Алтайдың ар жағына кеткен ару

Арман Тұрдалиев деген азаматтың Премьер-министрдің блог-платформасына жолдаған хатын оқыған боларсыздар. Хаттың мазмұны: өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан немесе некесін қиған Қазақстан азаматы міндетті түрде азаматтықтан айрылуы тиіс. Соны заңдастыру қажет. Алайда, Арман алаңдап жатыр екен деп, қалыңдықтар бас қатырып жатқан жоқ. Керісінше, шетелге ұзатылғандар саны артып жатыр екен. Мысалы бізде (Ақт- авт.) былтырмен салыстырғанда, аралас некеге отыру 36 пайызға көбейген.Күйеу балалар- Ресей, Өзбекстан, Германия, Түркия, Қытай, Австралиядан. АХАЖ-дағылар қазақстандықтар арасындағы некеден гөрі шетелдіктермен құрған отбасы берік болады дейді.
Әрі қарай

Қостанайда күйеуі қалыңдығынан 44 жас кіші жұп некесін қидырмақ

(35.96 Kb, 468x286)

Қостанай. 31 наурыз. Kazakhstan Today – Қостанайда 19 жасар жас жігіт және 63 жастағы әйел үйленуге бел буды. Бұл туралы агенттік корреспондентіне қалалық АХАЖ бөлімі хабарлады.

Қалалық АХАЖ бөлімінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 2 сәуірінде облыс орталығында 19 жасар Сергей Кулишов пен 63 жастағы Татьяна Нефедовалардың некесі қиылатын болады.
Әрі қарай