Сол баяғы "вакуумдық үй жылыту радиаторы" жайлы...

Мына жерде — біраз пікір талас жүріпті. Керекшілер, сендерде ойларыңды қосыңдаршы. Қарағандыда сатылып жатыр екен, барып көріп, танысып ой жазатын пенде барма арамызда?
Жаңа үйімнің жылу жүйесіне қолдансам деген ойым сан саққа жүгіріп шаршатып жіберді…
bk
Бөлісу:

11 пікір

KILYZAMAN
Қарағанды қаласындағы мына мекен жайдан /Ержанова 18, каб. 9/ барып көре алатын Керекші барма арамызда? Мені қызықтырып отырғаны қолданыстағы тағдыры осы технологияның. Көрсетілген адрестегілер осы батареяны сатушылар.
a63a1
мен бар
a63a1
батарея керекпе?
KILYZAMAN
Алдын ала Рахмет! Бауырым, осы технологияның қыр-сырын болашағын ұғынуға көмектесші. Естуімше, Қытайлар жасап шығарып жатыр екен. Қарағандылықтармен телефон арқылы сөйлесіп толық мәлімет ала алмадым. Қойған сұрағым қолданушылардың(батареяны сатып алғандардың) пікірі еді… Зауыт кепілдігі 30 жыл бола тұра импортерлер 1,5 жыл кепілдік беретінін де түсіне алмадым…
a63a1
жаңағы адреспен барып мән жайды біліп қайтамын уақыт болғанда
sammita
телефон арқылы сөйлесіп толық мәлімет ала алмадым
былай… сұрақты түсінді ме?
KILYZAMAN
Орындарында сен болсаң, расында түсінбес едің...:-)
serjan
Мына әдісті де пайдаланып көр.
KILYZAMAN
Бұл әдістің сумен жылытатын түрін таңдап қойдым: Ас бөлмемен жуынатын және дәліз(прихожая) бөлмелеріне, үйлестіру жағын әліде ойлаудамын(автономдылықты қарастыру керек). Ал аталмыш батареялар екінші қабат пен мансардқа және қонақ бөлмесі мен залға тым қажет нәрсе сияқты.
satibaldi
Жаңа үйімнің жылу жүйесіне қолдансам деген
Ааа, Батыстағы жарылқаушыларың есеп айырысты ма? Санасын бәдіктенуден тұман басса да, тоқ кәрілігін ойлап, капиталын оңтайлы орналастыруын қара мұның!
Жәә, аздап күте тұр, жетеміз біз де…
Анталаған ішпиендер, нақтар кілең!
KILYZAMAN
Жетем дегенше, желкеңе сақ болсаңшы…