Рамазан Стамғазиев - Дәриға дәурен



Дәриға-дәурен

Аққу-қаз әуелейді қалықтаған,
Қайтейін қанатым жоқ қалып барам.
Жүрегім құс боп ұшып кетті-ау бірге,
Жылатып жалғыз қалай алып қалам?
Дариға-дәурен!

Гагигай, гиккай, гиккай,
Гагигай, гиккай.
Гагигай-гиккай-гиккай,
Гагигай, гиккай, гагигай,
Дариға, шіркін, дәурен!
м-м-м-м-м…

Қаз көшіп омырауын алқымдаған
Айдын көл мұңаяды салқындаған
Асылын Төлегендей ғашықтардың
Айналып алты қаздай қаңқылдаған-оу,
Дарияға дәурен
Гагигай, гиккай, гиккай,
Гагигай, гиккай.
Гагигай-гиккай-гиккау,
Гагигай, гиккай, гагигай,
Дариға, шіркін, дәурен!

Дариға шіркін дәурен
Гаккай, гигигай-гигигай-гигигай-гигигай-гигигок,
Гагигай, гагигай-гигигай-гигигай-гигигай-гигигок,
Гагигай-гагигай-гагигай,
Дариға, шіркін, дәурен!
Айналып алты қаздай қона алмаған,
Дариға-ай шіркін дәурен.
Бөлісу:

12 пікір

Abilakim
Жақсы ән осы.сөзі Тұрсынжан Шапай ағамыздікі ғой деймін шатаспасам.ал, бұл әнді a63a1 атты қолданушының әжесі джынды айтады
a63a1
 Асаба мырза, Рахмет!
Zhan
Ең алғаш естіген кезде тебіренгенім соншалық, қайта-қайта тыңдағаным есімде. Әлі де ұнайды, өміршең ән. Ән орындаушысын, орындаушысы әнін тапқан дүние.
salta
мен Рамазанның оркестрмен осы әнге репетиция жасағанын көргенде, 100 градуспен бұттан жібергенмін… орыс дирижер Рамазанды түсінбейді, Рамазан орысша ойын жеткізе алмайды… бәрін қойып, Рамазан оркестрмен тікелей жұмыс істеді… дирижерге сахна шетінде тұруына тура келді… ыРЗаааа болдым…
TERISKEY
100 градуспен бұттан жібергенмін
Бұттан жіберудің де градуспен бұрылу әдістері болды екен ғой
Abilakim
бұл кісі қалаған кезде қалаған бұрышынан жібереді ме деп қалдым.
Gastarbaiter
Бұрыш емес, температура сөз болса керек. «Ссать кипятком» деген сияқты.
salta
ойнапсың менімен
dark_nazgul
Асылын Төлегендей ғашықтардың
Басынан Төлегендей ғашықтардың.
meirzhan
Бұл жазбада неге минус? Техникалық қате кеткені ме?
Және де мен бұл жазбаны бағалағаным есімде жоқ, бірақ әйтеуір балл көрініп тұр. Минус қоймаған сияқты едім.
MamaAya
… Сағынып отырмын…