Өмірден өз орнымды тапсам деймін...

Әке-шешеміз өмірге әкелді, жарық дүние сыйлады. Білім алу, бақытты балалық шақ мүмкіндіктерін сыйлады.Біз үшін қаншама қиындық көрді, қуаныш сыйласақ жас балаша шаттанды. Жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасырып жүретін ата-аналарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес.
«Ата-анаңа не көрсетсең, алдыңа сол келер» деген қазақ халқының тамаша сөзі бар. Осыны кез-келген бала есіне сақтауы керек.
Кейде біздер ата-аналарымызды еркелікпен ренжітіп жатамыз. Ондайда олардың көңіліне ауыр тиетінін ескермейміз. Сондай ерке қыздың бірі болған мен анам мен әкемнің қасынын кеткелі бері, барлығын түсініп жүрмін.
Менің ағаларым мен апаларым әке-шешелерін қатты сыйлайды. Қазір олар олардың үмітін ақтау үшін еңбектеніп жүр. Мен де ата-анамды ренжітпей, олардың сенімін ақтап, жоғары оқу орнына түскім келеді. Оқуымды үлгілі аяқтасам, ең алғашқы еңбекақымды әкем мен анама сыйға тартсам деп армандаймын. Ол үшін, әрине, көп еңбектену керек. Ата-ананың ризалығын алу деген сөз- отбасыңа, Отаныңа үлес қосу деген сөз деп ұғамын.Барлық достарымды аяулы ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге шақырамын. Олардың қабағына ешқашан кірбің ұялатпайықшы.
Бөлісу:

93 пікір

madlen
Студенттердің үй сағыну синдромы
dark_nazgul
мектеп оқушысы ғой))
Gastarbaiter
Зануда-кун негодуэ:
Әлдебір құбылысты тек бір ғана симптомға сүйеніп синдром деп атауға болмайды. Синдром әрқашанда бірнеше симптомдардың бәрінде бірдей кездесетін кешенді жиынтығы.
balenti
сен енді не айтып отырғанынды білесін ғо, а то менім бір досым бар, сен сияқты түсініксіз терминдерді «тығып» жівереді, ол не деп сұрасаң одан да түсініксіз термин айтады… Алайда «Обмани меня» қараған Баленти отірік айтып отырғанын біліп отырады…

синдром ба симптом ба білмедім, мықты айттын Гаста))))))))
Gastarbaiter
Қыртпаш нақ, симптомды білетін шығарсың енді.
balenti
ой щщс, жүрейін сол, бір Синдромда жоқ дегенде неше Симптом болатынын есептеп… Елестет: Мен келе жатам бірдеме есептеп, саусағым жетпей, алдымнан Нурберген Мақым шыға келеді, амандасат, мен дұрыс амандаспаймын, шатасып кетпеу үшін, на самом деле симптом санап келатырмын… Оны еще оған айтып қара, сол күні Жаңа пост атып шығады примерно: «Синдром санап амандаса алмаған Баленти» деп)))))
Gastarbaiter
Тұқымың жайылғыр, екіге дейін санай алсаң болды ғой. Өй, жоғалшы, пәтшағар, саған тәптіштеп отырған мен ақымақ
balenti
муқуақуақуақуа)))))
Aiko-j
1 күнде сарт-сарт етіп екеуін жазып тастапсын ғой Кермет)))))
araika
Пост қатты әсер етіп кетті, осыдан 10 жыл бұрын оқығанымда басқаша болар ма едім…
satibaldi
Аспан Әміршілері…
Medet
Алла Тағала дегеніңе жеткізсін, Қарақат. Адам болып жер басып жүрсем, Алла қолдаса сенің де бұл арманыңа қол жеткізгеніңе әлі талай марте куә болармыз. Аппағым менің…
Gulistan
Сіздер бір-бірлеріңізді танисыздар ма?
Medet
Қарақат менің қарындасым
satibaldi
«Хат! Эбенезер Дорсетке. Эсквайрға»
balenti
Аққу деген апам бар десе?
«Хат! Эбенезер Дорсетке. Эсквайрға»
не қосар едің?)))))
Medet
Асылында "құмырсқа жолы мен аяздың әлі" туралы қазақтын сөзінің тым терең мағыналы әрі дәл айтылғандығына еріксіз бағынасың
balenti
Медет ренжіп отырғанынан саумысын?!
Aizhantabyn
Қарындасыңыз болғасын ғана жаныңыз шығып жатыр ғой.
nurbergen_makym
Енді, кімге қарындасы, кімге ақ аю дегендей…
Medet
Баке, менің Сендерге емес бас жақтағы «сыншы немелерге» көңілім қалып отыр. Қазақта балақтағи биттің басқа шыққан шағы осы ма деп те отырмын немесе әлгі «сыншы немелердің» жаптым жала, жақтым күйе кейпіне еніп отырғандары ма?..
Abilakim
таптың ба?
Medet
Сөздің парқын түсініп, тыңдар құлақ болса ше?.. Мына сайтта отырып былшыл әңгіме мен боқтық сөз айтқыштарды орындарына қойсаңдар қайтеді?.. Шамасы кейбір ЖАЗҒЫШТАРҒА Құнанбайдын қаһары немесе молданың айыр қамшысы жетпей жүрген сияқты…
serjan
Мына түрлеріңмен сайтқа ешкімді жолатпайсыңдар ғой.
satibaldi
Сен ешкім емессің бе не?
serjan
мен сенен қорықпаймын енді,
Medet
Сайт журдім- бардым әңгіме немесе «жазғыштардың» боқтық пен былғаныш алаңы емес, атына лайықты керек сайт әрі жаңадан қалам тартып жүрген немесе өз ойыммен бөлісемін дейтіндердің шынайы пікірі болуы керек секілді
Aramza
Сайт журдім- бардым әңгіме
ұсынарың барма?
asaubota
бұдан кейін жаңадан келгендерді мазақ қылғандарыңды көрсем 1 апта банға жіберемін, ешкімнің көзжасына, рейтингіне қарамаймын.

