық, автор зынданға дегенді естіп ыза болушы едім, айналайын-ай
konvict
Мынау құсық мелодияны қосып қойып, жылаңқы дауыспен айтатын ғашықтық әндерге жақсы сөз болады екен