Рамазан Стамғазиев - Дәриға дәурен



Дәриға-дәурен

Аққу-қаз әуелейді қалықтаған,
Қайтейін қанатым жоқ қалып барам.
Жүрегім құс боп ұшып кетті-ау бірге,
Жылатып жалғыз қалай алып қалам?
Дариға-дәурен!

Гагигай, гиккай, гиккай,
Гагигай, гиккай.
Гагигай-гиккай-гиккай,
Гагигай, гиккай, гагигай,
Дариға, шіркін, дәурен!
м-м-м-м-м…

Қаз көшіп омырауын алқымдаған
Айдын көл мұңаяды салқындаған
Асылын Төлегендей ғашықтардың
Айналып алты қаздай қаңқылдаған-оу,
Дарияға дәурен
Гагигай, гиккай, гиккай,
Гагигай, гиккай.
Гагигай-гиккай-гиккау,
Гагигай, гиккай, гагигай,
Дариға, шіркін, дәурен!

Дариға шіркін дәурен
Гаккай, гигигай-гигигай-гигигай-гигигай-гигигок,
Гагигай, гагигай-гигигай-гигигай-гигигай-гигигок,
Гагигай-гагигай-гагигай,
Дариға, шіркін, дәурен!
Айналып алты қаздай қона алмаған,
Дариға-ай шіркін дәурен.
Әрі қарай