CUT қоймау себебіңіз не?

<cut> тегі ұзын жазбаларды қысқартады, жазбаны толық оқу үшін («Жалғасын оқу» түймесіне басу керек).

CUT қоймау себебіңіз не?

Бөлісу:

42 пікір

Robin
Админ сол тегін қоям сосын мақала қысқа болып кетеді. Сосын астында Жалғасын оқу деп тұрады. Соны бассам бағанағы қысқа пост. Негізі тегін басып жіберсем менің мақаламды жойып жібереді.
asaubota
сұрағыңды түсінген жоқпын. түсінгенімше айтып көрейін: қай жерден кескің келеді сол жерге қойылу керек. ешқандай логика керек емес бұған. қалай бұл нәрсені қиындатып, мәселеге айналдырғаныңды түсінбеймін.
Onlasyn
ВидеоСабақ керек қо )
sigma
ВидеоСабақ керек қо )
видео сабақ істер болсаң:
Көрсетіп отырып мына мәтінді оқы:
Ассалаумағалейкум, қадірменді керекинфо блогерлері! (Садықтың монотонды қарлыққан даусымен) Кхм, (жөтеліп қой уақыт созу үшін, құрығанда бір минуттық ролик болу керек) Көптеген қолданушыларымыз мақала жазғанда CUT тегін қоюды білмейді екен, осы бейне сабағымыз аз болса да көмегін тигізеді деген сенімдеміз. Сіздерге түсінікті болуы үшін, бірге отырып мақала жазалық. Ол үшін сайтымыздың жоғары жағындағы „Жаңа пост„ деген түймені басамыз. Кхм, ашылған бетте қай блогқа жазатынымызды таңдаймыз, біздің жағдайымызда „жеке блогыма„ болсын. Әрі қарай тақырып атын жазамыз, мысал ретінде „ Тақырып„ дей салайық. Кхм, енді мәтін тереміз. Әрине сіздер өз мәтіндеріңді тересіздер, мен уақыт алмау үшін, бір мәтінді көшірмелеп саламын. Біраз үлкен мәтін болды. Енді қию үшін, курсорымызды қиғымыз келген жерге қоямыз. Ойша елестетіп көріңіз, курсоға дейінгі мәтін, көрінетін болады да, кейінгісі жасырын тұрады. Курсорды орналастырған соң мәтін формасының жоғарғы жағында орналасқан құралдар мәзірінен қайшы суреті бейнеленген түймені басамыз. Ендігі кезекте „жариялау„ түймесін басамыз. Осымен мақаламыз жарияланды.
Мақаламызды көру үшін, „Жаңа блогтар„ түймесін басыңыз. Мақаламыз жоғарыдан бірінші болып тұр. Толық оқу үшін „Жалғасын оқу„ сілтемесін басамыз.
Қадірменді керекинфолықтар осымен кезекті бейнесабағымыз аяқталды, көріскенше күн жақсы болсын!
asaubota
Ойша елестетіп көріңіз

ең қиын жері осы ау деймін.
madlen
Барлығымыздың, кат қоюды білмейтіндерді айтам, қателігіміз — қиятын жерге қайшыны қоймай, тексттің қиып тастау керек жерін толықтай белгілеп, қайшыны басады екенбіз. Сонда тексттің қай бөлігі қайда қалғанын түсінбей қалады екенбіз.
asaubota
логика түсініксіз. сонда қалай қалған бөлігін компьютер өзі есіне сақтап ұстап тұруы керек пе?
madlen
енді қайдан білейік  
Қайшы текстті шынымен де қиып тастайды деп ойламағанбын ғой. Только жалғасын оқу дегеннің ар жағына өзі сала салады деп ойлаған шығармын да.
Aizhantabyn
))))))))))))))))))))))))) а менің басыма мәтінді выделять ету кіріп шықпапты)))) сөйтсем, точно зависнуть етер ем)))
madlen
Туу, кетіңдерЧ, ұялып қалдым ғой. Проблеманы басқалар дұрыс түсінсін деп жазғам
Aizhantabyn
ей, рас айтам))) олай да істеуге болады ау деп ваще ойламадым, тупо кат деп жазып та көргем зато)))))
madlen
Маған Бальзаминка 1 сағат агентте түсіндірген:
Мысалы мынандай текст: Базарға барып алма сатып алып келдім. Базарға барып деген жерден қысқарту керек болсын. Сонда былай болады: Базарға барып <кат> алма сатып алып келдім.
MickThatsMyNick
Мәтінді «выделять» етпей-ақ, жай қай сөйлемнен кейін қоғыңыз келеді, сол жерге қоя саласыз, выделять етсен жойылып кетеді.
Armanjan
аптамат қойылып тұр, «жалғасын оқуды» бассаң ашыла қалад, тиіспесең бәрі бір бетке сыйып ыңғайлы тұр…
Onlasyn
Негізі админ катты автоматты қылып істесе мұндай мәселетуындамайды.
asaubota
автокат қойып көргем бұрын. сөзді мағынасыз жерінен кесіп тастайды, қанша дегенмен адам емес қой.

