Алтайдың ар жағына кеткен ару
Арман Тұрдалиев деген азаматтың Премьер-министрдің блог-платформасына жолдаған хатын оқыған боларсыздар. Хаттың мазмұны: өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан немесе некесін қиған Қазақстан азаматы міндетті түрде азаматтықтан айрылуы тиіс. Соны заңдастыру қажет. Алайда, Арман алаңдап жатыр екен деп, қалыңдықтар бас қатырып жатқан жоқ. Керісінше, шетелге ұзатылғандар саны артып жатыр екен. Мысалы бізде (Ақт- авт.) былтырмен салыстырғанда, аралас некеге отыру 36 пайызға көбейген.Күйеу балалар- Ресей, Өзбекстан, Германия, Түркия, Қытай, Австралиядан. АХАЖ-дағылар қазақстандықтар арасындағы некеден гөрі шетелдіктермен құрған отбасы берік болады дейді.
түсінбедім. бұл жерде қыз және еркек үшін айтып тұр ма? әлде тек қыздарға қатысты ма?
Әртүрлі ұлт өкілдерінің арасындағы некенің нәтижесінде туындайтын генетикалық, психологиялық, менталитеттік, қалаберді өмірлік ұстанымдардың қайшылықтары туралы айтылуының кемі жоқ. Десек те, сананы тұрмыс билейтін ұстанымның өзектілігі артып тұрғанда бұл үдерісті тоқтату қиынға соғады деп білем…
Арман Тұрдалиевтің жазбасына "өзіме бұйырмаған бақ, басқаға да бұйырмасын" деген сасық ойдан туындаған шатпақ деп қабылдадым.
Ал, жалпы мәселеге кеңінен қарасақ, көршілес Қытайда, бала санына шектеу қойылуына байланысты алдағы онжылдықта еркек кіндіктілердің саны нәзік жыныстыларға қарағанда анағұрлым арту тенденциясы басым дегенді оқығанмын. Соған қарағанда қазір әрбір үйде қытай тауарының болуы заңдылық болғаны сияқты келешекте әрбір отбасында жоқ дегенде «бір қытайлық жиеннің» болу мүмкіндігін де жоққа шығара алмаймын.