Еркек арманындағы әйел бейнесі
«Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды» демекші, әрбір еркектің жүрегінде өзінің өміріне өң берер бұрымдысы болатыны әмбеге аян.
Осы орайда ғалымдар әлем бойынша ауқымды зерттеу жүргізіп, нәтижесі бойынша еркек кіндіктілердің қандай қыздарды жақсы көретінін анықтағандай болды.
Өмірлік серік іздеп жүрген 70 мыңнан астам еркек аталған зерттеу сұрақтарына ойлану үшін көп уақыт жұмсапты. «Талғамға талас жоқ» демекші, әрбір ер-азаматтың пікірі әр түрлі болды. Дегенмен, көпшілігінің өз аруына деген сипаты бір арнада тоғысты.
Ақыры қаншама азаматтың іздеген қызының түр-кескіні де анықталды. Олардың талғамына – көзі көгілдір, шашы ұзын және сарғыш түсті, бойы 172 см, салмағы 60 кг тартатын қыздар сәйкес келді. Олар көзіне анда-санда ғана көзәйнек киіп жүреді. Сонымен қатар, баласы жоқ, өзінің жеке тұрғын үйі болуы керек. Бөріктілердің ойынан шыққан қыздың үй шаруасына мықты болғандығы да қаперге алынады. Бірнеше жігіттің үмітін үкілеген арулардың тағы бір ерекшелігі – олар жан-жануарларды жақсы көріп, клубқа барғанды ұнатуы қажет. Бәрінен де ең басты талап – темекі тартпауы керек.
Бұл әлем еркектерінің көзқарасы. Ал, қарғатамырлы қазақтың қарадомалақ жігіттерінің армандаған бұрымдысы қандай екен? Осы мәселе аясында біз бірнеше азаматтардың ой-пікірін білдік. Нәтижесінде, олардың талғамына шашының түсі қара, қос бұрымды, қарақат көз, көзәйнек тақпайтын қыздар сай келеді екен. Қазақ жігіттерінің «Қыздардың тән салмағына емес, мінезінің салмақты болғанына, бойының биіктігіне емес, ойының биіктігіне қараймыз» деген сөзі қуантты.

Қай ғалымдар? Қай еркектерден? Қанша еркектен? Жалпы, ресурс қайда?
Бір пост болып еді ғой,49 ерекшелік туралы. Фантастикалық талғамдар болған
Қазақ жігіттеріне бәрібір, темекі тартса тарта берсін, әйтеуір ойы биік болса болды…
сене алмай отырмын…
Көп байқайтыным, қазіргі кезде қыздардың "құтқарушысы" — ол түр-тұлғасы емес, дене бітімі емес, мінезіне келіп тірелетін сияқты.
Сіз де тақырыпқа сай ойыңызды қосыңызшы, мақалам екінші бетке жетпей тұрғаны
Нойнцейн Нойнцейн Фюнф Цвей Цвей Нойнцейн Дрей Фио.
Біріншісін әлем еркектері емес, нақты АҚШ немесе Еуропа еркектері деп айту керек. Мынаған байланысты:
Және де зерттеуді кім жүргізгені анық емес, демек күмәнді.
Ал екінші дерекке келер болсақ, ауызекі 5-6 адамнан сұрастыру арқылы жасалған. Сондықтан бүкіл қазақ еркектерінің талғамы осы деп айтуға болмас, зерттеу ауқымды жүргізілмеген. Бір типтес адамдардан сұрастырылуы мүмкін. Пайыздық деректер жоқ.
…
Және тек қана "қазақ, қазақ" деп шектелмеу керек меніңше. Осы арқылы біз қазақ тілді материалды тек қазақ оқитынын, яғни қазақ тілінің ауқымы тар екенін көрсетеміз, және қолданыс аясын тар қыламыз. Қазақстанда қазақтар ғана тұрмағандықтан және мемлекеттік тіл қазақ тілі болғандықтан "қазақстандықтар үшін, қазақстандықтарды ескеріп жазу" керек. Осы постты қазақша білетін өзге ұлт өкілдеріне егер өзінің ұлты мақалада қарастырылмаса, мақала қызықты, өзекті емес болады. Сырт айналуы мүмкін.