айтқыларың келсе реал сын айтыңдар, жазбасының қай жері кем, әлсіз, қай жері қате екенін. еш негізсіз, құр тиісулерді жазалаймын.
rauka
Шынында да, «керекте» қисық сөзбен орақ оратындар көп екен. Дегенмен, оны да орнымен сөйлеу керек шығар. Сөз "қууды" қойсаңдаршы, дұрыстау пікірлер оқығымыз келеді… бар болса
Medet
Не деген сөзді түсінбейтін адамдар бар??? Шынында да қазақты репрессияға ұшыратып, ұлт жанашырларынан айырғандардың күнін кешеміз мынадай ТУПОЙ сұрақтарымызбен!
Gastarbaiter
Мені бір сұмдық талғампаз деп деп отырған шығарсыз. Қайдағы???
Балалардан сәл ғана, титімдей ғана елден ерек нәрсе көрсем «Ойбай керемет! ойбай вундеркинд!», «Тап осыңнан айныма!» деп тәңір атаулыға алғыс айтудан қорықпаймын, бірақ кішкене елден ерек түгілі, дұрыс ақпарат та, талпыныс та, сұмдық бір ізденіп тұрып жасаған еңбекті де көріп жүргенім шамалы.

Ал сен сияқтылар туысы Олимпиададан жеңіліп қалса, «Ойбай, парасын аздау беріп қойғанбыз ғой, Пәленбайдың баласына берген несі -ей, оңбағандар, менің балам/інім/қарындасым бәріңнен керемет біледі тақырыпты!» деп бетінен қақпай, кінәні бүкіл жамағатқа жауып, баланың ұлылық маниясына су бүркіп, одан әрі жел беріп отырасыз.

Бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін жұлып алатын, айбақы ашық мінезді орыстілді балалармен бетпе-бет кездескенде интеллектуалды тұрғыда піш боп қалады да, бақталастыққа шыдай алмай, «Бұл біздің жер! Кет» дегеннен аса алмай қалатынынң куәсі болғанда, қарның ашпай көрсін.
Medet
Хадис.
Кімде-кім Аллаһқа және ақыретке сенсе, көршісіне жақсылық жасасын. Кімде-кім Аллаһқа және ақыретке сенсе, қонағына жылы шырай танытып, құрметтесін. Сондай-ақ, кімде-кім, Аллаһқа және ақырет күніне иланатын болса, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін.
(Муслим риуаят еткен)

