Қартайтпайтын һәм жасартатын «әбілхаят суы» қашан пайда болатыны туралы

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ — Адам баласын қартайтпайтын құдірет ойлап табу — бүгінгі ғылымның бас ауыртып отырған мәселесі. Өзекті жанға бір өлім барын біле тұра, ұзақ ғұмыр сүруден үмітті адамзат «мәңгілік өмір» кілтін іздеу жолында тер төгуін доғармақ емес. Барлығының іздегені де, көксегені де бір — қартайтпайтын һәм өлтірмейтін «әбілхаят суын» ойлап табу.
Бұл бағыттағы ғылыми ізденістерге Астанадағы Назарбаев университетінің «Өмір туралы ғылым» орталығы да белсенді түрде араласып келеді. Оның тұңғыш жемістері мен соңғы заманауи жетістіктері жайлы сайт тілшісіне «Өмір туралы ғылым» орталығының бас директоры, хирургия профессоры Жақсыбай Жұмаділов әңгімелеп беруге өз ықыласын білдірген болатын.
Әрі қарай

Адамзат баласы 7 млрд-қа да жетті!

Осыдан 10 жыл бұрын 11 сыныпта оқып жүргенде адам саны 6 млрд-қа жетті деп малақайымызды аспанға атқан едік. Сол уақытта географиядан әр 11 жыл сайын халық саны 1 млрд-қа өсіп отырады деп. Содан бері 10 жыл бойы халық санының тағы 1 млрдқа өсуін он жыл күткен едік міне бүгінгі 31.10.2011 жылы 7 млрд-ыншы баланы дүниеге келді. Бірақ 6 млрдқа өскендей қуаныш сезімі жоқ сияқты. Оның нендей себептен екенін білмеймін.
Әрі қарай