Адамзат баласы 7 млрд-қа да жетті!

Осыдан 10 жыл бұрын 11 сыныпта оқып жүргенде адам саны 6 млрд-қа жетті деп малақайымызды аспанға атқан едік. Сол уақытта географиядан әр 11 жыл сайын халық саны 1 млрд-қа өсіп отырады деп. Содан бері 10 жыл бойы халық санының тағы 1 млрдқа өсуін он жыл күткен едік міне бүгінгі 31.10.2011 жылы 7 млрд-ыншы баланы дүниеге келді. Бірақ 6 млрдқа өскендей қуаныш сезімі жоқ сияқты. Оның нендей себептен екенін білмеймін.
Бөлісу:

85 пікір

araika
әр 11 жыл сайын
осы жерде қателесіп кеттіңіз бе, мен түсінбей отырмын…
izbasar
1 млрд-қа өсу керек.
satibaldi
Адамзат баласы 7 млрд-қа да жетті!
О, қасіреттен көз ашпаған Жер-Мақан!!!
izbasar
1 млрд жалмауыз дегің келеме?
satibaldi
Ештеңе дегім келмейд, жоғалш нақ.
satibaldi
Уа Жер-Мақан, кешір төсекқұмар пенделеріңді!!!
satibaldi
О, Жер-Шешей, кешір, кешір сорыңа жаратқан жәндіктеріңді!!!
izbasar
Шешең алдындағы кінаңнан ақталу үрдісі. Жердей сабырлық берсін сағанда.
satibaldi
О, Жер-Ана, кешір тоқырауға ұшыраған латекс өндірісін! Кешір, бер, бер жазаңды!!!
AKY
латекс
Әлгі, математикалық формулалар жазатын программа ма?
satibaldi
Иә, дәл өзі, қалдығынан презерватив жасайд сосын.
satibaldi
Бірақ 6 млрдқа өскендей қуаныш сезімі жоқ сияқты.
Неменеңе жетісіп қуанып едің оған?
izbasar
Сен сұрасын деп шатыпалды.
meirzhan
Бұрын 6 млрл. адам деуші едік сөз арасында статистиканы келтіргенде, енді 7 млн. дегенге үйрену керек. :)
satibaldi
енді 7 млн. дегенге үйрену керек.
Ондай бақыт қайда, шырағым-ау…
Nurgisa
Иә, адамзат қалай күрт кеміген десейші… денсаулық — зор байлық!
izbasar
7 млн-нан қайта бастаса, онын 56999 мыңы қазақ болса!
meirzhan
:))) 7 млн. болуынан Құдай сақтасын дейін десем, адам санының тым көп болуы да жақсы емес. Дегенмен де Құдай сақтасын дейін, күрт кему жақсылықтың нышаны емес. Себебін болжаудың өзі қорқынышты!
satibaldi
О, құрсағы қарс айырылған Жер, кешір «Фармация» Акционерлік Қоғамын контрацепция өндірісін ақыры жолға қоя алмаған!!!
meirzhan
Үлес қосқан Азия, Африка, Латын Америка елдерін кешсін. )
izbasar
Кемітіп жатқан Еуропа үшін кешірім сұрар едім.
meirzhan
Жерден???
izbasar
иа, бедеу Еуропадан сақтасын.
meirzhan
Жер Еуропаға керісінше рахмет айтар. Демографиялық тұрғыда тым болмаса.
izbasar
Еуропаны бедеулігі Африкалықтарға жақсы болар түбі.
Nurgisa
Франциядағы эммигранттардан сұра, күмәнің толық сейіле қоймаса ;)
izbasar
Күмәнім жоқ! қазірдің өзінде процес басталып кетті. Болашақта Францияның перезиденті араб болса таң қалмаймын!
Nurgisa
Францияның перзенті де, презенті де, сыртқы қабы брезенті де өзіміздің қарадомалақтар. Сарықозы аман болсын :)))))))
izbasar
Ертедегі ғұнның тұқымы немесе Айдабол дегеніңбе.
Nurgisa
Айдабол
анайылау естілетіні болмаса, былай, футболдың ар жақ, бер жағы ма деп қалдым.
izbasar
Қазақтың руы ғой, арғыннан тараған оның балаларының бары қозылар. Сарықозы деген соң бабасының таын қойған ба деп сұрағаным.
nurbergen_makym
Африка болғанда, олай да емес шығар…
izbasar
Шүкір, Джунглиде свет жоқ!
nurbergen_makym
Сәтпаев қаласында нормальны пибнушкі жоқ, онда!
