Соңғы көш (бірінші бөлім)
Сержанмен таныстырған жазбадағы коменттерден кейін ұққаным: қазақ тарихындағы үлкен оқиға, 1962 жылы Қытайдан қазақтар көшіп келген соңғы көш туралы көп біле бермейді екенбіз. Менің де білетінім көп емес, бқл тақырыпты арнайы қарастырған адам емеспін. Тек оқығаным мен естігенім ғана. КерекИнфо болар, бөлісе отырайын.
Көп естимін: «оралмандар деген ол сатқындар, кезінде жұрт аштықтан қырылып жатқанда малын алдына салып, өз қамын күйттеп қашып кеткендер, оңбағандар» дегенді. Бұлай айтатын адамдар өздерінің білімсіздігін «жирный» қолтаңба қойып мойындап отырғандар.
Моңғолия, Түркия, Үнді асып кеткен қазақтар болмаса, Қытай мен Өзбекстандағы қазақтар өздерінің ата қоныс, кіндік қаны тамған мекендерінде отырғандар. Қытайдағы қазақтар кезінде Абылай ханның саясатымен, қытайлардың жоңғарлардан босатқан жерлерін қоныстанып, ХІХ ғасырдың сексенінші жылдарында Ресей империясы мен аспан асты елін қазақ жерін бөліп алғанда сол отырған мекендерінде қалып қойғандар. Өзбекстандағылар ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында кеңес үкіметі Өзбекстан мен Қазақстанның арасындағы шекара сызығын белгілеген кезде сол жақта қалып қойғандар. Негізінен алғанда, енді.
Екінші бір жартысы, әрине, 1928-33 жылдар аралығынлда кәмпескеден, аштықтан қашып, босып барғандар.
Менің өз аталарым, нағашыларым өз жерінде отырғандар, ал әжем малын айдап арғы бетке көшкен байдың қызы.
Оралмандарды жақтырмайтындар айтады: «біз мына жақта аштықтан қырылып жатқанда, ерлеріміз соғыста қырылып жатқанда, тың игеріп терлеп жүргенде олар ана жақта рахат өмір сүріп, содан кейін келе салып, біз жасап қойған нәрсеге ие бола салды» деп. Жоқ, ағайындар, олай емес. Қытайлар қазақтарға тыныштық беріп, өз билігін өзіне беріп қойып, рахааааат өмір сүргізді десеңіздер, қателесесіздер. Оспан батыр туралы тарихты, Қ. Жұмаділовтың романдарын, Қажығұмар Шабданұлының "Қылмыс" романын оқығандар біледі, Гоминдаңы бар, секіріп аттауы бар, тағы бірдеңелері бар, ең соңғы ішкі Қытайдағы жұрт қырылған аштыққа дейін, қазақтарға қарсы бағытталған «движениелер» көп болған. Және Қытайдағы қазақтар қырылып қалмай, 1956 және 1962 жылдары елге келсе, қазір де ақырындап қайтып жатса, ол біздің халқымыздың тап таза геноцидтен аман қалған, көрер жарығы бар өміршеңдігінің арқасында деп білу керек. Қазақтың, қай жерде жүрмесін, тағдыры бір болған!

Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресейде — ирреденттер. Басқа мемлекеттегілер — диаспоралар.
Шетелдегі қазақтардың басым бөлігі (нақты ұмытып тұрмын 80-90 пайыз болу керек) ирреденттер. Так что қиындықтан қашты деуге негіз жоқ. Өз жерінде тұрып жатқандар.
Алайда кеңес үкіметі кезеңінде оларды ирреденттер деп атамады, халықаралық қатынастарды шиеленістермеу үшін және ұлттық мәселені көтермеу үшін.
Алдағысы келіп емес, өз пайдасын ойлап тұратын шығар, а?
Сосын сенің фамилияң ұзын,қытайша қысқа псевдоним ал деп,қанша бас қатырды. За то орыс тренерлер келіп,құттықтап жатты.Шын көңілменАл қытайлар бетіңе күліп,өз саясатын жүргізіп тұрады.
Так и есть