Қош келдім!!!

Барлықтарыңа салем! Мен жаңадан келдім. Шынымды айтсам «www.kerekinfo.kz» сайты туралы бұрын естісем де, онша көңіл аудармап едім, былай қарасам дизайн жаман емес сияқты, бәрі ұқыпты жасалған, басқа сайттарға қарағанда қазақшасы басымырақ, тіпті таза қазақша деуге болады… маған да керегі осы. Өте ыңғайлы және рейтинг бар, әйтеуір әдемі, сапалы жазуға, неше түрлі жаңа жобаларды ашуға тырысасын. Мен енді бұрын да блог ашқанмын, жаңа ғана www.yvision.kz сайтынан осы сайтты бір коментатор есіме түсіріп, бірден тіркелдім, ұзағынан болсын деймін, ай осында мен қош келген сияқтымын! Негізінде өз басыма ойымды қазақша жеткізген ыңғайырақ орысшаға қарағанда. Өзімді керемет блогермін деп айта алмаймын әзірге, оны уақыт көрсетер. Болашақта өзімнің посттарымды 3-4 платформаларға бірдей жариялауға тырысамын және әрине оның ішінде осы блогплатформа да болады.

Әрі қарай