Nurgisa
Сәтпаевқа ұстаған әбидісінің түрін :) :) :)
meirzhan
2009 ж. 23 тамыздағы АҚШ баяндамасы бойынша 7 млрд. адам 2012 жылы 18 қазанда болуы керек болған.
Африкада 2009 ж. 1 млрд. адам есептелді. 2050 жылы 2 есе көбеймек.
Африканы Жер-Ана бірін-бірі аяусыз қырғаны үшін де кешсін деп суұраулары керек сияқты.
Латекс өндірісі демекші, Африкада басқа әлеммен салыстырғанда латекс өнімдерін 50 пайызға аз пайдаланады екен.
omarbirat
Базбір сайттарда жеті миллиардыншы адам Ресейдің Калининградында дүниеге келіпті деп жатыр. Тағы бір дереккөттердің мәліметінше, Ресей емес, басқа жерде-міс.
Адамдардың 7 млрд болғаны жақсы ма, жаман ба?
Nurgisa
БҰҰ Филиппинде туылды деп мәлім етті. 7 миллиард ауыз үшін ауыз толтырып айтарлық тығарлық азыққа мұқтаждықты өтеу басты мәселенің бірінен деп білем.
Шіркін, адамды арман қанаттандырады ғой. Сол жеті миллиардтың бір пайыы керекинфоның кәусар тұнығынан нәр татса деп қиялдағың келеді. Әрине, сервер көтерсе… Керек инфоның ғаламдық ауқымдағы тұнығынан қанып ішер едік. Эхх, Аршат, Аршат…
izbasar
Жер 12 млрд адам асырауға қауқарлы екен!
a63a1
одан кейін, жер өз осьінен ауытқып кетеме екен?
izbasar
Адам салмағынан дейсіңбе, жауыздығынан дейсіңбе?
a63a1
Ауырлығынан дим
Nurgisa
Былтырлары интернетті ғаламдық флешмоб жасауға талпынғандар болған. Жылдың атаулы бір күнінде, межелі сағат: минутта ғаламшардағылар бір уақытта секіруі керек болатын ойластырылған идея бойынша. Сонда жер артқа қарай үш мәрте сальто тастап ондай жүкке тойтарыс бере алмай, өз осінен ауытқуы тиіс-міс. Аталарының басы. Ottegin Оттаған еді…
izbasar
Абзалдын айтуынша енді бір 4 он жылдыктан кейін жер орбитасынан таятын көрінеді. Онда флешмобтың қажеті шамалы болар.
a63a1
менің ойымша Жер ол су тазалағыш ғимарат дәрізді, жаңа туған бала таза су, ол өсе келе канализацияға түседі, тойыс өледі сосын оны қайта тазалап қолданысқа жібереді. Міне осылай.
izbasar
Вторичные переработка дейсіңбе. МЛНдаған жыл керек емеспе Абзеке!
a63a1
Динозаврларда солай ойлаған бұқақақақақ)))))
izbasar
Онда аспаннан күтейік!
nurbergen_makym
Қарасыз күнҚарасыз күн
Nurgisa
Ахтунг! Суреттер тітіркендіруі мүмкін. Жүрегі нашарлар мен тым сезімталдар қарамай-ақ қойғаны дұрыс (енді мейлінше көбірек адам қарауы үшін дұрыс айта алдым-ау деймін, Нұреке;) )
izbasar
Тоқ жүргенің құрысын қазақтың басындада болды ғой!
konvict
Мына суретті көріп отырып бұндай елде туылмағаныма қуанамын. БІрақ көібіс мен шамалас екен :*)
izbasar
кұдай сақтасын туылсанң қалай нан тауып жер ең?
satibaldi
Сол жеті милардыншы бала @balzaminka тұратын кварталда туылса таң қалмайм, нақтың.
balzaminka
бұл халық келер жылы біздің көршіні басып озамыз деп отыр, несін айтасыз
asaubota
әр секунд сайын 5 бала дүниеге келеді екен. жеті миллиардыншы анда туды, мында туды қыршыған әңгіме. нақты айту мүмкін емес қай баланың жеті миллиардыншы екенін.
