Болашақ жарыма хат

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Болашақ жарыма хат

Ой, жаным!
Білмен, кейін қала ма бұл есіңде:
Тек шатты күн тұрмайды үлесіңде.
Жүзім-сезім — шарасыз.
Отбасы үшін
бізге тура келеді күресуге.
Сен мұны білесің бе, білесің бе?

Ой, айым!
Деуші ем жүгін өзім-ақ көтерер ем,
Ол міндет емес екен жекелеген.
Бір-бірі емес,
қараған бір бағытта,
адамдардың бағы екен неке деген.
Әзірден соған дұға ете берем.

Ой, жарым!
Жан жарым, өзің сөзді көп қумасаң,
Ал мені, көп емес-ау, дөп тыңдасаң…
Тәуір еді қасынып желкемізді,
«Сен осындай шәлкес боп кеттің қашан?»,
Еш жалғаусыз «Ой, жарым!» деп тұрмасам…

Ой, күнім!
Құйрығын ұстасаң да жүз кеменің,
Керек маған үмітті үзбегенің,
Сәл ренжіссек, одан да ушықтырып,
Мендегі кемшілікті тізбегенің.
Басқаша әлсіз жерімді ізде менің.

Ой, гүлім!
Шын сезімін жеткізіп білмес адам:
Үй-жай деп, келмес оған күнде шамам.
Бірақ анық тек сені сүйетінім,
Мәңгілік жақсы көріп күн кеше алам.
...Әйтпесе, үйленбес ем мүлде саған.

Ой, қатын!
Бұл сөзді естігенде орғып қалма:
Бабам айтқан көңілі орныққанда.
«Қыз кезіңде жақсы едің» демейінші,
Кеш қалып, басымдағы сорды ұққанда.
Жаман әйел боп шықпа сондықтан да.

Ой, сәулем!
Кейде-кейде көзіңді тағы алартып,
Сөйлегенде қалдырмай санадан түк,
Ұмытпашы,
сөзіңнің дұрыстығын
жақсы көріп тұрғанда маған артып,
Мені сүйетініңді одан артық.

Ой, әурем!
Сөз емес шығар, бәлки, бұл сіз күткен,
Баста дәурен тұрмайды мұңсыз біткен.
Біріміздің келгенде ашуымыз,
Басқамыз жеңейікші үнсіздікпен,
Көзбен ғана ұғысар тілсіздікпен.

Ой, сәнім!
Беймәлім болашақтың күні – сағым,
Сондықтан осы күннен ұғысамын.
Ойлап қалма, ақылы артылып қап,
Саған ғана айтты деп мұны, сәнім.
Қолды бер! Мен өзім де тырысамын.


Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Болашақ жарыма хат

MERmukhanov

Қазақтың баласы

    Ұқсас посттар

    18 пікір

    Ispek92
    Соңғы абзац өте әсерлі кетті, merekeee бағаңды бер)))
    merekeee
    Исабек, осы Керекте басты бетте тақырыптар тұратын жерде жазбаның жарты мазмұны көрініп тұрады, соны қалай болдырмауға болады? Мысалы, мына өлеңнің «Ой, жаным»-нан ары қарайғысы көрінбейді, сондай ғып?
    qonyrbai
    Ispek92 3 минут бұрын
    Кет… тойыс cut деген нәсте бар, соны «ой-жанымнан» кейін қояйсың. Қалғаны бір қой да көрінбейді.
    Ispek92
    Медеттің айтқаны дұрыс, кейбір юзверлер cut қоймай кетеді)
    Donatello
    Ризамын! Тезірек үйлен енді.
    merekeee
    qonyrbai


    merekeee
    Басқаша белгілесең болмай ма, Медет? «Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле!» )))
    zholantai
    не оттау?
    qonyrbai
    Бауырымыз Тәблиғ Жама'ат діни ағымының белсіз мүшесі боп тағайындалды жақында. Соның поэзияға әсері — осы.
    zholantai
    жетіскен екен :v
    MERmukhanov
    кетіңдер нақ! :)
    qonyrbai
    Мен саған бір хабарлама жеткізейін. 21 іюлде Ордада Назгүл Қожабекованың сабағы болады. Соған Иса мен БалҒұн бірге барады. Міне, осы хабарламаның пәтуасын айт: оттау ма?
    zholantai
    Ғұнның бар екені қуантады :v
    zholantai
    айтпақш, смайликті қалай қоясың?
    e_zhalgas
    поэтикалық құны — жоқ. яки, жаңа ырғақ та, ұйқас та, теңеу де, дым да байқамадым. қай қызды сындыру үшін жаздың, колись нақ?
    MERmukhanov
    қойня ғо, сіңлім)
    VKM
    Мерей, той қашан?
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.