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:
«Араларыңнан кім жамандықты көрсе, оны қолымен түзетсін. Оған күші жетпесе, тілімен тыйсын. Бұған да шамасы келмесе, жүрегімен жеккөрсін. Бұл — иманның ең әлсізі.»
(Муслим, Әбу Дәуіт)
VKM
Хош келдің, Медет. Сайттың «боевое крещениесінен» өтуіңмен
satibaldi
сен мемлекет болсаң, жалауың ақ болар еді.
VKM
хехе, ақ- тазалық белгісі
meirzhan
«Осы сайтқа тіркеліп, жазбалар жазсам ба екен» деп тіркелген жоқ қой ))) оқушылары үшін тіркелді, уақытша ғана
araika
Оқушылары әлде қарындасы?
satibaldi
«Жақыныңды лақтырып кет, әйтпесе басқа біреу келіп екеуіңді де лақтырып кетед» (Амандықтың айтқанына Зайыт куәлік еткен, Зайыттың айтқанына икә куәлік етейін деп жатқанда, нотариус жауып кеткен).
Medet
Ракмет. Мынадайларды шығарып алып орнына қою керек сияқты. Әттең дебат клубы болғанда, көрер едік…
satibaldi
Денсаулық ұрып тұр дейсің ғой
Medet
Аллаға сансыз шүкір
satibaldi
«I'm William Walles!!!»
VKM
ммм да уж… он плохо кончил… сол шотландецтің өлімі жаман болды ғой(((
satibaldi
Со қаравторық қой енді, мына уоллсты
VKM
мен сіз девотрм William Walles
satibaldi
Қойнақ, ешқашан төсек не төбелес кемеңгері ретінде өзімді ұстаған емеспін. Жалпы қалай, барсыз ба?
VKM
жүрмін, бармын. Өзіңіз аман саусыз ба?
satibaldi
Жүрген әйтеуір, әр қатынның үйіне бір қонып.
Medet
Маған қазақтың батырлары да жетіп жатыр
VKM
Медет, сен жаман ойлама. Олардың әрқайсысы болса да ірі тұлғалар, шын айтам. Тек өстіп біраз басында тиіседі.Біріншісінен өтсең, ортаға кірсең, дедовщина бітеді)))Оқып-біліп-танысып отырсаң,өзің де түсінесің. Бәріміз басында сатыпалдымен қырылатынбыз,қазір. Гастаның да білмейтіні жоқ.
Medet
Рақмет. Мен ешкімнің біліміне шек келтірмеймін, ешкім ешкімнен артық емес. Тек әділдік болса, жастарға үлгі болса деймін. Кейбіреулердің Қыйсық сойылы жаңа қанат қағып келе жатқандарды қанап кетпесе деймін…
satibaldi
сізге кітап жазу керек қой. Мынадай қанатты боп кетуге шақ қалып тұрған базыналы сөздеріңіз, базыналы ойларыңыз қалың жұртқа тарамай, қайдағы MySQL мәліметтер қорында comments.MY1 файлында жатқанына ішім қынжылады.
Medet
Оқасы жоқ, менен де басқа жазғыштар жетіп жатыр ғой, солар жазса да аз дүние болмас.
satibaldi
О не дегеніңіз, басқа жазғыштарды көріп жүрміз ғой, сөзінің басы — аяғымен салаласпайд, сіз болсаңыз, тыныс белгілеріне дейін сәтті қояды екенсіз. Әттең, құрыған адам болмағаныңызда 15 дана кітабыңды бастырар ма едім!!!
Medet
Ғайбат сөз айтпа, бауырым. Ақыретте берер жауабың бар ма, немесе қылған тәубең бар ма? Қарапайым адам болсаңшы, тілің мен жағыңа сүйенбей.
Мына сайттан оқұырсың керегіңдіhttp://muftyat.kz/
VKM
Медееет, меніңше осы сөздерді текке жаздың
Medet
Қасқырдың терісін жамылған қойдан шаршап кеттім
satibaldi
Саламатсыз ба, Джесус ағай, қал қалааай???
Medet
Қазақтың бас ақыны Абай: «Адамға ақыл парыз, ақылды адамға иман парыз» демеп пе еді… Керегі болса ойланарсыздар. Ракмет.
meirzhan
Түртіп алу керек екен. Қай жерден алдыңыз бұл сөздерді?
satibaldi
Тегінде мал баласы малдан қазысының елісімен, сан етінің кесегімен, соғым кезіндегі бағасымен озады. басқа нәрсемен озам деу бекершілік.
