Қош келдім!!!
Барлықтарыңа салем! Мен жаңадан келдім. Шынымды айтсам «www.kerekinfo.kz» сайты туралы бұрын естісем де, онша көңіл аудармап едім, былай қарасам дизайн жаман емес сияқты, бәрі ұқыпты жасалған, басқа сайттарға қарағанда қазақшасы басымырақ, тіпті таза қазақша деуге болады… маған да керегі осы. Өте ыңғайлы және рейтинг бар, әйтеуір әдемі, сапалы жазуға, неше түрлі жаңа жобаларды ашуға тырысасын. Мен енді бұрын да блог ашқанмын, жаңа ғана www.yvision.kz сайтынан осы сайтты бір коментатор есіме түсіріп, бірден тіркелдім, ұзағынан болсын деймін, ай осында мен қош келген сияқтымын! Негізінде өз басыма ойымды қазақша жеткізген ыңғайырақ орысшаға қарағанда. Өзімді керемет блогермін деп айта алмаймын әзірге, оны уақыт көрсетер. Болашақта өзімнің посттарымды 3-4 платформаларға бірдей жариялауға тырысамын және әрине оның ішінде осы блогплатформа да болады.
Алғашқы қадам құтымен болсын!
— , тойымсыз пенденің жалмауыздығының нәтижесінде іші жүрмей нәжісіне уланғанындай сипат көбейіп кетті емеспе? (Уран, цезий деп кете береді)
Сұрақ: мектепте осылай үйрете ме?
Қолдана бермейді, ереже бар, соған сай болу керек. Төртке оқыған баланың мұндай элементарно нәрседен қате жіберуі мүмкін емес.
Менің мектепте солай үйрете ме деп сұрағаным, өзіңді сауатсыз деу емес. Жас буын деп айтуым да тегін емес. Қазір мектепте солай үйретеді-ау деп топшылап жүрмін, әйтпесе бірлі-жарым емес, көбі солай жазады.
Жеке басыңа қабылдамағын, тағы айтам, жалпыға қарата айтқаным
Шыны керек, мен ужы ереже өзгерген екен деп ойлай бастаған ем, тағы да рахмет
Енді Мейіржан да ескерер, жоғарыда жазылғандарды оқып, түсінер
Мейіржанға жаман тиісетін болыпсың, арты жақсы болсынСол кісіге дәлелім аз болып қалған-ды, дәл осы тақырыпта
әйтпесе менде соңғы кездері күманға кетіп жүр едім, қазіргі талаптармен солай жазылады екен деп.