Айхай дәурен, аңғал досым-ай...

Түні бойы ұйықтай алмай шықтым. Түсіме қайтыс болған кластасым кіре берді. Құран оқытамын-ау деймін…Марқұмға құран бағыштайтын да ешкім жоқ шығар…
10-11ді Балқашта оқыдым. Класта есімі бірдей екі бала болды. Бірін “Ұзын Алмас”, екіншісін “Карибаев Алмас” дейтінбіз. “Біздің атымыз бірдей емес. Мен Алмазбын, анау Карибаевтарың Алмас” деп ұзыны дауласушы еді. Ұзынымен қатты араласып кеткенім шамалы. Кәрібаев екеуміз Балқаштың бір шетіндегі жер үйлер жағында бір маңайда тұрдық. Екеуміздің қызығушылығымыз, біраз ұқсастығымыз бартын. Алмас футбол десе жанын беретін. Көшеде футбол ойнағанда бір-бірімізбен ойынымыз үйлесіп жататын. Алма қайтыс болғаннан кейін ешкіммен де футболды сәтті ойнай алмадым. Келе-келе ойнауды мүлде қойып кеттім. Осы футболқұмарлығымыз арамызды ашып жібере жаздады. Бірақ, қалай екенін білмеймін, қайта достасып кеттік. Бала кезде адам кекті қатты көп сақтамайды екен ғой қазір қарап отырсам… Бір күні Сәкен Сейфуллин атындағы қалалық кітапханадан Несіп Жүнісбайұлының “Мексикадағы футбол тойы” деген кітабын алдым. Жата-жастана оқыдым. Алмас екеуміз атақты футболшылардың суретіне қарап, ағамыздың әдемілеп жеткізген әңгімесінен олардың ойынын көргендей әсер алдық.
Әрі қарай

Сол баяғы "вакуумдық үй жылыту радиаторы" жайлы...

Мына жерде — біраз пікір талас жүріпті. Керекшілер, сендерде ойларыңды қосыңдаршы. Қарағандыда сатылып жатыр екен, барып көріп, танысып ой жазатын пенде барма арамызда?
Жаңа үйімнің жылу жүйесіне қолдансам деген ойым сан саққа жүгіріп шаршатып жіберді…
Әрі қарай