Twitter лентасына instagram суреттерін шығаратын Chrome браузеріне скрипт жазамыз

Бұрын twitter лентасында instagram-ға жүктелген суреттер тікелей көрінетін еді. Ал қазір instagram-нан келген суреттерді көру үшін сілтемеден өтіп, instagram сайтынан ғана көре алмыз. Негізі ондай сұмдық жағдай емес, бірақ кейбіреулері кезінде шулап алған еді. "Instagram-ға салған суреттеріңізді twitter лентасына экспорттамаңыздар, бір сурет үшін басқа сайтты ашпаймын, суретті тіке twitter-ге жүктеңіздер, неге ашылмайды, бұрын жақсы еді, баяғыда сәбет үкіметінде басқаша еді, Цукерберг мал" деген сияқты біраз әңгіме айтылды.

Өмір қиын, баяғыда керемет еді деп жылана бермей, осы неге қосымша script ақрылы instagram суреттерін twitter лентасында көрінетіндей қылмасқа деп, twitter лентасын зерттеуге кірістім. Жалпы twitter веб құжаты қалай құрылған, қай тег қандай class-пен белгіленген, әр твитті қалай программалық жолмен таңдап алуға болады, тегтер қалай бір-бірінен ерекшеленіп тұр, instagram-нан келген суреттер қалай орналасқан, twitter-дің өзінде салынған суреттер қалай орналасқанын анықтап ұғып алу керек болды.

Ары қарата оқымаймын, дайын скриптті жүктеп алып өзім түсініп аламын десеңіздер мында өтіңіздер.
Әрі қарай

Қабір мәселесі

"...Өлетініңізді білгеннен кейін, жылап-сықтап, қатты уайымға салынбаңыздар..." © муллакариим, Iman.solai.de


Facebook «Алда-жалда Аидке аттанып кетіватсам» («If I die») атты скриптті орнатып алуды ұснып отыр.
Мағынасы: өлгеннен кейін жарық көруі тиіс жазба немесе видеоны орнатып, Аид патшалығына жүріп кеткеніңді растайтын 3 досыңды таңдайсың. Сен өле қалғаннан кейін 3 досың да ана жаққа аттанып
Әрі қарай