ұзын мәтінді кесіп, қалғанын Жалғасына жіберу де блогер этикасы. менің ойым сол мәдениетке үйрету қолданушыларды.
Zhan
Осы «Керекке» келгелі қысқа посттарға үйреніп қалғаным соншалық, кейде жалғасын оқу дегенді көріп, соны оқуға ерінетінді шығарыппын. Бұл жақсы ма, жаман ба, білмеймін, бірақ көпсізділік бірте-бірте азайып келеді. Тек, Мағауин айтпақшы, «Егемен Нұрстан» газеті ғана көпсіздің көнекөзі болып қалатын шығар болашақта. Н.Мақым блогында «Болашаққта журналистика 140 символ ғана болаД дейд…» деп эпиграфқа алған сөзі есіме түсіп тұрғаны.
AL-ASTER
Ия, мен ұмыта беремін. Тақырыпты баста деген параққа қызыл ескертпе сурет қойып қойсаңыз??
asaubota
жаңа пост жазған кезде оң жағында тұр ғой
AL-ASTER
Ия, тұр екен. Түсі қызыл болса, адамның назарын аударар ма еді.
meirzhan
Осы түсінбейтінім, кейбір қолданушылар 8 баллға жетпей, басты бетке шықпай тұрған постқа не себепті кат сұрайды.
madlen
Тек басты бетті оқисың ба? Жаңа посттар дегенді басқанда барлық посттардың тізімі шығады ғой.
meirzhan
ааа, иә, жаңа посттар дегенді баспаймын. Тікелей эфирден Жазбалар дегенді басып көруші едім.
Aigolek
еки жолдан артык пикир жазбайды кем маган кажети жок
a63a1
 һііі
madlen
сен күлме, біз проблемамен күресіп жатырмыз
a63a1
көрініп тұр, сыртқа естіліп жатқансын бас сұғып кеткем просты
asaubota
бір байқағаным көбісі алдымен мәтінді белгілеп алып, сосын қайшыны басады екен. олай емес. алдымен мышкамен керек жерді түртіп, сосын барып қайшыны басамыз.

мысалы мына суреттегідей болуы керек.
asaubota
мына суретті қарамастан бұрын суреттің үстінде жазылғанды мұқият оқыңыздар.
asaubota
сауалнамаға қатыса отырайық жаңа қолданушылар
Nodar
Админ, мысалы мен сіз айтқандай кат қойсам да, жазбам қысқартлмай-ақ қойды.
Соңғы түзету:
Nodar
екі рет істедім, шықпады.
asaubota
қойғаннан кейін жариялау түймесін басу керек
Nodar
Ол сірә ғой, Админ мырза. Қай жерден бастап катка тығылғанын қалаймын, сол жерге қайшыны бастым. Сосын жариялауды бастым. Алғашқы постымнан бері қиналып келемін. Бірнеше рет қайталадым.
asaubota
дұрыс тұр ғой. міне қара: kerekinfo.kz/index/newall/
Nodar
Мен жариялауды басқан соң, бәз баяғынша тұрады жазба. А сілтемені басқанда олай емес.
asaubota
енді сол үшін ғой кат деген. тақырыптар тізімінде кесіліп тұрғаны дұрыс, ал өзінің бетінде әрине толық ашылады. түсінбедің бе әлі?
Nodar
түсіндім енді. Рахмет.
merekeee
Білмейтінмін, бірақ посттардың жарты мазмұны көрініп тұратыны ұнамайтын, қызылордалық інілерім түсіндіргенде түсіндім. Алдағы уақытта бірдеңе жаза қалсақ қоям ғой )
Ал шынында, ана анықтама анық емес, мен оны былай түсініппін: посттың ішіндегі ұзақ мақаланы қысқартады, спойлер сияқты, «жалғасын оқуды» бассаң толық мазмұн ашылады. Көбі солай түсінген сияқты.
Өзім Керекке келгелі онға жетер-жетпес пост байқаппын кат қойылған.