Мен жек көремін...
мен үнемі тыныш отыра алмаймын… сол үшін, біреу көмек сұраса дымым қалмай көмектесіп, лақтырып кеткенде жылап алам… сол үшін, бүгін мынаны істеймін, міндетті түрде бітіремін деп кейін өзіме неше түрлі сылтау айтып, бітірмеймін сол жүмысты… сол үшін, мамама звондап қал жағдайын білемін, бірақ ұрысып қалмауға тырысамын деп уәде беремін, звондаймын, бірақ ұрысып қалам… сол үшін, күйеуім футболға кетіп бара жатса ашуланбауға тырысамын деймін, бірақ бір бұрқылдап аламын… сол үшін, сіңілдерім тамақты дәмді жасамаса үндемей жей салмаймын, міндетті түрде сөйлеймін… сол үшін, ауылдың адамдарын көрсем шамалы болса да жақын тартуға тырысамын деп ойлаймын, бірақ оларды көргенде бөренедей қатып қаламын… сол үшін, демалыс күндері ертерек тұрып, тіршілігімді жасаймын деймін, бірақ 12 — 1ге дейін жатып ұйықтаймын… сол үшін, қазір «керекке» кіремін де, ешнәрсе айтпастан қайта шығып кетемін деймін, үнемі тыныш отыра алмайтын адам тағы да біреуге жаман сөздер айтамын… сол үшін мен өзімді жек көремін, сіздер секілді мен де өзіме delete басқым келеді… кешірім өтінемін, өз-өзіммен күресіп келемін, әлсіз екенмін, тым әлсіз екенмін… мазаларыңызды алмаймын енді
Қазір сізге сабырлылық танытыңыз дегеннен басқа ештеңке айта алмаймын! Барлығы да жақсы болады әлі-ақ!
Қарсы сөз айтыла береді ғой, оған көп көңіл бөлмей-ақ қойсай…
Айтпақшы, рахмет, менің тақырыптарыма пікір жазғаныңа.Давай, дос болайық!!!
Қарсы сөзді кім айтты?
Ана жақта unknown-ға жазықсыз минустар қойылып жатыр. Сол жақта жұмыс бар саған.
Әй, бірақ, қайрылмайды-ау…
не шықса да сізден шықты ғой дим
Әкел бері қайғыңды — тең бөлейік!
Бірімізге біріміз дем берейік,
Бір арбаның астында дөңгелейік деш ))