әрине. белгілі бір тұлғалардың «көмегімен» ресурстарға толы мемлекетке түрлі сылтаулармен әскерін кіргізеді (демократия орнату, өз халқына қарсы терракттар жасау сияқты), әскери техниканы сол соғысқа итермелеген тұлғалардың мекемелері жеткізеді, ресурстарды игеруді де солар жүзеге асырады
кейін, сол баяғы елдің халқын бағындыру үшін несиеге ақша береді
вопщым заговор ше
Қарулы күштерімізде техниканың бәрі ескі, кеңес одағынан қалған деп көбісі ренжиді. Бірақ, бір корбальдің өзіне қаншама қаржы кетеді. Біздегі Әскери теңіз күштеріне Оңт Кореядан үш кеменің өзін әрең алып келген…
осы туралы алған сұхбатымнан қысқаша үзінді
21814 әскери бөлімінің командирі, капитан Құсайын Умаров,
Оқырмандарға кемелерді қалай жеткізгендеріңіз туралы толығырақ айтып берсеңіз?
– Кемелерді ірі жүкпен Түркияның Пендик портына әкеліп жеткізді. Онда экипажды дайындадық. Пендиктегі оқу орталығында кемені басқарудан сынақ тапсырып, түрлі курстардан өттік. Түркия республикасының басшылығы бізге тиісті бағасын қойған соң, біз Босфордан өтіп, Қара теңізге, Азов теңізіне, Волгадон каналынан Астраханға өтіп, Каспийге келдік. Каспийден Ақтау қаласының портына келіп жеттік. Біздерді жоғары жақтағы басшылық күтіп алды. Кемені елге жеткізуге шамамен бір айға жуық уақыт кетті.
Мен «Шапшаң» кемесінің командирі болдым. Ол кезде аға лейтенант болатынмын. Бізден басқа, «Батыл», «Өжет» шағын күзет кемелері де жүзіп жетті. Біздерді жорық командирі болып 1 дәрежелі капитан Жандарбек Жанзақов бастап келді. 2006 жылы Кореядан әкелінген кеменің командирі лауазымында болдым. Сол кезде кемелерді елге аман-есен жеткізген ерлігімізді әлі күнге сағынышпен еске аламын. Біздің кемелер көптеген құрлық әскерінің командалық-штабтық оқу-жаттығуына, Әуе күштерінің, Каспий жағалауындағы мемлекеттердің, оның ішінде Ресейдің қатысуымен өткен іс-шаралардың бәрінің басы-қасында болды.
«Шапшаң», «Батыл», "Өжет" атты үш кемені жеткізудің картасы