Қабір мәселесі

"...Өлетініңізді білгеннен кейін, жылап-сықтап, қатты уайымға салынбаңыздар..." © муллакариим, Iman.solai.de


Facebook «Алда-жалда Аидке аттанып кетіватсам» («If I die») атты скриптті орнатып алуды ұснып отыр.
Мағынасы: өлгеннен кейін жарық көруі тиіс жазба немесе видеоны орнатып, Аид патшалығына жүріп кеткеніңді растайтын 3 досыңды таңдайсың. Сен өле қалғаннан кейін 3 досың да ана жаққа аттанып кеткеніңді растаса – тастап кеткең жазбаң немесе видеоң Facebook-тегі парақшаңда жарық көреді. Бүкіл адамды боқтап, балағаттап, рақаттанып кетуіңе болады: олардың жауабын бәрібір ешқашан естімейсің.
Қорс-қорс жльапъ отырып, соңғы хатымды жазып орналастырып, үш досымды таңдадым. Оның біреуі —
Aizhantabyn
Бөлісу:

18 пікір

patick
Нағыз керек приложение! Қазір-ақ орнатып алам
patick
Сұрақ, Фейсбук өлгеніңді қайдан біледі? Достарыңнан сұрамас бұрын.
satibaldi
Фейсбук білмейді, үш досың ғана біледі
e_zhalgas
бұл қосымшаның екі проблемасы:

1) ешкім өзінің күні ертең өлетінін ойлағысы келмейді, сәйкесінше, бұл игілікті пайдалануға асыға қоймайды;

2) қайтыс болған адамдардың желідегі белсенділігі біраз талқыланған тақырып және мынау сол алауыздыққа тағы қозғау салатын сияқты.
asaubota
дайындап қояйық. өзім өліп қана қоймай өзімнен кейінгілер де у ішіп өлулеріне әкеп соқтыратын бірдемелер қалдырып кетейін ба? )))
nurjanbay
адам өлмей тұрып "үш досы" өлгеніне «куәлік етіп» барлық құпиясын жариялап қойса ше?
Nurgisa
Ондай жағдайда ол үшеу әлгі тоғызға барып қосылады. Жатсын сол, куәлік етіп. Зато рухымыз өр деп.
nurjanbay
Фейсбукта тірі адамға "өлді" деп «куәлік» етсе заңмен қудалана ма? шын айтып тұрсың ба?
Abilakim
«Аспаннан мың қылыш түсіп басымды шапсын» деп айтшы десеңші
nurjanbay
жақсы нәрсе екен. менімше қосымша функциялар қосса одан да жақсы болар еді. мысалы өзіңнің почтаңның паролін, банктегі есепшоттарыңды, құпия ақпараттарды тек бір адамға жібергің келсе барлығына жарияланбайтын, тек белгілі бір почтаға ғана жіберілетін хат жазу. мен жаңа өзіме қондырып мүмкіндіктерін тексеріп көрдім. тек хат жазу, видео жазу, сосын үш дос таңдау, мне нравитца деген кнопкадан басқа дым жоқ.
satibaldi
банктегі есепшоттарыңды
Мені өлгендігіңді растайтындардың қатарына қоса салшы.
nurjanbay
мені дұрыс түсінбей қалдың. "үш дос" тек өлгенімді растау үшін қажет. ал өлгенім расталғаннан кейін мен айтып отырған "құпия хат" өлгенімді растағандарға емес белгілі бір адамның почтасына жіберіледі ғой.
Nurgisa
Адам саны бiреумен шектеле ме, алде тогыз болса да руксат па?
FaraOn1
мен өлмеймін, менікі де өлмейді
ickep
Таңдаған үш досың сен өлер алдын бір күн бұрын мерт болса не істейсің? Дереу фбҒА кіріп, нервничитетуге желания жоқ.