konvict
Тіркелгені бойынша анықтаған шығар. Ал, шын мәнінде 7 млрд-шы бала Джунглиде қандай да бір тайпада туылуы мүмкін
Dinara
мына жерден жұрттың бәрі нешінші адам болып туылғанын есептеп жатыр ғой :)
www.bbc.co.uk/russian/multimedia/2011/10/111028_7bil_app.shtml#output_1
patick
Енді азайту шаралары қолданыла бастайды, иттұмауынсс
Zhan
адам көп пе, аз ба, бұл құдайдың шаруасы. Жер бәріне жетеді. ол тек тойымсыз, «аштарға» жетпейді. а так қазақтарға 7 млрд деген саннан келіп жатқан зиян мен пайда шамалы
Nurgisa
Басқалардың миллиардтары өздерінде ресурс жетіспеушілігінен азсанды бізге аларатыны болмаса…
Zhan
Аларып, аларып болған шығар. Осылай аларудан қай елдің бағы ашылып кетер екен?
izbasar
кӨРШІ ҚЫТАЙ СЫҒЫРАЙЫП ҚАРАП ОТЫР. шЕГІР КӨЗІҢ ОЛ КІРІП АЛЫП СОРЫП ЖАТЫР. еНДІ КІМ?
Onlasyn
Жер бетіндегі адам саны 7 млрд-қа жетті. Бірақ бүған еуропалықтардың үлесі шамалы деседі
izbasar
Әрине бедеулер көп дейді ол жақта.
Dinara
Осы 7 миллиард адамның 1,5 млрд аштықта, 4 млрд жоқшылықта өмір сүріп жатыр екен...Әлемде тек 34 млн ғана адам миллионер. (бір жердегі пікірлерден оқығаным)
izbasar
Ақиқат болса жақсы мәлімет екен!
Zere
Мен кейде ойлайм да, әсіресе алыс сапарға шыққанда Қазақстанның қаншама жері бос жатыр, игерілмей. Қытай болса сол жердің бәріне егін егіп, не басқа нәрсе жасап, пайдаланатын еді. Әйтеуір жер бар, бірақ аса пайда жоқ сияқты. Тіпті картада да батпандай орын алып тұрсақ та шетелдегілер бізді танымайды.
nurbergen_makym
Зере, мәселен, картада баттию жағынан бізден кейін тұрған Суданды қаншалықты танисыз?
Zere
Сол айтып тұрмын ғой, көп жер қажет емес сияқты. Бастысы сапалы адамдар. :))
nurbergen_makym
Сапалы адамдар?!?
Мұрнының астын контурный карандашпен сызып алып жүретін бір шалдың сөзіне есіме түсіріп жібердіңіз…
Бәлкім, саналы дегіңіз келген болар?)))
Gastarbaiter
кей адамдар кулкынын тыйса, 20 млрд адамга да жер де тамак та жетед. Бирак мунай жогалса, оркениетты алемнын жартысы кырылып, жартысы темыр гасырга кайта оралады.
nurbergen_makym
Енді, бұл — утопия, нақ!
konvict
Меніңше ең бастысы халық тұтынатын тауар шығару керек деп ойлаймын.
izbasar
Өндіруші елден, өңдеуші елге айанлу керек. Былайша айқанда үдемелі индустриялы инновацияны дамыту керек! ТҰРАТАН
izbasar
Сонда ата-бабаңның қан кешіп қорғап мұрпа қылған жерін шети елдіктерге беруге қарсы болмағаныңба?
Zere
Еркектік логика: өзіңе емес, өзгеге де емес. ))) Мен қарсы/қарсы емеспін деген жоқпын, жай ойымды айттым.
izbasar
Ойыңарты не? алде робот сияқты программаланған жансыңба?
izbasar
Оны игеретін адам саны аз. Сосын бізді орыс жалқау қылып тастаған десем ренжитіндер табылар. Аузыңды ашып отырсаң бір күні келер қысық көз.
Gulistan
Жаңа тұрғын дүние келіп жатқанда, Атыраулық Бауыржан Сұлтанғалиев өз өмірін қиды.
Яғни бір адам дүниеге келіп жатқанда, бірнеше адам өліп жатпай ма?!
Бұл статистикаға сенбеймін.
nurbergen_makym
Сіздің пайымға салсақ, адамзат Адам ата мен Хауа анадан тараған зәузаттың үшінші-төртінші ұрпағына жеткенге дейінгі саны әлі күнге сақталып қалуы тиіс еді. Бірақ, өкінішке орай, біз кеше 7 млрд.-қа жеттік…
nurjanbay
женская логика:
«6 999 999 999» +бір -бірнеше ≠ «7 000 000 000»
:)
izbasar
Халывқтың табиғи өсімін тежегіш!