Medet
Шамасы домбыра мен Домбырашының бейнесі көрінген сияқты
satibaldi
Не ғой, ойнадық, күлдік біраз, енді жететін шығар. Келесіде деймін де. Сен былай, сөздеріме терең бойла. Мен бір сканворд адаммын — оны да ойла. Сотықпалы-бардак жерде өстім, 871 адаммен жалғыз алыстым. Кінә қойма нақ!
Medet
Өз өмірің өзіңе. Қайда, қалай өскеніңде шаруам жоқ. Әділдік көрсем, пәтуалы сөз естісем, талпынған қанат көрсем, қуанған ата-ана мен бауы-достарды көрсем, иманды ортада иманды ұрпақ тәрбиелесем, Жәннатқа жақындарыммен кірсем болғаны. Не қалайсың, не айтасың, кіммен алысып, кімге айтасың, оны қадағалау менің міндетіме жатпайды
satibaldi
Жәннатқа жақындарыммен кірсем болғаны.
Үкілі үміт-ай десейш.
Medet
Әрине Үмітсіз- шайтан. Кеудемде жаным барда Алладан адастырмауын сұрап, Қаһарынан қорқып, мейірімінен үмітімді үзбеуге тырысамын, бұйыртса.
satibaldi
Қыздар сыныватыр деп қиялдап кетіп, тым қатты тақуа бов кеткен жоқсың ба? Жә енді, тасташ нақ.
Medet
Астағфируллах, Астағфируллах, Астағфируллах
Gastarbaiter
Тақырыпқа қатысты, тіпті майданға жіберген бүлдіршіндеріңнің еңбегін қорғауда «Имансыздар!» дегеннен басқа бір аргумент көрсемші…
Дебат сенің не теңің десейш
sabalak
қамсыз қазақ қартайтқан ұлы Абайды деген сөздер еске түсет осындайда!
Medet
"Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың",- деп қапаланған Абай мен бабаларымыздың қиған жаны мен төккен тері, көрген азабы мен жұмсаған қажыр-қайраты текке кетпесе жарар еді…
Gastarbaiter
Пафосың мүлде орынсыз енді бұл жерде. Қарапайым-қарапайым бол дегенеің қайда өзіңнің?
Автобуста біреу аяғыңды басып кетіп, сіркесі су көтермей, орнына «кетшнақ» десе:
«Уа, жамағат! Иман қайда! Ар қайда! Оу, қазақтың бір пендесін маңдайларыңа тар көргендерің бе? Аяғымды басып кетті ғой, менің аяғыма тиген аяқ қазақтың маңдайына тиген аяқ емес пе! Астапыралла! Бұл не деген үнсіздік ойбай-ау! Қазақтың қасіретіне қазақ немқұрайды қарағаны емес пе еді, 30-шы жылдары боздақтарымыздың қырылғаны??? Оян қазақ!» деп жер тепкілеп жылайтын шығарсың.
KILYZAMAN
Гастекесі, Абайдың басынан кешіргендерін неге өшіруге құштармыз? Аяғына қарай тамағы болмаушыма еді?
sabalak
екі әйелдің балдары құсап екеуің не мәйкілеріңді жыртып отсындар! кеңк кеңкҚҚ
AL-ASTER
Тоқталмас уақыттың зымырап өтіп жатқандығын қарап, балалық шақпен қош айтыса, болашақтағы көретін күндерімді армандап қоямын. Ай, қу арман… Нені ойлатпайды дейсіз, нені істеткізбейді дейсіз бұл жалғанның жұмағын көрудегі адамның арманы. Ия, шыны керек, армансыз адам болмайтыны хақ. «Армансыз адам — қанатсыз құспен тең» — дейді ғой дана халқымыз. Әсіресе балалық шақ күндердегі шомып жүрген арман — ең бір тәтті шақтардың бірі емес пе… Міне, осындай тәтті армандарды ойлаудың өзі бір ғанибет, осы арқылы адамның өмірге деген талпынысы оянады.
Адам баласы талпынған армандардың ең бастысы — бақытты болу екен…
Жазған уақыты: 2009-03-18 22:41

Бұл кезде жас 16-да бопты. ) От едік)) Осындай армандар бар ед.
KILYZAMAN
Өмірден өз орнымды тапсам деймін...
— пісе бер, пісе бер… Орның күтіп тұр